- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Құрметті студенттер мен оқытушылар!
Сіздерге Silkroute Erasmus Mundus Action 2 бағдарламасы аясында Silkroute атты академиялық мобильділікті арттыруға бағытталған жоба бойынша құжаттар қабылдау мерзімі 7 ақпанға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз.

31 қаңтарда 2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аясындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб және қылмыстылықпен күрес ғылыми зерттеу орталығы бірлесіп, «Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлықпен қарсылықтану мәселелері» тақырыбында сырттай студенттердің және жас ғалымдардың халықаралық конференциясын өткізеді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығына арналған 67-ші Факультетаралық Спартакиадасы өтеді.

2014 жылғы 29 қаңтарда сағат 12.30-13.30 аралығында журналистика факультетінің 230 аудиториясында JamesonEmpire Awards 2014 аясында минуттық қысқа метражды фильмдердің «60 секундта түсіру» атты конкурсының презентациясы өтеді. Бұл барлық қатысамын деушілер үшін ашық конкурс.
27.01.2014 Химия және химиялық технология факультетінің студенттері үздік деп танылды
2014 жылдың 24-25 қаңтар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Химия-технологиялық және кәсіптік білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтарының Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі өтті.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Ахмет ұрпақтары» пікірсайыс клубының ұйымдастырумен аталмыш университеттің 75 жылдығына орай АПФ және ЛД форматтары бойынша өткізілген VIII ректор кубогына арналған турнирде қазақ лигасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, физика-техникалық факультетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының 4 курс студенті Алдоңғаров Құралбек АПФ форматы бойынша бірінші орынға және ЛД форматы бойынша «Үздік спикер» номинациясына ие болды.

Журналистика факультетінде қаңтардың 24-і күні Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға куратор-эдвайзерлер А.Әсел, Б.Әсембаева, М.Абдрайымов, Ә. Әлімжанова т.б қатысты.

Бүгін география және табиғатты пайдалану факультетінде, рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен туристік кәсіпорын өкілдері мен туризм мамандығының студенттері арасында кездесу өтті.

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары!
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінің бизнес инкубаторы Инновациялық кәсіпкерлік жоба жарысының өтетінін жариялайды.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті денешынықтыру және спорт мамандығының студенті, университеттің кәсіби боксшыларының бірі – Уәлиханов Асхат 64 кг. салмақ дәрежесінде Poland Hussars және Astana Arlans клубтары арасындағы үшінші жекпе-жегінде Дамиан Кивириді (Польша) жеңіп шықты.