- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
08.11.2013 Студенттер "Махаббаттың жеті кереметі" атты шығармашылық кеш өткізеді
12 қараша химия және химиялық технология факультетінің үлкен залында сағат 15.00-де университет ректоры Ғалым Мұтановтың бастамасымен жүзеге асырылып отырған «ҚазҰУ-дің студенті оқуға тиісті 100 кітап» жобасына орай, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында маманданушы магистранттар мен студенттердің ұйымдастыруымен Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмалық роман негізінде «Махаббаттың жеті кереметі» атты шығармашылық кеш өткізіледі.
08.11.2013 «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
6 қараша күні заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы СҒҚ мүшелерімен бірігіп, ең алғаш рет «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды-танымдық ойынын өткізді. Ойынның мақсаты: білімді бағалау, эрудицияның дамуын тексеру.
07.11.2013 Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі қаралады
Құрметті оқытушылар мен студенттер! Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасының «Фемида» клубының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Дөңгелек үстел 8 қараша 2013 жылы заң факультетінің 410 аудиториясында, сағат 14.00- де өткізіледі. Клуб жетекшісі: Урисбаева А.А.
07.11.2013 Үлкенге құрмет - жастарға міндет
«Біз қарттарды құрметтейміз» атты әлеуметтік-тәрбиелік іс-шара аясында жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, зейнет жасындағы жалғызбасты ерлі-зайыпты және отбасылық жұптарға арналған әлеуметтік тұрғынүй тұрғындарымен халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары: Б. Амандосұлы, А.М. Бекжан, Ж.Б. Үмбетбаева, Д.Ө. Байқуқаева ұйымдастыруымен студенттердің кездесуі өтті.
07.11.2013 Баспа ісі және дизайн кафедрасы кәсіби бағдар өткізді
Журналистика факультетінің баспа ісі және дизайн кафедрасы Алматы қаласы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интренатына кәсіби бағдар беру мақсатында кафедраның аға оқытушысы М.Майлықұтованың ұйымдастыруымен кездесу өткізді.
07.11.2013 Ақын Бауыржан Жақыппен «Таны мені, ашып көр құпиямды...» атты кездесу кеші өтеді
Қараша айының 15 күні сағат 1600-де өтетін қазақтың көрнекті ақыны, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ энциклопедиясының» бас редакторы Бауыржан Өміржанұлы Жақыппен өтетін «Таны мені, ашып көр құпиямды...» атты кездесу кеші өтеді.
06.11.2013 Хабарландыру!
12 қараша күні халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында (208 ауд.) магистранттар мен Ph.D. докторанттар үшін құрылған «Құқық және қауіпсіздік» пікір-сайыс клубының кезекті отырысы өткізіледі (сағ. 11:00-13:00).
06.11.2013 Жапон тілін оқыту сөздігі дайындалмақ
2013 жылдың 16-17 қарашасында шығыстану факультетінің корейтану және жапонтану кафедрасы «Жапон тілі бойынша оқыту сөздігін дайындау» тақырыбында халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өткізеді.
06.11.2013 Философия және саясаттану факультеті футзал бойынша «Декан кубогы» турнирін өткізеді
Философия және саясаттану факультеті оқытушылар мен студенттерді футзал бойынша «Декан кубогы» турниріне қатысуға шақырады. Жарыс 2014 жылы атап өтілетін ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналады.
06.11.2013 Философия және саясаттану факультетінде «Политолог» клубының отырысы өтеді
7 қараша 2013 жылы сағ 14:30-да философия және саясаттану факультетінде (406 ауд.) «Политолог» студенттік пікірталас клубының отырысы өтеді.