- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Сан ғасырлар бойы сауда жолдарының тоғысында болған Сауд Арабиясы түбегі ежелгі мәдениет пен әлемдік өркениеттерді бір-бірімен байланыстырып келеді. Осы орайда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласында Король Салман атындағы Халықаралық араб тілі академиясының шақыртуымен халықаралық семинар-тренингке қатысты.

Вэйн Ванта – АҚШ-тың Флорида университетінің профессоры. Ол халықаралық деңгейде саяси коммуникация және медиа ықпал саласындағы зерттеулерімен танымал. Екі жүз референттік жарияланымы мен конвенциялық баяндамалары бар. Профессор 50 елде дәріс оқып, ғылыми баяндамалар жасаған және сегіз кітаптың авторы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде факультетаралық тұңғыш «Super students» телевизиялық таланттар байқауы өз мәресіне жетіп, сайыстың жеңімпазы анықталды.

(30.01.2023-03.02.2023 жыл)
Webometrics Ranking of World Universities халықаралық рейтингінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлем бойынша 30 мыңнан астам жоғары оқу орындарының арасында 1816-орынға жайғасты. Сондай-ақ бұл рейтингте ҚазҰУ Қазақстан ЖОО-лары арасында екінші орынды иеленіп, отандық университет сайттарының үздік үштігіне енді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары мен білім алушы жастары Алматыда өтіп жатқан «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты халықаралық форум жұмысына қатысуда.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев бастаған делегация Лондонға жұмыс сапары аясында Рединг университетіне барды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев бастаған университет делегациясы Лондонда өткен ІХ Ұлыбритания-Қазақстан үкіметаралық комиссия отырысына қатысты. Жиында екі ел жоғары білімінің заманауи трендтері мен басымдықтары талқыланды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Ресейдің Уральск федералды университетінің (УрФУ) халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Сергей Тушин бастаған делегация арнайы іссапармен келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Лондонға жұмыс сапары аясында King’s College London колледжінде оқитын ҚазҰУ докторанттарымен жүздесті.