- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

«2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия өз мамандығы бойынша үздіктердің ішінен үздіктерді таңдады. Қазақстандық 43 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдарына ғылым саласындағы 2022 жылға арналған атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Франс Медиа Монд» академиясының өкілі, «France 24» радиосының директоры, журналист Антуан Кормеримен, «Сорбонна-Қазақстан» институтының және «Гео-Энергетика» орталығының директоры Кристин Бутейемен кездесті. Жүздесу барысында тараптар ынтымақтастық орнату жолдарын талқылап, бірқатар мәселелерді ортаға салды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ерекше табыстары үшін 2022 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының жеңімпазы атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы Студенттер сарайында университет қызметкерлерінің балаларына арналған «Еліміздің үздік жаңа жылдық шоуы» атты мерекелік қойылым ұйымдастырып, Жаңа жылмен құттықтады.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №43 (1867) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
(19-23.12.2022 жыл)

Студенттер назарына!
Алматы қаласында өтетін қысқы демалыстың маңызды мәдени оқиғаларын назарларыңызға ұсынамыз.
Қысқы демалысыңыз қызықты өтсін!
(19 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығы)

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №42 (1866) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасында көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Тарихи тұлғалар – ел есінде» атты мәдени шара өтті.