- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
21.10.2013 Хабарландыру!
24 қазан сағат 11.00-де физика-техникалық факультеттің №1 дәріс залында Француз Альянсінің «Франциядағы білім. Гранттық бағдарламалар» атты презентация өтеді.

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сенбілік өтті. Сенбілікке университеттің барлық ұжымы атсалысты. Жалпы көлемі 5 мыңға жуық адам қатысқан сенбілік барысында әрбір қатысушы белгіленген аумақты тазалап, оқу орнының тазаруына белсене қатысты.
18.10.2013 Ғылыми-технологиялық паркіне және коммерцияландыру кеңсесіне «НАТР» АҚ өкілдігінің сапары өтті
2013 жылдың 18 қазанында «НАТР» АҚ өкілдігі мен Күзенбаев Тілеубек Еркебайұлы бастаған, ғылыми-технологиялық парк басшылығы және коммерцияландыру кеңсесінің қызметкерлері арасында кездесу өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары АҚШ-та халықаралық конференция ұйымдастыруға қатысты. Висконсин-Мэдисон университетінде ғылыми тағлымдамада жүрген оқытушылар университеттің барлық ғылыми ісшараларына қатысып, арасында ағылшын тілін үйрену үстінде. Қазан айының басында университетте үлкен халықаралық конференция өтті.
18.10.2013 «Әлеуеті аса қауіпті ақпараттық технологиялар және жаңа қару түрлерін құқықтық реттеуі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды
Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасы мен Орталық Азиядағы Қызыл Крест Халықаралық Комитетінің Аймақтықтық өкілдігі «Әлеуеті аса қауіпті ақпараттық технологиялар және жаңа қару түрлерін құқықтық реттеуі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Конференция мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік және әлеуеті аса қауіпті жаңа қару түрлерімен күресу құқықтық аспектілерін талқылау.

16 қазанда «Almaty Towers» кешенінде VIII Азаматтық «Жасыл экономика – Алматының таңдауы» атты форумы өткізілді. «Жасыл экономика» мәселесіне арналған форумға Алматы қаласының әкімі А.С. Есімов төрағалық етті. Форум барысында «жасыл экономика» бойынша көрме ұйымдастырылды. Көрмеге үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар қатысты.

Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының «Кіші Фараби Академиясы» өзінің жаңа оқу жылындағы жұмысын белгілі ғалым, қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Асқар Жұмаділдаевпен кездесуден бастады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ҚР премьер-министрінің орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.О. Исекешев ресми сапармен келді. Күн тәртібіндегі басты сауал ҚазҰУ кампусындағы кезекті үшінші «Алатау» инновациялық технологиялар паркін (ИТП) орналастыру мүмкіндіктерін талқылау болды.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы оқытушылары мен студенттері 8-9 қазан аралығында Бүкіләлемдік туристік ұйымы (UNWTO) ұйымдастырған тау-шаңғы курорты бойынша I Еуразиялық конференциясына қатысты.
16.10.2013 Қазақстан Еуропалық ұлттық инженерлік қауымдастық федерациясына ұсынылды
Қазақстандағы инженерлік білім беру қоғамы (KazSEE) Еуропалық ұлттық инженерлік қауымдастық федерациясының (FEANI) үлестес мүшесі атанды. Бұл жөнінде шешім FEANI Бас Ассамблеясының Македониядағы Скопье қаласында өткен сессиясында белгілі болды. Бұл қазақ еліндегі білім беру ісінің әлемдік мойындалуына жасалған тағы бір қадам. FEANI инженерлік білім беру қоғамына Қазақстандық қоғамның енуі инженерлік білім беру бағдарламаларын және мамандардың біліктіліктерін сертификациялауға жол ашады.