- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
30.03.2012 Студенттік пәндік олимпиада жеңімпаздары белгілі
28-29 наурыз 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде география және табиғатты пайдалану факультетінде «5В060900 – География» және «5В061000 Гидрология» бөлімдері бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.
30.03.2012 Пәндік олимпиада – бұл ғылым мейрамы
2012 жылдың 26-28 наурызы аралығында философия және саясаттану факультетінде әлеуметтану, мәдениеттану, философия, саясаттану, психология бойынша 5 бағытта ҚР БжҒМ-нің Республикалық Пәндік Олимпиадасы болы өтті.
30.03.2012 Жаңа кітап жарық көрді
30 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінде дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен КСРО және Қазақ КСР Халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Халық Қаһарманы, профессор Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтың 80 жасқа толуы қарсаңында және «Алматыдағы мәдениет жылы аясындағы» философия ғылымдарының докторы, профессор Молтобарова Күмісбала Ишанқызының «Режиссер Мәмбетов феномені» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.
30.03.2012 Халықаралық қатынастар факультетіндегі тұрақты даму бойынша семинар қазақстан-германдық ынтымақтастық көрінісі ретінде
2012 ж. 29 наурызында халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен магистранттары Германдық зерттеулер бойынша Орталықтың Ф. Эберт атындағы Қордың бірлесуімен өткізген «Қоршаған орта және тұрақты даму: герман және қазақстандық тәжірибе» аталған оқытушы семинарға қатысты.
29.03.2012 «Журналист болғың келе ме?» атты жас тілшілер форумының жеңімпаздары белгілі болды
29 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті және «Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газеті бірлесе ұйымдамтырған «Журналист болғың келе ме?» атты жас тілшілер форумы өтті.
28.03.2012 Туристік ұйымдарға экскурсия
30 наурыз күні сағат 10.00-де 5 жұлдызды «Достық» қонақ үйіне экскурсия басталады. Экскурсия барысында студенттер қонақ үй жайлы толық ақпарат алады (архитектурасымен, әрлендіру дизайнмен, қызметкерлерімен, олардың қызметтерімен, тарихымен, қонақ үй қандай қызметтер ұсынатындығымен, болашақта практика өту және жұмысқа орналасу жолдарымен танысады). Экскурсанттар қонақ үй нөмірлерін, салтанат, мәжіліс залдарын, SPA-орталықты көреді.
28.03.2012 «Студенттік көктем – 2012»
Кеше 27 наурыз күні ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында 2012 жылдың жыл сайынғы өнерлі жастарды қолдау мақсатында өтетін «Студенттік көктем-2012» көркемөнерпаздар байқауының финалы өтті.
27.03.2012 Профессор Дадабаевтың дәрістер курсы
«Әлеуметтiк ғылымдардағы зерттеуiнiң әдiстерi» осылай Цукуба (Жапония), университетінің профессоры белгiлi ғалым Тимур Дадабаевтың дәрістер курсы деп аталады. «Әлеуметтiк ғылымдардағы зерттеуiнiң әдiстерi» осылай Цукуба (Жапония), университетінің профессоры белгiлi ғалым Тимур Дадабаевтың дәрістер курсы деп аталады.
27.03.2012 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ТОБЫ анықталуда.
Байқау 29 наурызға дейін факультет ішінде, 30.03-31.05.2012ж. аралығында университет деңгейінде өткізіледі.
2011-2012 оқу жылының Ең үздік студенттік тобы Астана қаласында ҚР Парламентінің депутаттарымен кездесу мәртебесіне ие болады.
27.03.2012 Алма Сармурзинаның 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтуде
27 наурыз химия және химиялық технология факультетінің 427 аудиториясында Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ресей экологиялық академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылыми академиясының академигі, Халықаралық Ғылыми Академиясының (Ресей: орыс секциясы) шынайы мүшесі, химия ғылымының докторы, профессор Сармурзина Алма Ғайсақызының 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтуде.
27 наурыз химия және химиялық технология факультетінің 427 аудиториясында Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ресей экологиялық академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылыми академиясының академигі, Халықаралық Ғылыми Академиясының (Ресей: орыс секциясы) шынайы мүшесі, химия ғылымының докторы, профессор Сармурзина Алма Ғайсақызының 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтуде.