Жаңалықтар

Жаңалықтар


20.11.2013 «Толеранттылық және рухани келісім мәдениеті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

Философия және саясаттану факультетінің, дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына және 16 қараша халықаралық толеранттылық күніне байланысты «Толеранттылық және рухани келісім мәдениеті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.


20.11.2013 Дөңгелек үстелде туризм индустриясын дамыту талқыланды

2013жылдың 20 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы мен ҚТА (Қазақстан туризм ассоциациясы)-мен, ЖОО өкілдері мен ҚР БҒМ бірлесе отырып, «Кәсіби стандарттар туризм индустриясы үшін кәсіби мамандарды даярлауда тұрақты факторы ретінде» атты ON-line дөңгелек үстел ұйымдастырды.


20.11.2013 Салауатты өмір салтын бірге ұстанайық

Биология және биотехнология факультетінің аға куратор эдвайзері Шарахметов С.Е., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға куратор эдвайзері Мамурова А.Т. және кафедра куратор эдвайзерлері: Кегенова Г.Б., Баймурзаев Н.Б., Ахтаева Н.З., Сапаргалиева Н.С., Ахметова А.Б. топ студенттері мен Медеу спорт кешеніне салауатты өмір салтын ұстану мақсатында спорттық іс-шара өткізіп қайтты.


19.11.2013 «Жапон тілін оқытатын сөздікті дайындау» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өткізілді

2013 жылы 16-17 қарашада шығыстану факультетінде «Жапон тілін оқытатын сөздікті дайындау» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өткізілді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Токио шет тілдер университетінің (Жапония), Цукуба университеті (Жапония) мен Орталық Азия елдері университеттерінің оқытушылары дөңгелек үстел жұмысына қатысты.


19.11.2013 «Алма-Арасан» шатқалындағы демалыс орындарын қоқыстан тазарту

География және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасының ұйымдастыруымен «Энергоэколог» клуб мүшелері 17-қараша студенттер күніне орай «Алма-Арасан» шатқалындағы демалыс орындарын қоқыстардан тазарту іс-шараларын өткізді.


19.11.2013 «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында Биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор эдвайзерлерінің 1-курс студенттері 13-01 және 13-02 топтарының ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді.


19.11.2013 www.qazaq.kz интернет-басылымы журналистика факультеті студенттеріне тапсырылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігі қолдауымен 2013 жыл 15 қарашада «Қазақ интернеті және электронды БАҚ дамуы» атты дөңгелек үстел өтті. «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігі 2005 жылдан бері қазақтілді Интернет-кеңістік қалыптастыруға үлесқосып, ана тіліміздегі ғаламторды дамыту мақсатында 100-ден астам сайтты әзірледі.


19.11.2013 ҚазҰУ-да Осака университетінің профессоры Atsushi Hosaka дәріс оқиды

2013 жылдың 19-22 қарашасы аралығында физика-техникалық факультеттің 304 аудиториясында Осака университетінің профессоры Atsushi Hosaka (RCNP, Osaka University, Japan) «Қазіргі физикаға кіріспе» (Адрондар физикасындағы эксперименттердің қазіргі дамуы) атты тақырыпта дәріс оқиды.


19.11.2013 «Зерттеу университетінің білім беру кеңістігінде мемлекеттік және шет тілдер» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді

20-қараша (сағат 10:00) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасы университеттің 80-жылдығына арнап «Зерттеу университетінің білім беру кеңістігінде мемлекеттік және шет тілдер» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.


19.11.2013 Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ашық есік күні өтеді

2013 жылдың 26 қарашасы күні сағат 11.00-де ЖОО дейінгі білім беру факультетінің акт залында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ашық есік күні өтеді.