- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
25.09.2012 Жаңа медианы дамыту жолдары баяндалды
Жаңа коммуникациялық технологиялар әлемді ақпарат пен жаңалықтарды шексіз көлемде ұсынатын шынайы демократиялық ақпараттық құралдар кезеңіне алып келді. Инновациялар ақпаратты жаңаша қабылдап, әзірлейтін, тарататын жаңа медианың пайда болуына себеп болды.
24.09.2012 Құмбел шыңын жастықтың жалыны бағындырды
Құмбел - Солтүстік Тянь-Шаньнның Іле Алатауында орналасқан шың. Оның атауы ата-бабаларымыздың бұрынғыдан келе жатқан қолданыстағы мағынасында. 2010 жылы 30 сәуірде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «Құмбел» шыңы атауын алды. Алматы қаласынан Үлкен Алматы (3684 м), Нұрсұлтан (Комсомол, 4376 м), Құмбел (3200 м) және т.б. шыңдар көрінеді. Таң рауандап атқан шақта 23 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттері мен ұстаздары Құмбел шыңына қарай ағылды. Осынау күнге арналған үлкен шаралар жалынды жастардың мекені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жыл сайын өткізіліп тұрады. Университеттің география факультеті, рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен 23 қыркүйек күні Солтүстік Тянь-Шаньдағы теңіз деңгейінен 3200 метр жоғарыда орналасқан «Құмбел» шыңына тау саяхаты өтті.
24.09.2012 Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған «Тілдер» фестивалінің ашылу салтанаты өтті
22 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасында «Мемлекеттік тіл және мемлекеттік рәміздер» атты Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған «Тілдер» фестивалінің ашылу салтанаты өтті.
22.09.2012 ҚазҰУ-да 1 курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» салтанатты кеші өтті
Ару қала Алматының құшағында орналасқан көрікті мекен ҚазҰУ қалашығына тағы да жаңа леп қосылды. Кеше ғана мектеп табалдырығында білім алып, үлкен арман әлемін шарлап, жоғары оқу орнына түссем деген ізгі ой қалықтаған буын, бүгінде студент атанып, арманның ақ тұлпарын мініп, білім әлемін шарлауға дайын тұр. Жас толқын жастардың жанарынан жарқын болашақ, үлкен арман-мұраттар байқалады. Бұл әсерге толы сәтке 21 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алаңында өткен 1-курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» салтанатында куә болдық.
21.09.2012 Күзгі семестрде шетелдік жоғары оқу орнында білім алу (120 күн)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 175 бұйрығына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Академиялық Мәселелер жөніндегі Департамент Академиялық ұтқырлық бөлімі ҚР БҒМ-нің «Шетелдік жоғары оқу орнында семестрді өткізу» (120 күн) атты бағдарламасын жүзеге асыруда. ҚР БжҒМ тарапынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға екі жақ шетке жол ақысын, медициналық сақтандыруды, виза шығындары мен 120 күнге тұру ақысын өтеуді көздейтін 90 шәкіртақылық орын бөлінді.
21.09.2012 ҚазҰУ-дың «Парасат» және «Сұңқар» кәсіподағы қызметкерлеріне Еуразиялық университет кәсіподақ ұйымдарының ассоциациясына мүше ету жөнінде Куәлік берілді
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде 12-14 қыркүйек аралығында Еуразиялық университет кәсіподақ ұйымдарының ассоциациясының XXV съезі өтті. Оған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының төраға орынбасары О.П. Ложникова және «Сұңқар» студенттер кәсіподағы төрайымы Ә.М. Қарақожаева, төрайым орынбасары Ш.М. Тленшиева қатысты.
21.09.2012 Цукобо университетінің өкілдерімен кездесу өтті
Жапонияның Токио қаласы маңында орналасқан Цукуба университеті өзінің әсем табиғатымен ерекшеленеді. Мұнда білім алуға келген шетел азаматтарының саны бойынша,аталған университет басқа мемлекеттік ЖОО-лармен салыстырғанда, екінші орында. Цукуба университетінің тарихы 135 жылдан бұрын басталады. Мұнда сабақ ағылшын тілінде оқытылады.
20.09.2012 21 қыркүйек күні ҚазҰУ студенті қатарына қабыладу рәсімі өтеді
21 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алаңында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін 1 курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» салтанатты кеш өтеді.
19.09.2012 Тау туризмі
23 қыркүйек күні рекреациялық география және туризм кафедрасы Дүниежүзілік туризм күніне арналған дәстүрлі тауға шығу ұйымдастырады. Жиналу орны: №6, 204 автобусының аялдамасы (Достық даңғылы, Абая даңғылының қиылысында, «Қазақстан» қонақ үйінің қарама-қарсы жағында), сағат 7:30.
18.09.2012 №7 жатақханада «Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы күні» мерекелік іс-шарасы өткізіледі
19 қыркүйек сағат 17:00-де биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Фитодизайн»,«Бөлме өсімдіктері», «Ботаник» үйірмелерінің ұйымдастыруымен Кафедра күніне арналған №7 жатаханада көгалдандыру мерекелік іс-шарасы өткізіледі.