Жаңалықтар

Жаңалықтар


13.05.2011 «ҒАСЫР САНАСЫ: ОНТОЛОГИЯ, ДІН, МӘДЕНИЕТ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

18 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті философия ғылымдарының докторы, профессор М.С. Орынбековтың 65 жылдығына арналған «ҒАСЫР САНАСЫ: ОНТОЛОГИЯ, ДІН, МӘДЕНИЕТ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.


13.05.2011 TEMPUS PERSEUS жобасы 3-ші жыл өтуде

Мамыр айының 12-13 күндері ҚазҰУ-дың қолданбалы лингвистика мәдениаралық қарым-қатынас орталығының ұйымдастыруымен «Зерттеу жұмыстары – Ғылым – Өндіріс» TEMPUS PERSEUS принципі бойынша «Қазақстан жоғары оқу орындарында инновациялық қызметтің дамуы және келешегі» атты дөңгелек үстел өтті.


12.05.2011 20 студент ПОСКО қорының шәкіртақысын иеленді

11 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Т. Дж. Пак атындағы ПОСКО болат балқыту комбинаты қорының делегациясы арнайы келді. Қор делегациясы ҚазҰУ-дың 20 студентіне ПОСКО болат балқыту комбинаты қорының шәкіртақысын табыс етті.

Оңтүстік Кореяның ПОСКО (POSCO) компаниясы әлем елдерінің ішіндегі металлургия және болат өндіретін ірі компанияларының бірі. 1971 жылы осы компанияның негізін қалаушы Т. Дж. Пак атындағы қордың демеушілігімен құрылды. Қор жұмысы отандық және шетелдік ғылым, мәдениет, білім салаларын дамытуға бағытталған. 2006 жылдан бастап Қор Азия елдерінің үздік студенттеріне шәкіртақы бөлу бағдарламасын енгізген болатын. Осы орайда Қазақстандағы білім ордалары арасында алғашқылардың бірі болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарым-қатынас орнату меморандумына қол қойды. Нәтижесінде 2007 жылы қазұулық 25 студент, 2008, 2009 және 2010 жылдары ҚазҰУ-дың 20 студенті қордың шәкіртақысын иеленді. Бұл үрдісті биыл да жалғастыра келген қор делегациясы ҚазҰУ-дың 20 студентіне ПОСКО болат балқыту комбинаты қорының шәкіртақысын табыс етті.


11.05.2011 Корей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық кепілі

Мамырдың 11 күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Корей мемлекетінен арнайы келген қонақтар, Кореяның денсаулық сақтау институты, халықаралық емдеу мекемесінің координациялық тобының бастығы Kim Sam Ryang, "JunglimArchitecture» дизайн орталығының директоры Park Won Bae, Корея сандық емхана агенттігінің аудандық директоры Kim Tae Hyung, Корея университеті жанындағы медициналық орталықтың вице-президенті Cho Tai Hyoung, Корея университеті жанындағы менеджер көмекшісі Kim So Heeмен кездесу өтті.


10.05.2011 Сәтті сессия – басты талап

Университет рейтингісінің басты өлшемі сессия кезеңімен өлшенетіндігі тәжірибеден белгілі. Студенттің өз жиған-терген білімі мен тәжірибесін сынға алатын, пысықтап, таразылайтын шешуші сын сәті де студенттік өмірде сессия ұғымымен тығыз байланысты. Осы орайда әр студенттің сессияны қалай тапсырмағы университет рейтингісіне өз салмағын қоспақ. 10 мамырда өткен Ректораттың кезекті мәжілісінде 2010-2011 оқу жылындағы көктемгі сессияға дайындық деңгейі кеңінен қаралып және компетенттік бағыт негізінде оқу бағдарламасын дайындау мәселелері назарға алынды.

ҚазҰУ-дың Оқу жұмысы жөніндегі проректоры Гүлнар Балақаева мәлім еткендей, 1-3-курс бакалавриат студенттері 2-28 мамыр аралығында, 1-курс магистранттары мен 1-2-курс PhD докторанттары 2-21 мамыр аралығында 2010-2011 оқу жылының көктемгі сессиясынан өтеді. Бұл оқу жылының көктемгі сессиясында жалпы тапсырылатын емтихан саны магистратурада – 310, бакалавриатта – 2865, докторантурада – 230 құрайды. Студенттер көктемгі сессияны сәтті тапсыра отырып, келесі оқу жылына көшеді.


30.04.2011 Оразбаев оқуларына арналған конференция өтті

29-30 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Қазақстан археологиясы мен этнологиясы: жетістіктері және инновациялық технологиялары» атты археология және этнология кафедрасының 40 жылдығына арналған «ІІІ Оразбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


29.04.2011 ҚазҰУ-дың Ай арулары

29 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, тәуелсіздікпен түйедей құрдас қазақ аруларының арасында “Айдай едің жасыңда...” атты байқау өтті. Байқауды қазақ әдебиеті кафедрасында құрылған “Ай ару” клубы ұйымдастырды.

Арнайы шақырылған қонақтардан Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департаменттің директоры Гүлнәр Сәрсенбекова, әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова, ҚызМПУ-дың халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Күлзия Пірәлиева, “Айгөлек” балалар журналының бас редакторы Қымбат Әбілда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова төрелік етті.


29.04.2011 Білім сапасы академиялық ұтқырлықта!

28-сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Академиялық ұтқырлық: жүзеге асыру механизмдері мен даму болашағы» атты республикалық семинары өтті. Семинарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Республикалық семинардың мақсаты Қазақстанның даму қарқынына байланысты мамандар даярлау кезінде жүзеге асырылатын университет имиджінің ұстанымдары қаралды. ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Мұрат Орынханов, ҚР ЖОО-ның ректорлары, шетелдік қонақтардан Ұлыбританияның Қазақстан және Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дэвид Моран, Францияның ҚР елшілігінің техникалық және ғылыми ынтымақтастық жөніндегі атташесі Гийом Жироде, Польшадағы Адам Мицкевич атындағы университеттің профессоры Хенрык Янковски қатысты.


29.04.2011 Нагиб Махфуздың 100 жылдық мерейтойына орай халықаралық конференция болып өтті

27-28 сәуірде шығыстану факультетінде арабтану кафедрасы және Египет мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Нобель сыйлығының лауреаты, атақты Египет жазушысы Нагиб Махфуздың 100жылдық мерейтойына орай «Нагиб Махфуз: шығыс мәдениетінің зердесі» атты халықаралық конференция болып өтті.


27.04.2011 Археология және этнология кафедрасының 40 жылдығына арналған «ІІІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

29-30 сәуірде сағат 10.00-да әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Қазақстан археологиясы мен этнологиясы: жетістіктері және инновациялық технологиялары» атты археология және этнология кафедрасының 40 жылдығына арналған «ІІІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияны өткізудегі басты мақсат археология мен этнологияның жаңа әдістері мен технологияларын пайдалану мәселелері қарастырылалды.