Жаңалықтар

Жаңалықтар


15.03.2012 Экономикалық кеңістікте жаңа экономика құру жолдары

16-17 наурызда аралығында (сағ. 10.00-де, 15 қабат, мәжіліс залы) «Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа экономиканы құрудың негізі ретінде» атты халықаралық конференция өтеді. Онда отандық, алыс және жақын шетелдік жетекші ғалымдардың баяндамалары тыңдалады.


14.03.2012 Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы

14 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары оқу орындары жаратылыстану және техникалық пәндер оқытушыларын даярлау және қайта даярлау бойынша Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы» атты үшкүндік семинар-тренинг өз жұмысын қорытындылады.

«Қазақстан-Үнді-Американдық жобасының» негізгі мақсаты біліктілікті арттыру, техникалық және жаратылыстану ғылымдарындағы пәндер бойынша жоғары оқу орындары оқытушыларын даярлау және қайта даярлау болып табылады. Халықаралақ жобаның ерекше маңызды мәселелерінің бірі ғылыми-білім беру кеңістігін кеңету аясында шетелдік және отандық мамандар пікір алмасты. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша, біздің оқытушылар онлайн жүйесі арқылы да білімдерін шыңдай алады. Дегенмен, «техника мамандарын онлайн арқылы оқыту мүмкін емес, сондықтан зертхана жұмысының орнығуы міндетті» деген Лиссабон Жоғары Технологиялар Институтының президенті (Португалия) Хосе Карлос: «Біз ҚазҰУ-дей білім ордасымен байланысқанымызға қуаныштымыз және байланысымызды жалғастыра береміз», - деп атап өтті.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов оқу жылы бойы оқытушыларды бұл жобаға жұмылдыру жалғаса беретіндігі жоспарланып отырғандығын алға тартты. Отанды оқытушыларымыз маусым айынан бастап біліктіліктерін шыңдауға кіріседі.


14.03.2012 Оқырманымен қауышқан тұңғыш мақал-мәтелдер

Қазақ фольклорына арналған тағы бір құндылық. Бұған дейін еш жинақта кездеспеген мақал-мәтелдер оқырманға жол тартты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің профессоры, «Қазақ фольклористикасы» оқу-зерттеу лабораториясының меңгерушісі Сұлтанғали Садырбайұлының құрастыруымен, жалпы редакциялық басқаруымен «Қазақ халқының мақалдары мен мәтелдері» атты кітап жарық көрді.

«Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген асыл қазынаның тұсаукесер рәсімі 14 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті. Профессор Сұлтанғали Садырбаев бұл еңбек он жылдық маңдай терінің үлесі екенін тілге тиек етіп: «Кітапта ХVІІІ – ХІХ ғасырда Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Алматы қалаларында араб әрпімен басылған жинақтарда жарияланған мақал-мәтелдердің таңдаулы үлгілері берілген. Бұрынғы жинақтарда кездеспейтін, Қазақстан Ғылым академиясының қолжазбалар қорынан алынған жүздеген жаңа мақал-мәтел қосылды», - дейді. Ал, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира Құдайбергенқызының айтуынша, елімізде жыл сайын мақал-мәтелдерге арналған бірді-екілі кітаптар жарық көреді екен. Ал бүгінгі кітапта араб тілдерінен қазақ тілдеріна аударылған мақал-мәтелдермен оқырман тұңғыш рет қауышып отыр.


13.03.2012 ҚазҰУ оқытушылары және қызметкерлері пәтер алды

ҚазҰУ-дың алғашқы 5 оқытушысы және қызметкері салатанатты түрде пәтер кілтіне ие болды. Бұл ағымдағы жылдың қаңтар айында университет басшылығының өзара тиімді келісім «БТА Банк» АҚ салушы «Эдельвейс» тұрғынүй кешені тұрғын арасында жасалған келісім-шарт негізінде іске асып отыр. Үй нарықтағы төменгі 20% көрсеткішімен және университеттің жұмысшыларына жеңілдік ипотекалық несиелеу арқылы беріледі.


13.03.2012 Факультеттердің мемлекеттік аттестацияға дайындығы қаралды

Университет факультеттерінің мемлекеттік аттестацияға дайындығы қаншалықты? Ректораттың 12 наурызында өткен кезекті мәжілісінде осы сұрақтар кеңінен талқыланды.

Бұл күні химия және химиялық технология, биология және биотехнология, география және табиғатты пайдалану, физика-техникалық факультеттердің МАҚ-қа дайындығы сөз болды. Факультет декандары ескертулер бойынша тыңғылықты жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Қалған факультеттердің мемлекеттік аттестацияға дайындығы алдағы уақытта таразыланады.


12.03.2012 Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы

12 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары оқу орындары жаратылыстану және техникалық пәндер оқытушыларын даярлау және қайта даярлау бойынша Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы» атты үшкүндік семинар-тренинг өз жұмысын бастады.


11.03.2012 Студенттердің шығармашылық жыр кеші

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Биология және биотехнология факультетінде «Көмек» еріктілер қоғамының ұйымдастыруымен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жылтолуына арналған Студенттердің шығармашылық жыр кеші болып өтті.


11.03.2012 ҚазҰУ Қазақстан бойынша алғаш болып жоғары оқу орындары жаратылыстану және техникалық пәндер оқытушыларын даярлау және қайта даярлау бойынша жобаны қолға алып отыр

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдік тәжірибе негізінде техникалық және жаратылыстану ғылымдарындағы пәндер бойынша жоғары оқу орындары оқытушыларын даярлау және қайта даярлау жобасы қолға алынып отыр.


11.03.2012 ҚазҰУ-да жаңа проректор

ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жыл 7 наурыздағы бұйрығына сәйкес Әбдібеков Уалихан Сейділдәұлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры болып тағайындады. Бұған дейін ол механика-математика факультетінің деканы қызметін атқарған.


07.03.2012 «Бәрі де сіздер үшін, арулар!»

Өткен оқу жылынан бастап университет ректоры Ғ.М. Мұтановтың бастамасымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі ерекше аталып, тек ер азаматтар құрамы өнер көрсеткен мерекелік кеш биыл да өз жалғасын тапты.