- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

(21-27 қараша, 2022 жыл)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Анкара университетінің ректоры Неждет Үнүвар мен Ғази университетінің ректоры Мұса Йылдыз бастаған түрік делегациясы жұмыс сапарымен келіп, білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаевпен кездесті. Жүздесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, белгілі мәдениеттанушы ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының 75 жылдығына арналған «Түркі әлеміндегі қазақ мәдениеті мен философиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №38 (1862) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінде студенттерге білім беру бағдарламалары мен әлеуметтік көмектің жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Алматыдағы «Ғылым ордасында» Мемлекет басшысының ғылымды дамыту саласындағы тапсырмаларын талқылауға арналған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңесі өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚМДБ Алматы қалалық орталық мешіті ұйымдастырған «Береке бастауы – бірлікте» атты ғылыми-танымдық конференцияға қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабеков оқытушы-профессорлар мен білім алушы жастар алдында көшбасшылық дәріс оқыды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Dauletten» қайырымдылық қорының президенті Жасұлан Қуандықпен кездесті. Жүздесу барысында ҚазҰУ мен «Dauletten» қайырымдылық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық зияткерлік даму институтының директоры, профессор Джо Гю Юн «Жағымды ойлар бақытты өмірдің салты» атты көшбасшылық дәріс оқыды.