Жаңалықтар

Жаңалықтар


22.11.2013 Хабарландыру!

Жексенбі күні, 24 қараша 2014 жыл, рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастырылуымен Үлкен Алматы аңғарына демалыс күні ұйымдастырылады.


22.11.2013 ҚазҰУ магистранты Бауыржан Әлқожа - "Серпер" сыйлығының иегері

2013 жылғы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаттары қатарында әдебиет номинациясы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің 2-курс магистранты Бауыржан Әліқожаны ("Ай-тұмай" өлеңдер жинағының авторы) құттықтаймыз.


22.11.2013 Сонарға сіңбес соңғы көш...

Журналистика факультеті студенттерінің «Әлем» әдеби бірлестігі бастамасымен 2013 жылы 21 қарашада«Сонарға сіңбес соңғы көш» атты Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, “Соңғы көш”, “Дарабоз” романдарының авторы Қабдеш Жұмаділовпен сыр-сұхбатқа құрылған шығармашылық кеш өтті.


22.11.2013 ҚазҰУ-да қазақ диаспорасы өкілдерінің бейімделу мәселелері қарастырылады

2013 жылдың 29 қарашасында сағат 10.00-де ҚазҰУ-да (журналистика факультеті, Т.Қожакеев атындағы №230 аудитория) «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде қазақ диаспорасы өкілдерінің оқу және азаматтық (әлеуметтік) жағынан бейімделуі» атты тақырыптағы аймақтық дөңгелек үстелдің ашылуы болады. Бұл іс-шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырып отыр.


21.11.2013 Қарттар – біздің асыл қазынамыз

Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Осы орайда физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының эдвайзер мұғалімдерімен бір топ студенттері қарттар үйінде болып қайтты.


21.11.2013 «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 22 қараша күні 2013 жылы Студенттер сарайында университеттік «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2013 байқауының ақтық байқауы өтеді.


21.11.2013 Ауғанстаннан келген студенттер арасында «Менің университетім» атты кураторлық сағат өткізілді

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында №7,8,9,10,11,12 ауған тыңдаушылары арасында университеттің 80 жылдығына орай «Менің университетім» атты ашық кураторлық сағат өткізілді.


21.11.2013 Жас журналистер ақпарат агенттіктің жұмыстарымен танысады

22 қарашада журналистика факультетінде (сағат 12:30, Т.Кожакеев атындағы 230 дәріс залы) «Медиа жаһандану кезеңіндегі Қазақ ақпарат агенттігі» атты дөнгелек үстел өтедi.


20.11.2013 ҚазҰУ-да әл-Фараби мұраларын зерттеу туралы жастар жиыны өтті

Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасымен біріккен «Даму одағы» студенттер ұйымы «әл-Фарабидің теориялық құқықтық мұралары тарихы маңызы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс тәжірибесінде дамуы» тақырыбында студенттер, магистранттар және жас ғалымдар үшін Республикалық конференция өткізілді.


20.11.2013 Экологиялық туризмді ҚазҰУ-мен бірге дамытамыз

20 қараша география және табиғатты пайдалану, рекреациялық география және туризм кафедрасында «Green Campus» ҚазҰУ бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі (МҰТП) дәріс-семинары өтті.