- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

«UniverPro» start-up компаниясының мақсаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың имидждік тауарларын шығару болып табылады.

Физика-техникалық факультетінде онлайн режимде Л. Гумилев атындағы ЕҰУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында арасында ғылыми семинар өткізілді.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы 2014 жылдың 18 наурызында жас ғалымдар арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын «Лингвистика: ақпараттық технологиялар» атты Республикалық жас ғалымдардың ғылыми-теориялық симпозиумын өткізеді.

Қазақстанның ірі университеті – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тұрақты даму бойынша «United Nation Academic Impact» (БҰҰ Академиялық ықпал) жаһандық хабын басқару сеніп тапсырылып отыр. Бұл ресми шешім БҰҰ штаб-пәтерінен келіп түсті. Абыройлы, халықаралық құрылым ҚазҰУ-дың білім мен ғылымның көшбасшысы екенін дәлелі.
2014 жылдың 4 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы, з.ғ.д., профессор З.Ж. Кенжалиевтің жетекшілігімен «Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты: теориялық және тәжірибелік мәселелері» тақырыбына ғылыми семинар өткізді.

2014 жылдың 25-26 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы «Тілді меңгеру: теория және эмпирия» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік виртуалды конференциясын өткізеді.
Журналистика факультетінің ұйымдастыруымен қарашаңырақ ҚазҰУ-дың 80-жылдық мерейтойына арналған «Коммуникация – бәріне: шығармашылық идеялар мен технологияларды басқару өнері» атты І Халықаралық Журналистика және Коммуникация Қысқы Мектебі өтті.

2014 жылдың 25-26 қаңтарында Алматы қаласында самбодан 17 мемлекеттен спортшылар қатысқан «Әлем кубогы» өтті.
Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы университет ғалым-философтарының рөлі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізді.
2014 жылдың 24 қаңтарында Экономика және бизнес жоғарғы мектебінде дөңгелек үстел өтті. Талқыланған тақырып ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халқына Жолдауы. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес жоғарғы мектебінің деканы, э.ғ.к., доцент Б.Ж. Ермекбаева өзінің кіріспе сөзінде еліміздің Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауының еліміздің ғылыми ұйымының және Президент жолдауын студенттерге таныстыру, сонымен қатар Президент өз жолдауында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдарына үйретуге тоқталды.