- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қарашаның 15 күні Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушылары Абенов Б.К., Кожанова А.М., оқытушы Бекетова А.К. ұйымдастыруымен халықаралық студенттер күніне орай №8 студенттер үйінде “Best Students” атты конкурс өтті. Конкурс Ақпараттық жүйелер мамандығының 1-ші курс студенттер арасында топаралық сайыс түрінде болды.

География және табиғатты пайдалану факультетінің (БОК-6) 319 аудиториясында әр сейсенбі күні сағат 15:30 -17:00 - да ағылшын тілінде сөйлесу дағдыларын жақсарту мақсатында English Discussion club өткізіледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркіне Атырау университетінің мұнай және газ институтының (АУ МГИ) ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар проректоры Дина Диарова және "Нефтехимия" инженерлік профиль зертханасының меңгерушісі Аманжан Сагинаев іс-сапарымен келді. Атырау университетінің мұнай және газ институтының өкілдерінің келу мақсаты ғылыми-технологиялық паркінің инновациялық бағытта даму үрдісіне деген қызығушылықтарымен байланысты болды.

2013 жылдың 22 қарашасында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ахметова Бэла Ғабдолғалиқызының 75 жылдығына орай, оның есімімен аталған аудиторияның ашылуы және «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітап тұсаукесерінің салтанатты беташары өткізіледі.

2013 жылдың 15 қараша күні философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы педагогикалық тәжірибе жетекшілері Қ.М. Борбасова, А.К. Әбішева, магистранттардың эдвайзері Н.К. Әлжанова және «Дінтану», «Мәдениеттану» мамандықтары 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Green Campus» жобасы аясында кафедраны көгалдандыру іс-шарасы өтті. Магистранттар кафедра атмосферасына жағымды әсер ететін эстетикалық жағынан сұлулық беретін әртүрлі гүлдерден кафедраның көркін келтірер комбинациясын құрастырып, табыс етті.
Физика-техникалық факультетінің ұйымдастыруымен киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген, һәм, есімі республикаға танымал дарынды ақын Бауыржан Өміржанұлы Жақыппен «Таны мені, ашып көр құпиямды...» атты кездесу кеші өтті.
15 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында Оңтүстік өңірдегі әскери кафедрасы бар жоғары оқу орындарының басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайыммен кездесу өтті.

19-21 қарашада университеттің 80 жылдығына арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дзюдо күресінен ашық біріншілігі өтеді.

2013 жылы 14 қараша күні «Көмек» еріктілер қозғалысының бастамасымен «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық кеші өтті. Бұл жарқын бастама алғашында университетіміздің тарих, археология және этнология факультетінде ұйымдастырылған болатын.
15.11.2013 Халықаралық қатынастар факультетінде Асылы Османмен кездесу өтті
Халықаралық қатынастар факультетінде дипломатиялық аударма кафедрасы мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағының бірлесіп ұйымдастыруымен ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты, Мемлекеттік тілге құрмет бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері, 2004 жылғы Американың өмірбаяндық халықаралық зерттеу институтының «Әлемдегі 2004 жылдың ең таңдаулы әйелі» атағына ие болған халқының ардақтысы Асылы Осман Әлиқызымен кездесу болып өтті.