- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
08.10.2012 Мемлекеттік тіл болашағымыз
Біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Жастарымыздың қазағының қазынасы болған қазақ тіліне деген құрметі қашанда биік. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті Н.З. Ахтаева мен аға оқытушысы А.Т. Мамурованың ұйымдастыруымен «Тілдер мерекесіне» арналған №7 жатаханада «Мемлекеттік тіл болашағымыз», «Тілдер достығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
08.10.2012 «РЕКТОР КУБОГІ» жеңімпаздары марапатталды
6 қазан күні ҚазҰУ-дың бірінші курс студенттері арасында өткізілген «РЕКТОР КУБОГІ» жарыстарының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
08.10.2012 «Ашық кафедра» жобасына тіркелу басталды
Бакалавриат, магистратура, PhD докторантура студенттерінің назарына! «Ашық кафедра» жобасына ағылшын тілінде лекция курстарына тіркелу ашылды. Дэдлайн 2012 ж. 31 қазанына дейін.
08.10.2012 Қазақ тілінің тағдыры ой-талқыға салынды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасы «Тіл аптасына» орай 3 қазан күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясаты: перспективалары мен проблемалары» атты іс-шара ұйымдастырып, оның аясында мемлекеттік тіл мәселесі талқыланды.
04.10.2012 17 қазанда «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты конференция өтеді
17 қазанда әл-Фараби аты
ндағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізіледі. Конференция «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі: әлеуметтік-философиялық талдау» атты ҚР БҒМ іргелі зерттеулері жобасы аясында өткізіледі.
02.10.2012 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Амангелді шыңында
2012 жылдың 30 қыркүйек күні ҚазҰУ-дың спортклубы мен география және табиғаттты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен Амангельі Иманов (1б қ.д., т.д. 3998м, Іле Алатауы) шыңына тау туризмі ұйымдастырылды.
02.10.2012 Тіл – халық жанын танудың кілті
28 қыркүйек жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Бір аптаға созылған фестивальге туған тілдің тұнықтығын сақтаған, бірнеше тілді жетік меңгерген, жүзден жүйрік озып шыққан білікті де білімді жастар мен университет қызметкерлері қатысты. Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева фестиваль жеңімпаздарын дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапаттап, «Тілдер» фестивалін өткізуге ат салысқан барлық оқытушы-профессорлар құрамына ризашылығын білдірді.
02.10.2012 Өзіңді жүрмін ән қылып...
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де тілдер мерекесіне арнап 22-28 қыркүйек аралығындағы тіл фестивалі апталығы өткізілді. Жыл сайын ұйымдастырылып, бүгінде дәстүрге айналған фестиваль биыл ерекше атап өтілуде.
29.09.2012 Тіл - достықтың кілті
Тіл - ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды.Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат. Тіл – қоғамның жемісі. Оның мерейін асырып, дәрежесін асқақтататын атаулы Тіл мерекесі университетте де ерекше аталып өтілді.
28.09.2012 «Үшінші толқын» бірінші орынды алды
Қыркүйек айының 26 жұлдызында ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде тіл мерекесіне байланысты «Мәдениет.kz» клубының жетекшісі филос.ғ.к., аға оқытушы, Кенжегүл Бияздыкованың ұйымдастыруымен «Қазіргі қазақ мәдениетіндегі тілдің үш тұғырлығы» атты факультет деңгейінде мамандықтар арасында сайыс өтті.