Жаңалықтар

Жаңалықтар


26.12.2011 Thomson Reuters компаниясының мәлімдеуінше ҚазҰУ профессорларының индексі жоғарылады

Thomson Reuters компаниясының мәлімдеуінше 2011 жылдың қорытындылары бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы мен Мун Григорий Алексеевичтің Хирш индекс мәндері жоғарылады.

Thomson Reuters компаниясының мәлімдеуінше профессор Г.А. Мунның h-индексі 16-ға, профессор Т.С. Рамазановтың h-индексі 11-ге тең.


24.12.2011 Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығына орай студенттер арасында ағылшын тіліндеі «For a nuclear–free world» коференциясы өтті

Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығына орай студенттер арасында ағылшын тіліндеі «For a nuclear–free world» коференциясы өтті.

Конференцияны дипломатиялық аударма кафедрасының доценті Г.С.Сулейменова мен аға оқытушы Г.А.Карипбаева ұйымдастырды. Онда халықаралық қатынастар факультетінің 4-курс студенті Жәнібек Арынов пен Дәурен Копабаев модераторлық жасады.

Конференцияда факультет деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор К.Н. Шакиров және дипломаттық аударма кафедрасының доценттері сөз алып, пікірлерімен бөлісті.


23.12.2011 «Аққудың сыңары» кітабының тұсауы кесілді

23 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Т.Қожекеев атындағы мәжіліс залында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары Ермахан Шайхыұлының «Аққудың сыңары» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай «Атамұра» баспасынан шыққан жинақта қаламгердің 2004-2011 жылдар аралығында «Айқын» газетінде «Аққудың сыңары», «Жақсының көзі» айдарлары бойынша жарық көрген сыр-сұхбаттары мен мақалалары топтастырылған. Кітаптың тұсаукесеріне Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендікеліні, Қалижан Бекхожиннің зайыбы Зайда Жанайқызы, Төлеген Айбергеновтың қызы Салтанат Айбергенова және тағы да басқа кітап кейіпкерлері, ақын-жазушылар, университет профессорлары мен оқытушылар, студенттер қатысты. «Кітаптың алғашқы бөлімінде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары мен әнші-сазгерлерінің, сондай-ақ өнер қайраткерлерінің артында қалған аяулы жарлары өздерінің өмірлік серігі болған жұбайлары туралы сыр шертсе, ал «Жақсының көзі» атты екінші бөлімде ұл-қыздары асқар таудай әкелері жайлы сағыныштарын жеткізген», - дейді кітап авторы Ермахан Шайхыұлы. Ал кітаптың жарық көруіне демеушілік көрсеткен «Атамұра» корпорациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы: «Бұл кітап басқа кітаптардан өзгерек. Бұл кітаптың жарық көруі ешкімнің ұсынысынсыз-ақ сұранып тұрды десек болады. Кітап Қалижан Бекхожин, Нұрғиса Тілендиев, Тәкен Әлімқұлов, Жарасқан Әбдіраш, Бексейіт Түлкиев сияқты бірнеше қазақтың көрнекті ақын-жазушылары мен әнші-сазгерлерінің, суретшілер мен спорт шеберлерінің сондай-ақ, өнер қайраткерлерінің артында қалған аяулы жарлары өздерінің өмірлік серігі болған жұбайлары туралы сыр шертуімен ерекше. Бізге сол аға буынның артықшылығын, жақсы қасиеттерін баяндап, сұқбаттаса отырып ол кісілердің соңында қалған аяулы жандар жарларының болмысын ашатын шынайы сұқбат бере отырып, өздерінің парасаттылығын да аңғартқандай. Баспагер ретінде айтар болсам, мұқабасында тұрған қос аққу махаббаттың белгісін беру арқылы үлкен мағынаға ие. Безендірілуі мен мазмұны бір-біріне сай жақсы ай, жақсы күнде шығып отырған асыл қазына», - деген ойымен бөлісті.


23.12.2011 ЕRASMUS MUNDUS бағдарламасының TARGET-II жобасының шәкіртақысына мәлімдеме беру ашылды

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен ұстаздары ERASMUS MUNDUS Еурокомиссиясының бағдарламасы аясындағы TARGET-II академиялық мобильді халықаралық жобаға Еуропа елдеріндегі ЖОО білім алу негізінде Еурокомиссияның біршама шәкіртақысын алу үшін байқауға қатысуларына мүмкіндік бар.


22.12.2011 Жоғары мемлекеттік наградалар табыс етілді

Желтоқсанның 22 жұлдызында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Саят Болатұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті және ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының өкілдеріне мемлекеттік награда тапсырды.

Білім және ғылым вице-министрі тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, бүгінде білімге, ғылымға деген үлкен қолдауды атады. Осы орайда, жастарды тәрбиелеп, оқытуда сүбелі үлес қосып жүрген оқытушы-профессорлар құрамына ризашылығын білдіріп, марапаттарды табыстады. Атап өтер болсақ, «Құрмет» орденімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ардагері Валентина Исенгалиева, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Жоғары технология және тұрақты дамыту институтының директоры Серік Көмеков, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра профессоры Досмұхамед Кішібеков, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Лейла Ахметова марапатталса, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет атағымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Надежда Гайнуллина, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының мүше-корреспонденті Хозе Қазыханов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мейірхан Әбділдин марапатталды.


21.12.2011 «77 жылдықта 77 теңгемен түскі ас» әлеуметтік акциясы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде желтоқсан айының 14 жұлдызында «Сұңқар» кәсіподағының ұйымдастыруымен «Біз – дұрыс тамақтануды қолдаймыз» жобасының аясында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық және университетіміздің 77 жылдық мерейтойына арналған «77 теңгелік түскі ас» атты акция өтті.

Биыл еліміздің егеменді ел атанып, аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне 20 жыл толса, білімнің қарашаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 77 жыл толды. Ал 1999 жылдан бастап заңды мекемеге айналған «СҰҢҚАР» Студенттер әлеуметтік кәсіп одағына 12 жыл толып отыр.

Университеттің белсенді жастарының ұсынысымен қолға алынған әлеуметтік акция ҚазҰУ-дың 75 жылдығында бастау алып, биыл дәстүрлі түрде үшінші жыл өткізіліп жатыр.

«Сұңқар» кәсіподағының осы жылғы «Біз – дұрыс тамақтануды қолдаймыз» атты үлкен жобасы бұл акцияның басты ұраны болды. Дені сау ұрпақ дені – сау ұлт бастамасы. Күнделікті біліне бермейтін іс болса да, дұрыс тамақтану ол – ертеңгі ұлттың жалғасуын, ұлттың мықтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор.

«77 теңгелік түскі ас» атты әлеуметтік акциясының басты жетістігі 5 сағаттың ішінде 1200 студентті тамақтандырған «Сұңқар» кәсіподағы «ҚазҰУ рекордтар клубына» ең бірінші рекордымен енді.

Акцияның шарты бойынша тамақтануға келген 7-ші студент физика факультетінің студенті болса, 77 және 777-ші болып келген филология және әлем тілдері факультетінің екі қызы арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар көрермендер арасынан өз өнерлерін Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнаған студенттерге де арнайы сыйлықтар үйлестірілді.


20.12.2011 ҚазҰУ-да Ермахан Шайхыұлының «Аққудың сыңары» атты кітабының тұсаукесері өтеді

23 желтоқсан сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Т.Қожекеев атындағы мәжіліс залында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары Ермахан Шайхыұлының «Аққудың сыңары» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай «Атамұра» баспасынан шыққан жинақта қаламгердің 2004-2011 жылдар аралығында «Айқын» газетінде «Аққудың сыңары», «Жақсының көзі» айдарлары бойынша жарық көрген сыр-сұхбаттары мен мақалалары топтастырылған.

Алғашқы бөлімде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары мен әнші-сазгерлерінің, сондай-ақ өнер қайраткерлерінің артында қалған аяулы жарлары өздерінің өмірлік серігі болған жұбайлары туралы сыр шертеді. Ал екінші бөлімде ұл-қыздары асқар таудай әкелері жайлы сағыныштарын жеткізеді.


20.12.2011 Хван Суниилдың лидерлік дәрісі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде Оңтүстік Корея (Сеул) Донггук университетінің профессоры Хван Суниилдың «Dana on ones body and danas perfection» тақырыбында лидерлік дәрісі өтті.


20.12.2011 ҚазҰУ студенттері Ланджоу және Хайнань провинциясында өтетін студенттік фестивальге қатысады

Қытай Халық Республикасының Шанхай ынтымастық ұйымына төрағалығы шеңберінде «Тату көршілік және достық жылы» ұраны негізінде, 20-26 желтоқсанда Ланджоу және Хайнань провинциясында ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің бірінші студенттік фестивалі өтеді. Аталған іс-шараға бүкіл Қазақстанның атынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан өнерлі студенттердің қатысатынын хабарлаймыз.


19.12.2011 Жаңаөзендегі оқиғаға қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымының үндеуі

Құрметті отандастар!

Біз бүгінде ел Тәуелсіздігі жарияланғанына 20 жыл толған күнді – Республикамыздың ұлы мерекесін орасан зор қуанышпен, ерекше мақтанышпен қарсы алдық. Қазақстан – дербес, күшті, шын мәнінде, халықтық саясатпен егеменді және өркениетті мемлекет болып қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Парламентімен қабылданған Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған декларациясы егемендігімізді нығайту мен қалыптастыруға, мемлекеттіліктің құрылу жолындағы Бірінші Президент Н.Ә. Назарбаевтың ерекше орны мен Қазақстан қоғамындағы жетістіктердің әділ бағасы болып табылады. Бейбітшілік, келісім, бірлік, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, орнықты даму, халықаралық мойындау –осылардың барлығы Қазақстан халқының жалпы игілігіне айналған Тәуелсіздіктің басты жетістіктері.