- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ мен «Қазақстандық медициналық туризм қауымдастығы» арасында медициналық туризм саласындағы МВА, ЕМВА, DBA бағдарламалары бойынша қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор Шәркүл Таубаеваның 75 жылдық мерейтойына орай, «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогтардың зерттеу мәдениетін дамыту: тәжірибе және инновация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға белгілі ғалымдар, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподақ ұйымы дәстүрлі есеп беру конференциясын өткізіп, өткен жылдағы жұмысын қорытындылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері білімі мен шығармашылық әлеуетін пайдалана отырып, ғылыми жобаларды батыл қолға алуда. Солардың бірі – механика-математика факультетінің 4-курс студенті Роза Байшапанованың стартап командасы. Олар репетиторлар мен оқушыларды интернет арқылы бір алаңға жинап, оқытуды ұйымдастыруға көмектесетін OQU-платформасын ойлап тапты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Аймақтану. Орталық Азияның саясаты, экономикасы және мәдениеті» атты қысқы мектебінде орыс тілін үйреніп жатқан жапониялық студенттермен университет басшылығы кездесу өткізді.

ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде. Кітапхана қорын толықтырып, жастардың рухани танымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған шараға келушілер ғылыми еңбек, оқу құралы, көркем әдебиет, қолжазба және басқа да құнды басылымдарды сыйға тарта алады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жібек жолы университеттері желісінің 8-ші Бас Ассамблеясы барысында Орталық Азияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беру: стратегиялар, тәжірибелер, ресурстар» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев 8-ші Бас Ассамблея және Жібек жолы университеттері желісі (Silk Road Universities Network) Директорлар кеңесінің отырысына қатысуда. Ауқымды шара Дубай қаласындағы Канада университеті базасында ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде танымал блогер, қоғам белсендісі, тележүргізуші, экономист Мұқаев Дәулет «Әрекетке берекет: оқыған озады» атты тақырыпта көшбасшылық дәріс оқыды.