- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
19.12.2013
Исламханов Қайыржан ҚР Спорт шебері нормативін орындады
2013 жылдың 25-29 қарашасында Астанада таэквондодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып өтті. Заң факультетінің 3 курс студенті Исламханов Қайыржан өзінің салмақ дәрежесінде 2 орынды иеленіп, алғашқы рет ҚР Спорт шебері нормативін орындады.
19.12.2013
Білім беру жүйесін жақсарту жолдары қарастырылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі, менеджмент және маркетинг кафедрасы шетел PhD докторы, профессор Алмаз Толымбектің (Delta International University/Management Institute of Canada) қатысуымен «Жоғары білім беру аясындағы бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
19.12.2013 «Орталық Азия аймағының бәсекелесу қабілеті мен халықаралық сауда» тақырыбында семинар өтті
Халықаралық қатынастар факультетінде БҰҰ бағдарламасы бойынша «Орталық Азия аймағының бәсекелесу қабілеті мен халықаралық сауда» атты тақырыпқа халықаралық семинар өткізілді.
16.12.2013
Тәуелсіздік – сан ғасырлар бойы халқымыз аңсаған ұлы күн. - ҚазҰУ ректоры Ғалым МҰТАНОВ
Құрметті әріптестер мен студенттер!
Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мемлекеттік мереке ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
2013 жылдың 13 желтоқсанында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Конституциялық құқық теориясының өзекті мәселелері: конституционализм жүйесінің қалыптасуы – посткеңестіктен либертариалдыққа» тақырыбында Ғылыми семинар өткізді.
12.12.2013 Поэтикалық тәржіма кеші
«Tarzhiman» жас аудармашылар ұйымында 4 курс, орыс тобы студенттерінің ұйымдастыруымен поэтикалық тәржіма кеші өтті. Кеш клубтың ғылыми жетекшісі, доцент Л.Ж.Мұсалының поэзияның сұлулығы мен тәржіма өнері жөніндегі әсерлі сөздерімен басталды.
12.12.2013
Фемида клубы «Тәуелсіздік - тірегім» атты ашық сабаққа шақырады
Құрметті оқытушылар мен студенттер!!! Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының "Фемида" клубы мен заң факультеті 302-топ студенттерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тірегім» атты ашық сабаққа шақырады. Ашық сабақ 13 желтоқсан 2013 жылы заң факультетінің 410 аудиториясында, сағат 14.00- де өткізіледі.
12.12.2013
Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығында республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы «Қазақстан мен Қытай қатынастарындағы Шыңжаңның рөлі» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.
12.12.2013
ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркінде семинар-кеңес өткізілді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркінде әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Е. Жаманбалаева мен барлық әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы факультет декандарының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері қатысуымен ғылыми әзірлемелерді коммерциялау үрдісімен таныстыру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.