- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы педагогикалық тәжірибе жетекшілері Қ.М. Борбасова, А.К. Әбішева, магистранттардың эдвайзері Н.К. Әлжанова және «Дінтану», «Мәдениеттану» мамандықтары 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Перзент» қайырымдылық балалар үйінде тәрбиелік іс-шара өтті.

2013 жылдың 7 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «VeloCity» компания басшысы Қуат Ануар мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Ғаламдық Экологиялық Қорының (БҰҰДБ/ҒЭФ) қолдауымен «Алматы қаласының тұрақты көлігі» атты жобаның менеджері Елена Ерзакович арасында кездесу өтті. Кездесу барысында ҚазҰУ аумағында велоинфрақұрылым салу мәселесі қарастырылды.

Корейтану және жапонтану кафедрасының студенттері еріктілер ретінде POSCO (Оңтүстік Корея) қорының «Happy Builder Қазақстан 2013» қайырымдылық жобасына қатысты. Жоба 31 қазан мен 11 қараша аралығында өтті.
Биыл Азия журналистер қауымының жеңімпаздары форумы журналистік зерттеу тақырыбына арналды. 1982 жылы негізі қаланған ұйымның бас кеңсесі Гонконгта орналасқан журналистика саласындағы жергілікті, аймақтық БАҚ-тағы ең озық тәжірибелерді қолдау саналады. Азиядағы журналистиканың дамуы бағыттарын жобалайтын ұйымның дәстүрге айналған SOPA сыйлығы бар.
Көрнекті ғалым, бүгінде «қазақтану» ілімінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтану және жаңару философиясы мәселелерінің әдістемелік негіздерін салушы, сонымен бірге ұлттық тәрбиенің тәлімдік өнегелері және қазақ ақын-жырауларының, би-шешендерінің дүниетанымы мен философиясы төңірегінде көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген ұлағатты ұстаз, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық акмеологиялық ғылымдар академиясының академигі Жақан Молдабековтың 70 жылдығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерей тойына арналған дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Бар қазақ – бір қазақ: діни-мәдени аспектілері» ғылыми-зерттеу жобасының аясында «Қазақтану және ұлттық инновация» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

19 қараша күні сағат 18.00 Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығы мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағының 15 жылдығына орай ашық КВН лигасы өтеді.
08.11.2013 Физика-математика ғылымдарының докторы Н. Данаевтың студенттермен кездесуі өтті
Ақпараттық жүйелер мамандығының 1-курс студенттерінің қатысуымен физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық инженерлер академиясының академигі, ҚР Білім және ғылым министрлігінен «Еліміздің ең үздік мұғалімі» атағын алған белгілі ғылым және білім қайраткері Н.Т. Данаевпен кездесу өтті.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде профессорлар В.К. Григорьев пен Л.С. Ахметованың «Панфиловшылар: аңызға айналған ерліктің 60 күні» кітабының тұсаукесері өтеді. Кітапты «Зияткерлік еңбек әйелдері одағы» Қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының жәрдемімен Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ауқымында басып шығарған.
08.11.2013 Ақпараттық жүйелер кафедрасының ашық есік күні
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы №8 жатақханада кафедраның ашық есік күнін өткізді. 1-курс студенттеріне кафедраның профессор-оқытушылар құрамы таныстырылды және кафедраның үйірмелері жайлы ақпарат берілді. Қызығушылық танытқан студенттер үйірмелерге жазылды. Сонымен қатар студенттердің қойған барлық сұрақтарына кафедраның профессор-оқытушы құрамы толықтай жауап берді. Кеш өте жоғары деңгейде өтті.

ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында биылғы «1-курс таланттары» байқауының іріктеу кезеңіне 650-ден аса өнерлі жастар қатысып, солардың ең үздіктері Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында марапатталды.