- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «QazBioPharm» холдингінің ұйымдастыруымен «Ведомствоаралық ғылыми кластер – ғылымды қажетсінетін өнім жасаудың негізі» атты семинар өтті.

(5.12.2022 - 9.12.2022 жыл)

Қазақстанның БҰҰ деңгейінде мойындалған әлемдегі 193 елмен қарым-қатынасын дамытуда шет тілдерін білетін мамандарға деген сұраныс бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда артпаса, кеміген жоқ. Бұл бағыттағы жұмыста Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің де өзіндік орны бар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, І дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, зерттеуші-ғалым, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Шөмішбай Сариевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғибратты ғұмыр» атты сериялық кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті.
Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары!
12.12.2022 ж. бастап қысқы емтихан сессиясының басталатындығы туралы хабарлаймыз.
БҰҰ директивасына сәйкес, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне және заң ғылымының докторы, профессор Гүлнар Рахымжанқызы Усеинованы еске алуға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ҚР Орталық мемлекеттік архиві арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Архив сыйы: ҚР ОМА кітаптары – Әл-Фараби университетінде» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Жаңа Қазақстанның дамуы халыққа білім беру ісі мен ғылымның дамуына тікелей байланысты. Алайда ғылымды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат пен бөлініп жатқан қомақты қаржыға қарамастан, еліміз қазіргі таңда ғылым мен инновациялар саласындағы әлемдік рейтингте көздеген көрсеткіштерге ие бола алмай отыр.

Биылғы оқу жылы Қиыр Шығыс кафедрасының 1-курс студенттері үшін қызыққа әрі керемет әсерге толы шаралардан басталды. Жыл сайын университет және факультет көлемінде студенттер қатарына қабылдау мерекесі кеңінен атап өтіледі. Ал корейтану бөлімінде сонымен қоса, 1-курс студенттерінің жоғары курс студенттерімен танысуы да игі дәстүрге айналған.