- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Зарема Бияшеваны 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасында «Радикализмнің алдын алудағы Қазақстан мен Түркияның тәжірибесі: теориялық мәселелер мен практикалық шешімдер» атты халықаралық қысқы мектеп өтті. Оған кәсіби теологтар мен философтар және білім алушы жастар қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Кореяның Алматыдағы бас консулы Пак Нэ Чхонмен кездесті. Жүздесу барысында тараптар серіктестікті одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ІnDriver компаниясының негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесті. Жүздесу барысында тараптар ынтымақтастық орнату жолдарын талқылап, бірқатар мәселелерді ортаға салды.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы Мәшімбаева Гүлмира Амангелдіқызын «Дипломатиялық қызметке – 30 жыл» медалімен марапаттады. Ғалымға атаулы марапатты ҚР СІМ Алматы қаласы өкілдігінің басшысы Бақытжан Бөлегенов табыстады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан және ТМД елдерінің, сонымен қатар таяу және алыс шетел білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы «Әл-Фараби 2023» халықаралық олимпиадасын өткізеді.

Жуырда ҚазҰУ-дың спорткешенінде «Парасат» кәсіподағы мен спорт клубы бірлесе ұйымдастырған университет қызметкерлері мен оқытушы-профессорлар құрамы арасындағы дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы 49-шы рет өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңес отырысында индикативтік жоспардың орындалу барысы талқыланды. Кафедралар мен факультеттердің 2022/23 оқу жылының алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткішін Стратегиялық даму орталығының директоры Гүлшарат Минажева саралап берді. Сонымен қатар жиында Әл-Фараби кітапханасының жұмысы мен 2022 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының қорытындысы айтылды.

ҚР Ұлттық кітапханасында Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Евгений Бобровпен және Алматы қаласындағы «Русский дом» қоғамдық бірлестігінің басшысы Татьяна Барышниковамен Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған кездесу өтті.Шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті мен Ұлттық кітапхана ұйымдастырды.

2022 жылғы «Атамекен» ҰКП ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 64 білім беру бағдарламасынан (ББ) 50 ББ үздік Топ-10-ға кірді.