- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

1-маусым күні 2012 жыл сағат 14.30 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде «Ирантану орталығының» ашылу салтанаты өтеді.

Мәскеуде ШЫҰ университетінің бағыттары бойынша координатор жоғары оқу орындары мен ШЫҰ мүше мемлекеттердің білім басқармалары ұйымдарының өкілдері қатысуымен «Шексіз білім» атты ШЫҰ-ның мүше мемлекеттерінің V білім апталығы өтті.
28 мамырдағы ректорат мәжілісінде жазғы емтихан сессиясының барысы туралы оқу жұмыс жөніндегі проректор Уәлихан Әбдібеков баяндама жасап, толық мәліметтер келтіріп, бакалавриат, магистратура және РһD докторантура бойынша – өткізілген емтихандардың қорытындылары мен алдағы қорғау жұмыстарына белгіленген мерзімі мен студенттердің жаз уақытында өндірістік-тәжірибелерін өтетін компаниялармен, жұмыс беруші мекемелерге де тоқталып өтті.
28 мамыр күні кезекті ректорат мәжілісінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Тұрақты даму ғылыми мектебі ЖШҚ (жауапкершілігі шектеулі қоғам) арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімге бірінші проректор М.М.Бүркітбаев пен Тұрақты даму ғылыми мектебінің ғылыми жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академияның академигі, профессор Б.Е. Большаков (Дубна, Ресей) екіжақты келісімге қол қойды. Бұл екіарадағы әріптестікті нығайта түсіп, ортақ ғылыми жобаларды іске асыруда көптеген жол ашпақ.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 28 мамырдағы ректорат мәжілісінде әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Жаманбалаеваның құттықтауымен ҚР тұңғыш Президенті – Елбасы қорының Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысы байқауының жеңімпаздары – химия және химиялық технология факультетінің PhD-докторанты Алмагүл Ментбаева және осы факультет магистранты Гүлім Бердібек (ғылыми жетекшілері – физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының профессоры Әлия Оспанова) дипломмен және медальмен марапатталды.
28.05.2012 ҚазҰУ студенттері АҚШ-тың Қазақстандағы елшілік өкілдерімен Ауғанстан мәселесін талқылады
Элизабет Миллардтың (АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің орынбасары) ҚазҰУ мен Колумбиялық университеттің бірлескен MDP Global Classroom жобасының аясында университет студенттерімен кездесуі өтті. Кездесуге сонымен қатар Астана мен Алматыда орналасқан АҚШ консульдығының қызметкерлері де қатысты.

Қазақстанның білім беру ісіндегі жетекші оқу орны саналатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Түлектер күнін» мамыр айының соңғы сенбісінде тойлайды. Дәстүрге айналған ҚазҰУ түлектерінің күні биыл 26 мамыр күні өтті. Университет жоғары дәрежелі мамандарын және танымал түлектерін мақтан тұтады. Сондықтан да осы күні ҚазҰУ барлық түлектерді жинап, университет қабырғасында мерекені бірге тойлауға шақырды.

26 мамыр 2012 жыл сағат 11.00 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ҚазҰУ Түлектерінің күні» өтеді. Жыл сайын «ҚазҰУ Түлектерінің күні» мамыр айының соңғы сенбісінде тойланады. Биыл дәстүрге айналып отырған ҚазҰУ түлектерінің күні – 26 мамырға сәйкес келіп отыр.
22.05.2012 Кәріс тілінде студенттік шығармалар сайысы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті кәрістану-жапонтану кафедрасы және Халықаралық кәрістану орталығы, Кәріс мәдениет хабарласу Қаумдыстығымен (Корея Республикасы) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасымен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 20 жыл және Қазақстанда кәрістердің мекендеуінің 75 жылдығына орай кәріс тілінде студенттік шығармалар сайысы өткізілді.
22.05.2012 Білім мен педагогикалық қызметтің тарихы кезеңдері қаралады
2012 жыл 29 мамыр сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде профессор Ж.Р.Бәшірованың 70-жасқа толуына байланысты «Жоғары білім және педагогикалық қызмет: тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері» тақырыбында өтетін дөңгелек үстел өтеді.