- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркия Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы Метин Кыратлы бастаған делегация арнайы келді. Құрметті меймандар алдымен «Әл-Фараби» кітапханасында болып, университет ғалымдары әзірлеген инновациялық жобалармен және ҚазҰУ қалашығының ІІ даму жоспарымен танысты.

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, қызметкерлері және студенттер!
Сіздерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы және өз атымнан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

ҚазҰУ-да «Europe and Asia: Cultural Diplomacy and Geopolitics of the EU» атты магистрлік қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша биыл бесінші жылғы түлектерге дипломдар табысталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменейдің 70 жылдығына арналған «Шығыстану және түркітану ғылымдарының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Оған Қазақстандағы Шығыс елдерінің Елшілік өкілдері, ҚР ҰҒА академиктері, отандық және шетелдік зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев «Туған жерге тағзым» атты өңірлік форумына қатысып, Алматы облысы әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ахмет оқулары» аясында «Ахмет Байтұрсынұлы және ғылым тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Оған белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік тілші, әдебиетші ғалымдар мен білім алушы жастар қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Польша Республикасының Қазақстан мен Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі, профессор Селим Хазбиевичтің «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген «Польшалық-литвалық татарлар – Алтын орда мирасқорлары» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінде 2022-2023 оқу жылындағы қысқы емтихан сессиясының барысы талданды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унверситетінің үздік қызметкерлерін анықтау, оларды әлеуметтік қолдау және ынталандыру мақсатында «Ең үздік маман-2022» байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы. Биыл 12-мәрте ұйымдастырылып отырған сайыс ҚР Тәуелсіздік күніне арналып отыр.

ҚазҰУ профессоры, академик Лейла Ахметова Еуразия халықтары Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылған «Халық дипломатиясының көшбасшысы» атты халықаралық байқауда жүлделі бірінші орынды иеленді.