- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында ауған тыңдаушылары мен оралман тыңдаушылары топтарында «Біздің университет» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.

Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың нәзік жанды аруларына арналған 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Бәрі сіздер үшін» атты концерттік кеш өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы Қанат Тыныбеков университет ұжымымен және студенттермен кездесті. Бұл кездесудің басты мақсаты «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» аясында Елбасы атап айтқан істерді орындау.

Халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасы «Инабат» рухани-мәдени орталығы мен «Шығыс әлемі» ғылыми-танымдық клубының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тіл білімінің негізін қалаушы» атты ғылыми семинар өткізілді.
06.03.2013 ҚазҰУ-да жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтеді
2013 жылдың 9 наурызында сағат 12:30-да жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде (мәжіліс залы) 15-ші Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтеді. Сайыста университеттің 18 студент өз шеберліктерін көрсетеді.
«Қош бол қыс, Қош келдің көктем» атты мерекелік іс-шара Алматы қаласы, Іле-Алатау «Аю-сай» тау шатқалында өтті. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында мерекелік іс-шара Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалы директорының орынбасары Шалқар Дауренбаев, Туризм инженері Бағлан Абдрахманов эколог-ағартушысы Нұрбике Қараубаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы доценттері Н.З.Ахтаева, Г.К.Ерубаева, А.Б. Ахметова, жетекші маман Г.Билялова, аға оқытушы б.ғ.к., А.Т. Мамурованың кураторлық топтарының ұйымдастыруымен қалалық деңгейде өткізді.

ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушылары және тарих, археология және этнология факультетінің мәслихаты «Көктем аруы» аталған мәдени кеш өткізді.

5 наурыз сағат 16:00-де (201 мәжіліс залы) ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Есеп және аудит» кафедрасының ұйымдастыруымен Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, халықаралық ІІ Түркі поэзиясы мүшәйрасының, халықаралық «Сорос-Қазақстан» қорының «Қазақстандағы жаңа поэзия» бәйгесінің жеңімпазы, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын Баян Бекетованың Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттерімен халықаралық әйелдер мейрамына арналған «Аруларды жырлаймыз» атты жыр кеші өтеді.
05.03.2013 Шығармашылық бастау байқауы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздары Орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЙЕЛ» атты республика ЖОО студенттерінің шығармашылық өнер фестивалі өтті.
Астана қаласында «Көрме» көрме орталығында «ХХІ ғасыр – 2013 ғылым мен білім беру» атты Халықаралық көрменің Х мерейтойлық салтанатты ашылуы болды.