Жаңалықтар

Жаңалықтар


07.04.2011 Баспа мамандарын даярлау және жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

6 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Алматы қаласы әкімдігінің және республикалық ақпарат құралдарының қолдауымен “Баспа мамандарын даярлау және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері” атты алқасөз өтті.


07.04.2011 ҚазҰУ-да бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

15 сәуір күні сағат 10.00-13.00 аралығында Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайынд бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Шараға ірі қазақстандық және халықаралық ұйымдардың бос жұмыс орындары, бағдарламалары мен тренингтері ұсынылады. Қатысушылар жұмыс берушілердің сұраныстарымен танысып, түйіндемелерін қалдыруға мүмкіндіктері бар, әрі РR-менеджерлермен бетпе-бет кездесе алады.

Жәрмеңкеге GSM Қазақстан, Microsoft Kazakhstan, Қазатомпром, Қазақмыс, Самұрық-Қазына қоры, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг , Теңізшевроил, АқтөбеМұңайГаз, Кар-Тел, KPMG, Қазақстан Халық Банкі, Альянс Банк, Сбербанк, Банк ЦентрКредит, Аудандық қаржы орталығы, Кока-Кола Алматы Боттлерс, мемлекеттік ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттары қатысады.


07.04.2011 «Әл-Фараби» Олимпиадасының жабылу рәсімі өтеді

12 сәуір күні сағат 10.00-да ҚазҰУ-дың Ғылыми мәжіліс залында (15-қабат, ректорат) «әл-Фараби» Олимпиадасының жабылу рәсімі өтеді.

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың төрағалығымен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік зерттеу орталығының директоры Ділдәш Бейтуова жеңімпаздарды құттықтайтын болады. Шақырылған қонақтардан ҚР облыстарының және Алматы қаласы Білім беру басқармасының бастықтары, мектеп директорлары қатысады.


06.04.2011 Жастар ұйымдары комитетінің жұмысы жандана түспек

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов университеттегі Жастар ұйымдары комитеті мен Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді тобымен арнайы кездесті. Басты мақсат 22-23-сәуір аралығында ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен өтетін «Заманауи университеттегі Студенттік өзін өзі басқару: тәжірибе, инновация және болашағы» атты халықаралық студенттік жастар форумына дайындық жұмыстарын талқылау, пысықтау.

Сонымен қатар қоғамдық-белсенді ұйым жұмыстарын жетілдіру, жаңа талаптарға сай қайта жаңғырту.


06.04.2011 Ұлыбритания университетінің семинары өтеді

7 сәуір күні сағат 16.00-17.00 дейін ҚазҰУ-дың мәжіліс залында (ректорат, 15-қабат) бакалавр студенттері, магистранттар мен PhD докторанттарына арналған University of East Anglia білім беру семинарлары өтеді.


06.04.2011 Туберкулезбен күрес жүргізу іс-шарасы өтті

4 сәуір күні ҚазҰУ химия факультетінің №13 жатақханасында Бергенева Н.С., Ахмедиева З.Х., Кудьярова Ж.Б., Сатарбаева А.С., Исанбекова А.Т., Азат С., Рахметова А.Р сынды оқытушылардың ұйымдастыруымен “Туберкулезбен бірге күресейік ” атты іс-шарасы өтті.

Жиын барысында б.ғ.к., доцент Н. Бергенева туберкулез ауруының себеп-салдары, адамға әсері, алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы студенттерге дәріс оқыды.


06.04.2011 Шығыстану факультетінде «Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы» тақырыбына дәріс оқылды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығы мерекесіне орай шығыстану факультетінің ирантану және үндітану кафедрасы өз тарихындағы алғашқы парсы тілін апталығын ел тәуелсіздігі мерейтойына арнауға ұйғарды.


06.04.2011 Үздік лингвист – Балжан Ақылбекова

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 2011 жылдың 5 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрге айналған «Үздік лингвист» зияткерлік байқауы өтті.


05.04.2011 Наурыз мейрамы ҚазҰУ-да биік мәртебеге ие

Ректорат мәжілісінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Наурыз мейрамын тойлау бағдарламасы таныстырылды. Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева Ректорат мүшелерін университеттің мейрамға дайындығынан хабардар етті. Проректор 4-9 сәуір аралығында «Наурыз – тіршіліктің жаңаруы» атты тазалық апталығы және 10-сәуірде «Қош келдің, әз-Наурыз» сахналық қойылымы өтетіндігін хабарлады. Өндіріс департаментінің директоры Мұрат Нұрғазин университет қызметкерлерін тазалық жүргізетін аймақтар кестесімен таныстырды.

«Наурыз – ең алдымен рухани мереке. Тазару, жаңару идеясы. Сол себепті де мейрамды тазалық апталығымен бастап, сенбілікпен ұштастырамыз. Одан кейін 10-сәуірде киіз үй тігіліп, наурыз думан тойын жасаймыз», - дейді ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.


05.04.2011 Ғылыми зерттеу университетінде модульдік оқытудың маңызы зор

ҚазҰУ-дың Ректорат мәжілісінде Бәсекеге қабілетті маман дайындау мақсатында модульдік оқытуға негізделген құзырлық ыңғайын жүзеге асыру, Университет қызметін жетілдірілу мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу туралы ақпарат және Университет қызметкерлерінің шетелдік іс-сапарлары туралы есептері тыңдалды.

Оқу жұмысы жөніндегі проректор ГүлнарБалақаева бәсекеге қабілетті маман даярлауда басты назарда ұстауға тиіс модульдік оқыту бағыттарын баяндап, жалпыәлемдік жоғары оқу орындарының даму тенденциясына тоқталды.