- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №2 (1870) саны жарық көрді. Газетте төмендегідей мақалалар, сұхбаттар, ақпараттар жарияланды:

ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультеті құрамындағы Жоғары медицина мектебінің (ЖММ) іргетасы 2018 жылы қаланды. Биыл ЖММ-нің құрылғанына бес жыл толып отыр. Осы 2022/23 оқу жылында Жоғары медицина мектебі өзінің алғашқы түлектерін шығарады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ғылым мен техниканың дамуына сүбелі үлес қосқан ерекше жетістігі үшін өткен жылы «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының жеңімпазы атанғанынан хабарларыңыз бар. Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының 50 ғалымы жеңімпаз атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақ телевизиясының 65 жылдығына арналған «Телевизиялық менеджмент: тәжірибе және ғылыми көзқарас» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Гавр университетінің бірінші вице-президенті Жан-Ноэль Касторио мен профессор Пьер Шабальді қабылдады. Жүздесуде екіжақты ынтымақтастық бағытындағы ұсыныстар талқыланды.

(16-20.01.2023 жыл)

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері күн энергиясын өндіруді бақылауға арналған VOLT бағдарламалық жүйесін әзірледі. Бірегей стартап жоба күннен алынатын энергияны арттыруға бағытталған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Университет ғылымының дамуы – Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті алғышарты» атты ғылыми-практикалық конференциясы «Wotld-Class University жолында: шетелдік университеттер тәжірибесі» және «Инновациялық экожүйе мәселелері бойынша жас ғалымдардың нетворкингі» тақырыбындағы дөңгелек үстелдермен жалғасты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-инновациялық жетістіктері көрмесі өтті. Көрмеде ЖОО ғалымдарының табысты ғылыми әзірлемелерімен қатар, студенттік стартаптар таныстырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Мохсен Фаганимен және Иранның Сыртқы істер министрлігінің аға сарапшысы, Фараби жұмыс тобының жетекшісі Муджани Гумимен кездесті. Жүздесу барысында қос тарап ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық келешегін талқылады.