Жаңалықтар

Жаңалықтар


13.04.2011 Тура би атында шешендік өнер клубы ашылды

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде тұңғыш рет шешендік өнер клубы ашылды. Құрылғанына 15 жыл толған факультетте неміс, орыс, жапон, қытай және т.б. тілдерінің арнайы клубтары қызмет етіп келеді.

Бұл клуб ұлттық нақышты үгіттеуге бағытталған. Бүгінгі таңда елшілікте, билік орнында жүрген азаматтарымыз ресми тілді көп қолданып, ана тілі ұмыт болып бара жатқандай. Осыған байланысты халықаралық қатынастар факультетінің 1-2 курс студенттері ана тілін дәріптейтін клубтың ашылуын мақсат тұтты. Ата-бабадан қалған өсиетті сөздер мен шешендік өнер тәлімін жаңғырту, әрі жастар арасында кеңінен насихаттау жұмысы қолға алыну керектігін атап өтті.


13.04.2011 Жастар ұйымдарының ынтымақтастығы

12 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдары комитеті Қазақ ұлттық аграрлық университеттінің белсенділерімен кездесті. Кездесуге Жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі Назира Болдурукова, «Сұңқар» Студенттер кәсіподағы төрайымы Әлия Қарақожаева, Студенттер кеңесінің төрайымы Сәуле Аязбаева, «Блютус» клубының жетекшісі Ақмарал Асылбекова, «Жас көшбасшы мектебі» жетекшісі Сәуле Ишангалиева қатысты. Басты мақсат студеттік өзін-өзі басқару саласында өзара тәжірибе алмасу.

ҚазҰУ белсенділері бүгінде жұмыс атқарып жатқан студенттік өзін-өзі басқарудың үлгісімен, студеттік ұйымдардың жұмысымен таныстырды.


12.04.2011 Өнер тарланы Асанәлі Әшімов мехматқа келді

Сәуірдің 11-жұлдызында механика-математика факультеті ұжымының ұйымдастыымен факультетке КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов келіп, студенттермен кездесу өткізді. Кездесу «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2-курс оқу озаты Милана Имранованың Асанәлі өмірінің қызықты да қиын кезеңдерін суреттеумен басталды. Ол қонағы­мыздың студенттік кезеңдеріне тоқтала келе Асанәлінің жас кезінде тіл шеберлігін арттыру мақсатымен ҚазМУ-дың филология факультетінде сырттай оқығанын әңгімелеп берді.

Бұл – ел тұлғала­рының қара шаңырақ ҚазҰУ-мен байланысын аңғартса керек.


12.04.2011 Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық қатынастар факультетінде «Германияның қазіргі сыртқы саясатының негіздері және Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық бағыттары» тақырыбында елші сағаты өтті. Студенттер мен оқытушылардың қонағы Герман Федеративті Республикасының Бас консулы Герольд Амелунг болды.


12.04.2011 «Яростный 1941. Размышления историков» кітабының тұсаукесері

14 сәуір күні сағ. 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында профессорлар Владислав Григорьев пен Ләйлә Ахметованың авторлығымен «Яростный 1941. Размышления историков» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.

Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталады. Кітап осы мерейтой аясында жарық көріп отыр. ХХ ғасырдың негізгі оқиғалары, жеке тұлға мен қоғам, этнос және ұлттық қауіпсіздік, саясат және идеология, психология мен мораль, мәдениет пен дін арасындағы қақтығыстар қамтылған.


12.04.2011 Парсы тілінің апталығы өтті

4-9 сәуір аралығында ҚазҰУ шығыстану факультетінің ирантану және үндітану кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында парсы тілі апталығы өтті. Апталықтың ең бір маңызды оқиғасы - Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ғорбан Сейфидің студенттерге оқыған «Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы Қазақстан мен Иран байланысы» дәрісі болды. Құрметті қонақты ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев қарсы алды.

«Елші сағатына» факультет студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы, ҚР Қорғаныс Министрлігі Құрлық Әскерлері Институтының курсанттары қатысты.


12.04.2011 ҚазҰУ-да «Әл-Фараби» Олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

12 сәуірде ҚазҰУ-дың Ғылыми мәжіліс залында салтанатты түрде (15-қабат, ҚазҰУ-дың мәжіліс залында) «әл-Фараби» Олимпиадасының жабылу рәсімі өтті.

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсіміне ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік зерттеу орталығының директоры Ділдәш Бейтуова жеңімпаздарды құттықтап, І, ІІ, ІІІ-орын иегерлеріне дипломдарды табыстады. Сондай-ақ, ҚазҰУ-дың оқу ісінің проректоры Гүлнәр Балақаева, барлық факультет декандары қатысты.


12.04.2011 ҚазҰУ талантты жастарды іріктейді

11 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кезекті ректорат мәжілісінде ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетін құру мәселелері жөнінде Мәлік Ауған баяндама жасады.

Оның басты мақсаты – уақыт талабына сай ЖОО-ға дейінгі дайындық курстарын өткізу жұмыстарын жүйелеу, әрі тиімді пайдалану. Университетке талантты жастарды тарту үшін арнайы іріктеу тураларын өткізу керектігі айтылды.


11.04.2011 ҚазҰУ-да Наурыз мейрамы тойланды

10-сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алаңында «Қош келдің, әз-Наурыз!» мейрамы тойланды. Концерттік бағдарламаны дәстүрлі түрде ҚазҰУ-дың «Фараби сазы» ұлт-аспаптар оркестрі Түркештің «Көңілашар» күйімен ашты.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, ҚР ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрынов, академик Төлеген Қожамқұлов және қазақ эстрадасының әншілері арнайы қонақ болды.


08.04.2011 ҚазҰУ-да "Қош келдің, әз-Наурыз!" мейрамы аталады

10-сәуір күні сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы алаңында «Қош келдің, әз-Наурыз!» мерекесі өтеді.

Көктем мерекесін тойлау университет кампусында “Наурыз – жаңару иедеясы” атты тазалық жұмыстарын жүргізуден басталды.