- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінде «Әлем тарихы, тарихнама және деректану инновациялық-ғылыми таным жүйесінде» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Қоғамды ізгілендіруді университет қабырғасында жүрген студенттер жетік меңгеруі керек. Жастар өмірді сүюді, жақсылық жасауды, адамгершілік қасиеттерді кеңінен меңгерсе, олар маман атанғанда қоғамды гүлдендіруге барынша үлес қосады. Осындай құндылықтарды алдыңғы орынға қойған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректор Ғалым Мұтановтың бастамасымен «Айналаңды нұрландыр!» жобасы қолға алынған. Осы жоба аясында 26 сәуірде ҚазҰУ-да «Айналаңды нұрландыр!» атты студенттік фестиваль өтті.
ҚазҰУ-дың мәжіліс залында республика оқушылары арасында өткен «Әл-Фараби» пәндік олимпиадасының салтанатты жабылуы болды.

2013 жылдың 21-24 сәуір аралығында Бангкокта өткен дзюдодан Азия чемпионатында Таиландтың астанасында ҚазҰУ студенті Сметов Елдос 3-орын алды.
«Біздің заманымыздың жаңа қаһармандары» атты тақырыпта жазушы, кинодраматург, «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Қиямет-қайым ғасыры» және т.б. туындыларының авторы Смағұл Елубаймен кездесу өтті. Кездесуді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті тарихы және теориясы кафедрасы ұйымдастырды. Ұйымдастыруға аталмыш кафедраның оқытушы-эдвайзерлері Алтынай Жүсіпова мен Шоқан Шортанбаев ұйытқы болды.
25.04.2013 Дөңгелек үстелде азық-түлік және ветеринарлық қауіпіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралады
26 сәуір 2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы «Қазақстан Республикасында азық-түлік және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.

26 сәуір сағат 16:00-де механика-математикалық факультетте (Қызыл залында) «Айналаңды нұрландыр» атты студенттік фестиваль өтеді.
24.04.2013 Әнші, актриса Айгүл Иманбаевамен кездесу өтеді
Құрметті ұстаздар және студенттер! 26 сәуір сағат 17:30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасындағы «Мәдениет.kz» клубы мен «Маслихат» студенттер ұйымы бірігіп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, тележүргізуші,танымал актриса Айгүл Иманбаевамен кездесуге шақырады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультеті мемлекет пен құқық теория және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы оқытушылары Г.Р. Усеинова, К.Р. Усеинова, Г.Г. Тұрысбекова 112, 327, 211 топ студенттерімен бірге Талғар қаласындағы «Нұр» балалар үйіне, ал метеорология және гидрология кафедрасы Абай ауылында, Алматы облысы, «Перзент» балалар үйіне барып қамқорлықты қажет ететін балалардың көңілін көтеру студенттердің ұсынысы болды.
24.04.2013 Студенттер назарына!
26 сәуір сағат 14:00-де (411 ауд.) заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «Қорқор тарту қаншалықты қауіпсіз?» атты тәрбиелік сипаттағы дөңгелек үстел өткізеді.