- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

15 қараша сағат14.00-дежурналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының «Пиар мектебі» студенттік ғылыми үйірмесі Брюссель ашық университетінің, «Политология, Ақпарат және Коммуникация» мектебінің (Монс, Бельгия) түлегі, Қазақстаннның Бельгиядағы елшілігінде қызмет атқарған, «Капитал» журналының журналисі Айнұр Қасенованың шеберлік сағатына шақырады.

14 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 311 топ студенттері, з.ғ.д., профессор А.С. Ибраеваның тікелей басшылығымен балалар үйіне барды.

15 қарашада сағат 11.00-де физика-техникалық факультеттің № 330 конференц-залында «Физика және технология: Заманауи күйі және болашағы» атты теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Ғинаят Жұмабайұлы Мырзағалиевтың 80 жылдығына арналған халықаралық жұмыс жиынының ашылу салтанаты өткізіледі.
14.11.2013 ҚазҰУ-да әкімшілік құқық бойынша халықаралық конференция өтеді
15 қараша (сағат 9:30-да, 15-қабат, ректорат) Алматыда әкімшілік құқық бойынша ТМД және Еуропа елдерінің ұлттық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Әкімшілік рәсімдердің жалпы құқығы және оның жария құқығының арнайы салалары үшін маңызы» IV Халықаралық конференция өткізіледі. Аталмыш конференция Қазақстанда әкімшілік рәсімдер институтының мүмкін даму жолдарын көрсету мақсатымен өткізіледі.

17 қараша халықаралық студенттер күніне орай сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы спорткешенінің № 1 залында қыздар және ұлдар арасында спор түрлерінен жарыс ұйымдастырылады. Арқан тартуда– ұлдар (5 адам), гір спорты – ұлдар мен қыздар (4 адам) қатысады.
13.11.2013 Халықаралық қатынастар факультетінде «Қазақстан теңгесінің тарихы» атты дәріс тыңдалды
11 қараша күні халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушылары, «әлемдік экономика» мамандығы 40 пен 41 топ эдвайзерлері Л.Дүйсеева мен А.Хұрметтің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражай қызметкері М. Усманованың жетекшілігімен «Қазақстан теңгесінің тарихы» атты дәріс тыңдалды.
12 қараша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ұйымдастырушылық және басқарушылық тетіктері: (Ресейлік және шетелдік тәжірибе)” тақырыбында халықаралық онлайн видеоконференция өтті.

7-9 қараша аралығында Алматы қаласында халықаралық құтқарушылар мен өрт сөндірушілер федерациясының XIV халықаралық конференциясы болып өтті.

15 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында (сағат 14:00, Төле би көшесі, 96. А. Байтұрсынұлы көшесінің қиылысы) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлының жетекшілігімен әскери кафедра жетекшілерінің қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өткізіледі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Екатеринбург қаласында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік туралы өңіраралық Х форум жұмысына қатысты. ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтанов бастап барған делегация құрамында ғалымдар, ҒЗИ және ғылыми орталықтар директорлары, факультет декандары, оқытушылар және университет студенттері болды.