Жаңалықтар

Жаңалықтар


29.11.2013 КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ахметова Бэла Ғабдолғалиқызының есімімен аталған аудитория ашылды

2013 жылдың 22 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ахметова Бэла Ғабдолғалиқызының есімімен аталған аудитория ашылып, «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітаптың салтанатты тұсаукесері өткізілді.


28.11.2013 Француз тілі фестивалі «Vive le français»

Құрметті ұстаздар мен студенттер! Сіздерді 6 желтоқсан күні сағат 17:00-де Халықаралық қатынастар факультетінің үлкен залында өтетін «Vive le français» француз тілі фестиваліне шақырамыз.


28.11.2013 «Қазақстандағы Президент институты: қалыптасуы және даму болашағы» атты халықаралық гылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті және мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Нұр Отан» партиясы және Елбасы -Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қорымен бірлесіп «Қазақстандағы Президент институты: қалыптасуы және даму болашағы» атты халықаралық гылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.


28.11.2013 ҚазҰУ-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалінің гала-форумы өтеді

29 қараша 2013 жылы сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған (Ғылыми кітапхананың конференц-залы) еліміздің барлық өңірлерінен ЖОО өкілдерінің басын қосатын «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалі гала-форумының ашылуы өтеді.


28.11.2013 Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған “Independent Kazakhstan and N.Nazarbayev” атты танымдық-тәрбиелік кеш өтті

27 қараша күні халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Л.Дүйсееваның жетекшілігімен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған “Independent Kazakhstan and N.Nazarbayev” атты танымдық-тәрбиелік кеш өтті.


28.11.2013 Халықаралық тренингте Орта Азия аймағындағы сауда әлеуетінің мәселесі және даму үрдістері талқыланады

Халықаралық қатынастар факультетіндегі 2013 жылдың желтоқсан айының 10-14 аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму аясындағы «Орта Азия аймағындағы сауда әлеуетінің мәселесі және даму үрдістері» атты тақырыпқа өтетін халықаралық тренинг өткізеді.


27.11.2013 Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне орай кездесу өтті

Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл әлемдік ВИЧ/СПИД эпидемиясының таралуын тоқтату қажеттігін еске салатын күн. Осы күнге байланысты география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы № 4 жатақханада 26 қараша күні Алматы қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы білім беру бағдарламасының маманы А.К.Өмірбекова және «СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» дәрігер-эпидемиологы М.А. Тұрымбетпен кездесу өтті.


27.11.2013 Балаларға үміт сыйла

Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары Үмбетбаева Ж.Б. және Бекжан А.М жетекшілігімен Бүкіләлемдік балалар күніне арналған Алматы облыстық №1 балалар үйінің жетім балаларымен «Балаларға үміт сыйла» атты студенттермен кездесу әлеуметтік-тәрбиелік іс-шарасы ұйымдастырылды.


27.11.2013 «Болашақ студент» атты кәсіптік бағыт беру жұмысы өткізілді

25 қарашада Ғылыми студенттер қауымы мемлекет және құқық теория, шет тілдер және әлем тілдерінің кафедрасымен бірлігіп, М.В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясында 10 және 11 сынып оқушылар арасында «Болашақ студент» атты кәсіптік бағыт беру жұмысы өткізілді.


27.11.2013 Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған ҚР Президентінің Баспасөз-хатшысы Д.А. Абаевпен кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні халықаралық қатынастар факультетінде Бірінші Президент күніне арналған іс-шаралар аясында студенттер мен оқытушылардың Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – ҚР Президентінің Баспасөз-хатшысы Д.А. Абаевпен кездесуі өтті.