- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

2 қыркүйекте сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми Кеңесінің мәжіліс залында (15 қабат) АҚШ конгрессмені Эни Фалеомаваеганың дәрісі өтеді.
28.08.2013 Хабарландыру!
Колумбия университеті Жер институтының (Нью-Йорк, АҚШ) Global classroom жобасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған «Foundations of Sustainable Development Practice» атты кезекті бағдарламасының жаңа маусымының ашық екендігін жариялайды.
28.08.2013 Көшбасшылық дәріс өтеді
11 қыркүйекте сағат 15.30-да Ашық кафедраcының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қызыл залында (механика-математика факультеті) Халық банкінің Басқарма төрайымы Шаяхметова Үміт Болатханқызының көшбасшылық дәрісі өтеді. Келемін деушілерге есік ашық.

Жетісу (Жоңғар) Алатау картасында «ҚазҰУ-ға 80 жыл» асуын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы ғылыми-спорттық экспедициясына қатысушылар еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орнынының мерейтойына арнап атады.
21.08.2013 Екіжақты меморандумға қол қойылды
Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ACA*GIScience мүшелігіне кіру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумға Зальцбург университетінің профессоры Джозеф Штробл және география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, профессор Виталий Сальников қатысып, қол қойды.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік құрылыс жасағы жастар арасында бірнеше іс-шара өткізіп үлгерді. Жаз бойы спорттың бірнеше түрінен жарысып келе жатқан жасақ жауынгерлері бұл жолы волейбол ойынынан сайысты. Он шақты команданың ішінен белсенділік танытып физика-техникалық факультеті, фимия және химиялық технология факультеті, механика-математика факультеті және философия және саясаттану факультетінен жасақталған үздік 4 команда өзара бақ сынасты.
05.08.2013 Жоғары сынып оқушылар назарына!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша10,11 сынып оқушыларын қабылдайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – «Туризм» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратура оқу бағдарламалары Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі – Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) таныған Қазақстан мен Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып табылады.
02.08.2013 ҚазҰУ-да «Қазақ хандығының тарихы» атты жаңа сайт ашылды
Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақ хандығының тарихы» атты ғылыми-көпшілік сипаттағы сайттың ашылу салтанатты рәсімі өтті (www.kaztar.kaznu.kz).
25.07.2013 Тарихшылар дөңгелек үстелде бас қосты
Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінде 2013 жылы 5 маусымда Мемлекеттік хатшы А.М. Тәжиннің басшылығымен ЖОО Қазақстан тарихын оқыту мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңесінің шешімі аясында «Ұлттық тарихты оқытудың жағдайы мен даму болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.