- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
01.10.2011 Global classroom сессиясы
4-қазан күні сағат 18:00-де химия және химиялық технологиялар факультеті 221-дәрісханада пікір-сайыс өтеді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың барлық оқытушыларын, қызметкерлерін және студенттерін Global classroom-ның аталмыш сессиясына қатысуға шақырамыз.
30.09.2011 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары ҚР Президенті атындағы стипенлия иегері атанды
Бүгін Ақордада Елбасы Н.Ә.Назарбаев республикамыздағы ең үздік он магистрантты Президенттік стипендиямен және төсбелгілермен марапаттады.
Марапттау рәсімінде Елбасы «Әрқайсыларыңыз өздеріңізді талантты магистрант ретінде таныта алдыңыздар. Осы арқылы сіздер үлкен жетістікке жеткендеріңізді дәлелдедіңіздер. Алдағы уақытта да өз-өздеріңізге үлкен мақсат қою біліңіздер. Біз әрқашан сіздерге және еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетеміз», - деді.
30.09.2011 Жұмыс берушілер ҚазҰУ мамандар даярлау нәтижелеріне разылық білдірді.
Мансап және бизнес орталығы 2010/2011 оқу жылында ішінара сауалнама өткізді, сауалнамаға әр-түрлі саланың 400 астам компаниялар қатысты. Қатысушы арасында Қарашығанак Петролиум Оперейтинг Б.В., ҚазМұнайГаз, Қазатомпром, Ақтөбемұнайгаз, Қазцинк, Қазақмыс, Самрұқ-Қазына, Kazyna Capital Management, Microsoft Казахстан, Ел Арна, Қазэкология, Халық банк, KPMG, Deloite, НИИ компаниялар сияқты ірі компания өкілдері.
29.09.2011 Интеллектуалдық фронттың жаналықтары. SIFE KazNU команда қатысушылары «Инттелектуалдық олимпиадалар IQ-games» байқауының финалына шықты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, SIFE KazNU команда қатысушылары - Құрманғалиев Рауан, Батырханов Меир және Серікұлы Алмас Тұңғыш Президент Қорының «Интеллектуалдық олимпиадалар IQ-games» байқауының финалына шықты. «Интеллектуалдық олимпиадалар»- бұл командаларды әр түрлі тематика бойынша логикалы есептерді шығаруға бағытталған қазақстандық танырлық телешоу. Ойындағы сұрақтар эрудицияға қарағанда, ойшыл процесске хабарланған. Сұрақтар көбінесе телекөрермендермен құрылған. IQ-games ҚазҰУ командасының ресми демеушісі - Мансап және бизнес орталығы.
29.09.2011 «Жастар балаларға көмек көрсетуде» ҚазҰУ акциясы.
Шығармашылық инициатива әйелдер лигасы, «Көмек» волонтерлық ағым және мансап және бизнес орталығы Алматы қ. Әкімшілігінің жанұялы-демографиялық саясат Комиссияның қолдауымен, «Жастар балаларға көмек көрсетуде» атты қалалық әлеуметтік жобаны іске асырады. Жобаның мақсаты: жетім балаларға, қамтамасыз етілмеген жанұяның балаларына, шектелген мүмкіншілігі бар балаларға репетиторлық көмек көрсету. Осы қызмет Алматы қ. осалдылық балаларына оқуда көмектесе отырып, сонымен қатар студенттік азаматтық және әлеуметтік белсенділігін дамытуға шақырады.
29.09.2011 Қатысуға шақырамыз! «Болашақ - жастар үшін» - білім және технология трансферті: Қазақстан аймақтарын дамыту сценарии
Құрметті 3, 4 курс студенттері, магистранттар және PhD докторантар! Сіздерді «Болашақ жастар үшін» семинары және форсайт зерттеуге қатысуға шақырамыз. Дәріс оқу үшін аумақтар ерекшеліктерін байқай отырып салалардың стратегиялық жоспарлау және болжау тақырып бойынша өнеркәсіпті-инновациялық, кіші және орта бизнес, мемлекеттік саясат саланың эксперттері шақырылды.
6-7 қазан, сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін журналистика факультетінің 230 аудиториясында және «Руханият» залында «Болашақ жастар үшін» семинары өтеді.
29.09.2011 «Тілдер» фестивалі жабылуы салтанатты түрде өтті
27 қыркүйек жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Бір аптаға созылған фестивальге туған тілдің тұнықтығын сақтаған, бірнеше тілді жетік меңгерген, жүзден жүйрік озып шыққан білікті де білімді жастар мен университет қызметкерлері қатысты. Университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов бірінші рет университет деңгейінде ұйымдастырылып отырған «Тілдер» фестивалі аясында өткізілген іс-шаралардың барлығына ризашылығын білдіріп, фестиваль жеңімпаздарын дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапаттады.
29.09.2011 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған тұңғыш университет
Еліміздің көшбасшы жоғары оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық ықпал» бағдарламасына мүшелікке қабылданды. ҚазҰУ бұл бағдарламаға қабылданған Қазақстандағы ЖОО арасындағы тұңғыш университет.
«Академиялық ықпал» бағдарламасы - бұл адам құқығы, біліктілік, тұрақты даму, бейбітшілікті сақтау және қақтығыстарды шешу, мәдениетаралық диалог секілді оншақты әлемдік мойындалған қағиданы белсенді қолдауға байланысты әлемнің 90 елінен 500-ден аса университетті біріктіретін БҰҰ-ның жаһандық бастамасы.
29.09.2011 Дүниежүзілік саясаттағы Шығыс елдері
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде танымал саясаттанушы-ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның стратегиялар зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері М.Т. Лаумулиннің «Дүниежүзілік саясаттағы Шығыс елдері» тақырыбында ашық лекциясы өтті.
28.09.2011 КҮМБЕЛ ШЫҢЫНА ЖОРЫҚ (3200 М)
Өткен жексенбі күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде георафия және табиғатты пайдалану факультетінде рекреациялық география және туризм кафедрасының құрылғанына 15 жыл толуына байланысты Күмбель шыңына (3200м) жаппай жорық болды.