- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрама командасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры ұйымдастырған «Инттелектуалдық олимпиадалар IQ-games» тележобасының жартылай финалына шығып, ақтық ойынға жолдама алу үшін бақ сынасады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті 26 наурыз және 25 сәуір аралығында «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында жалпыуниверситеттік «Бір факультет – бір кітап» байқауын жариялайды.
26.03.2013 Хабарландыру!
27 наурызда «Мәдениеттану» мамандығы бойынша «Қазақстан 2050. Мәдениет, дәстүр, даралық» атты республикалық студенттік олимпиада өтеді. Келемін деушілерге есік ашық!
26.03.2013 Жан жылуыңмен бөліс
Наурыз қарсаңында жылуфизика және техникалық физика кафедрасының қоржыны тағы бір жақсы іске байыды.

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жастар алаңында Ұлыстың Ұлы мерекесі Наурыз мейрамын тойлау басталды. Университеттің әкімшілік департаменті, Студенттер қалашығы, Жоғарғы студенттер кеңесі, жатақханалар мен оқу корпустарының ұйымдастыруымен өткен мереке барша жиналған жұртты үлкен дайындығымен, тамаша концерттік қойылымдарымен қуантты.

Құрметті әріптестер мен студенттер! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
20.03.2013 ҚазҰУ мерейтойына арналған байқау
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдығына орай үздік мерейтойлық рәміздердің нобайына байқау жарияланады.
20.03.2013 Аудармадан шеберлер анықталды
Халықаралық қатынастар факультетінде студенттер арасында «Ең үздік аударма» атты байқау өтті.
20.03.2013 Экономикалық мамандықтар бойынша олимпиада өтеді
29 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен «Инновациялық идеядан жүзеге асыруға...» атты «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары арасында V Республикалық студенттік олимпиада өткізіледі.
Заң факультетінің студенттері Алматы қаласындағы Ғылыми Зерттеу Институты жанындағы онкология мен радиология клиникасының кішкентай емделушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады.