Жаңалықтар

Жаңалықтар


04.11.2013 «Зерттеу университетінің білім беру кеңістігінде мемлекеттік және шет тілдер» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді

20-қараша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасы университеттің 80-жылдығына арнап «Зерттеу университетінің білім беру кеңістігінде мемлекеттік және шет тілдер» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.


01.11.2013 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінің «VeloCity» атты стартап компаниясы «Алматы қаласының тұрақты көлігі» атты жобаға қатысты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бизнес-инкубаторында жүзеге асырылып жатқан «VeloCity» стартап компаниясы «Алматы қаласының тұрақты көлігі» атты жобаға қатысты. «Алматы қаласының тұрақты көлігі» жобасының даму негізіне «VeloCity» компаниясы велобағыттарды құрастыруға өз үлесін қосты.


01.11.2013 ҚазҰУ-да «Шал» фильмі көрсетілді

Кино өнерінің биік шыңына шыққан қазақ киносының бірегей туындысы - «Шал» фильмі. Белді режиссёр Ермек Тұрсыновтың бұл туындысы көпшіліктің көңілінен шығып қана қоймай, қазақ киносының жаңа бір құбылысына айналып үлгерді. Фильм қарияға да, жасқа да ой салады. Ой салып қоймай, тұтас бір ұлттың суретін салуға тырысады. Философиялық ойға бай фильмді жастарға көрсетуді құп көрген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия кафедрасы «Отандық кино күні» жобасы аясында фильмді тамашалауға шақырды. Көркем туындыны тамашалауға ҚазҰУ ұстаздары мен студенттері тегіс жиналды.


31.10.2013 Студенттер дебат ұйымдастырды

Заң факультеті 2-курс студенттері арасында Ғылыми студенттер қауымының ұйымдастыруымен «Жоғарғы қауым теориясы» тақырыбында дебат өтті.


31.10.2013 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы бағдарламалаудан болған әлем чемпионатында үздіктер қатарында

Университеттің механика және математика факультетінде АСМ ICPC (Association for Computing Machinery International Collegiate Programming Contest) бағдарламалаудан әлем чемпионатының ширек финалы өтті. 2003 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бағдарламалаудан әлем чемпионатының Алматы қаласындағы ұйымдастырушысы болып табылады.


31.10.2013 М. Қазыбекованың көшбасшылық дәрісі өтеді

1 қарашада «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың аясында (сағат 11:00, ГУК 3, 201 ауд.) экономика және заң факультеттерінің студенттеріне, магистранттарына және PhD докторанттарына арналған көшбасшылық дәріс өтеді.


31.10.2013 Журналистика факультетінде ашық есік күні өтеді

1 қарашада Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен университеттік «Мобильді репортер» серпінді жобасы аясында ғылыми-танымдық мультимедиялық www.youngreporter.kz порталының, сондай-ақ осы платформада жүзеге асатын «Вируталды мектептің» таныстырылымы өтеді (журналистика факульетті №230 Т. Қожакеев атындағы акт зал, сағат 12.00).


30.10.2013 Студенттер мемлекеттік рәміздер мәртебесіне мән беруде

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. Осы орайда, Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – мақтанышымыз» атты ашық сабақ өткізілді.


30.10.2013 Шетелдік студенттер ҚазҰУ тарихымен танысады

7 қарашада шетелдік студенттерге арналған «ҚазҰУ-ға 80 жыл» атты ашық кураторлық сағат өтеді (сағ. 13.00-де 203-дәрісхана).


30.10.2013 Е. Россинскаяның қатысуымен семинар өтеді

30 қазан – 8 қараша аралығында «Криминалистика және сот сараптама пәндерінің оқытудың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң институтының директоры, Мәскеу мемлекеттік заң академиясының сот сараптама кафедрасының меңгерушісі, Ресей Федерацияның ғылымға еңбегі сіңген қайраткері, Ресей Федерациясының жоғары мамандық білімінің құрметті қызметкері, з.ғ.д., профессор, Ресейдың жаратылыс ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық бірдейлестіру ассоциацияның (IAI USA) толық мүшесі Россинская Елена Рафаиловнаның қатысуымен әдістемелік семинар өтеді.