Жаңалықтар

Жаңалықтар


02.03.2011 Жапонтану кафедрасындағы елші сағаты

Жақында жапонтану кафедрасының оқытушылары, магистрант және студенттері Қазақстандағы Жапония елшлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Масахиро Катамото мырзамен кездесті. Катамото мырза өз сөзінде Жапонияның сыртқы саясаты, соның ішінде Орта Азия мемлекеттеріне қатысты сыртқы саясатындағы бағыттары жайлы сөз қозғап, Жапония-Қазақстан қарым-қатынасын саралап, болашақта да ары қарай дамитынына сенім білдірді.


01.03.2011 МАЯ БАҒЫСБАЕВА АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ

1 наурызда Бірінші халықаралық Жолдасбеков симпозиумы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде ҚазҰУ қалашығының негізін қалаған реформатор тұлға Өмірбек Жолдасбековтің жары, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағысбаева Мая Мұхаммед Алиқызының атындағы аудиторияның салтанатты ашылуы болды. Профессор атындағы аудиторияның тұсауын игі шарағаұйытқы болған ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен замандасының қайраткерлігін ұлықтай келген КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегеновакесті.

Бибігүл Ахметқызы Мая Бағысбаева университетте қызмет еткен жылдары онымен жиі араласып тұрғандығын, өзара бас қосып, сол кезде, әсіресе болашақ ана – қыз бала тәрбиесі туралы кеңінен кеңескендерін айта келе: “Мая – өте ұлағатты адам. Оның аналық қасиетібиік болатын. Сол қасиеті оның отбасын үлгілі етті. Ол – академик Өмірбек Жолдасбековтің жары. Екеуі де ұлағатты жандар. Бүгінде ұрпақтары олардың ізін жалғап отыр”, - деді. Алаштың бұлбұлынан кейін Мая Мұхаммед Алиқызының қайраткерлігі, ұстаздығы, еңбек жолы турасында айтылған естеліктер легі жалғаса берді. Кейінгі ұрпаққа өлшеусіз асыл мұра қалдырған ұстаз жайлы ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы: “Ұлағатты істі ұлықтауда естеліктер түрлі болады. Ол кітап болуы мүмкін немесе мемориал, ескерткіш тақта болауы мүмкін. Ендеше біз бүгін ғылыми, тәрбиелік маңызы бар естелікке куә болып отырмыз. Профессор Мая Бағысбаева осы шаңырақта өз шәкірттерін қанаттандырып, келбетін қалыптастырып кетті. Бұл аудиторияда ол зертханалық жұмыстармен айналысып, ғылыми мектеп орнатты. Ендеше мұндай аудиторияның ашылуы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Мая Бағысбаева еңбектерін әдебиетпен байланыстыратын болсақ, академик Өмірбек Арысланұлының тұлғасы да осы аудиториямен байланысы бар”, - деп атап өтті. Өмірден өтсе де, өшпес мұра қалдырған ғалым еңбегінің бұлайша ұлықталуы ұстаз еңбегінің мәңгілік екендігін айқындатады.


01.03.2011 ҚазҰУ қалашығы әлеуетін арттырған Бірінші Халықаралық Жолдасбеков симпозиумы

1 наурыз қазақтың бір туар азаматы, қоғам қайраткері, ғылым мен білімнің ұйымдастырушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстандағы роботтар механикасы, механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаушы, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің туған күні. Көзі тірісінде 80-нің сеңгіріне келіп, халқымен бірге мерейтойын мерекелер еді. Алайда, жақсының жақсылығын айтып нұрын тасытқан шара Жолдасбеков рухының мәңгілік биік екенін көрсетті. Бүгін ҚазҰУ-да академиктің 80 жылдығына орай, бірінші халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өтті. Өмірден өзі озса да, аты қалған ғалымды мәңгі жадында ұстаған Өмірбек Арысланұлы шәкірттерінің, әріптестері мен ҚазҰУ түлектерінің қаржылай демеушілігінің негізінде симпозиум аясында ҚазҰУ қалашығындағы Студенттер сарайы жанынан академикке арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

Ескерткіштің салтанатты ашылуына ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, ҚР Парламенті депутаттары, ғылыми қоғам өкілдері, Ө.Жолдасбековтің туыстары және оның Ресей, Италия, Германия, Украина, Белорусия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріндегі әріптестері қатысты. Ұстаздық ұлағатын көріп, академиктің ағалық қамқорлығын сезінгендігін жеткізген министр Бақытжан Тұрсынұлы: “Бүгін бір ерекше қуанышты күн. Академикке арналып қандай тамаша ескерткіш ашылды. Халықаралық симпозиум өтуде. Тек қазақстандық ғалымдар емес әлемдегі ғалымдар жиналып Өмекеңнің ғылымдағы орнын ерекше атап өтуде. Өмірбек Жолдасбековтің үлкен қайраткерлігі ретінде, егемендік алғаннан кейін ол кісінің қосқан еңбегінің үлесін айту үшін жиналып отырмыз. Өмірбек Арысланұлы ғылыми жаңалықтар мен жаңа мамандықтар, ғылыми орталықтар ашуға ұйтқы болды. ҚазҰУ-ға 16 жыл ректорлық еткен жылдары университеттің рейтингісін бүкіл Одақтық деңгейге көтерді”, - деп атап өтсе, ҚР ҰлттықҒылым Академиясының Президенті Мұрат Жұрынов: “Артында іздеушілер, адал шәкірттері бар Өмірбек Арысланұлы шын мәнінде бақытты, еш уақытта аты өшпейтін, жарқын бейнесі жүректе мәңгі сақталатын ұлы абыз ардагер”, - деген пікір айтты.

Ө.Жолдасбековтің 80 жылдық мерейтойына байланысты өзі негізін қалаған бірден-бір студенттік кампус – ҚазҰУ қалашығында оның ескерткішін орнату заман талабы. Бұл бір шетінен кейінгі ұрпақ пен академик шәкірттерінің оған деген құрметі десек те болады.


28.02.2011 Биология факультетінің деканының кубогы
25.02.2011 1-2 наурыз 2011 жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Бірінші Халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өтеді

Бірінші Халықаралық Жолдасбеков симпозиумы, академик Өмірбек Жолдасбековтың 80 жылдығына орай, Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді.

Симпозиумның ұйымдастырушылары ҚР Білім және ғылым министрі, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті және Ұлттық Инженерия Ұлттық инженерлік академия болып табылады.

Симпозиум жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктің өкілдері, қоғам қайраткерлері, БАҚ, ЖОО ректорлары қатысады. Олардың көпшілігі әр жылдардағы қазұулық түлектер. Симпозиумға Ресей, Италия, Германия, АҚШ, Жапония, Үндістан, Украина, қырғызстан Белорусия және Өзбекстаннан ғалымдар шақырылды.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың айтуынша, симпозиум бағдарламасына университет алаңынан көрнекті ғалым, академик, қоғам және мемлекет қайраткері Өмірбек Жолдасбековке арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы енгізілген. Сонымен қатар, секция мәжілістерінде ғалымдар Ө.А.Жолдасбековтің ғылыми мұраларын талқылайды.


25.02.2011 Қазақстандағы телевизия және радиожурналистика негізін салған – Барманқұлов

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде дәстүрлі «Барманқұлов оқулары» аясында «Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: ұлттық және жаһандық мәселелері, таяу болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілері мен өкілдері, және ақын, жазушылар бас қосқан халықаралық жиын белгілі ғалым, педагог, жазушы, журналист, Қазақстандағы телевизия және радиожурналистика негізін салушы Марат Барманқұловтың еңбек жолын, журналистік қызметін насихаттауға арналды.

Қазақстан Журналистер Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев Марат Кәрібайұлының басты ұстанымы толеранттылық ұғымы екендігін және интернационалды журналист болғандығын айтты. Сонымен бірге Сағымбай Қозыбаев: «Марат Барманқұловтың қаламынан шыққан әр туындыны, кітапты оқи отырып оның энциклопедист екендігіне куә боласың. Оның еңбектері оқырман тарапынан әлі де үлкен қолдауға ие, ендеше Мараттың аты да, хаты да өлмейді», - дейді.

Өз кезегінде «Барманқұлов оқулары» аясында өткізіліп отырған «Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: ұлттық және жаһандық мәселелері, таяу болашағы» атты дөңгелек үстел тақырыбына пікір білдірген ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бүгінгі қоғамның ақпараттар тасқынымен ерекшеленетіндігін ескерсек, мұндай жиындар факультетте даярланып жатқан болашақ жәрналистерге сол ақпараттарды дұрыс әрі тиімді қолдану, саралап, сұрыптай білуге, ақпаратпен жұмыс істеуде жоғары кәсібилікке баулитындығын айтты.

Конференцияға зиялы қауымнан бастап студенттер буынына дейін толассыз келуі оның телевизия және радиожурналистика саласына қосқан үлесінің зор екендігін және кәсіби шберлігі бүгінгі журналист үшін өз саласына айқын бағдар болатындығын дәлелдеп тұрды.


25.02.2011 Қытайтану кафедрасы ҚР ШЫҰ ұлттық координаторымен кездесу ұйымдастырды

Қытайтану кафедрасы Қазақстан Республикасы Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымының ұлттық координаторы, ҚР сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар елшісі Нұрышев Шахрат Шакизатұлы мен ҚР сыртқы істер министрлігінің ШЫҰ басқарма ісінің екінші хатшысы Сәрсенбеков Уәлихан мырзалармен кездесу ұйымдастырды.


24.02.2011 Қайыржан Бекхожин өмірінің өнегесі

Зиялы тұлғаларымыздың адамдық болмысын еске түсіріп, өнегелі азаматтарымыздың өмірін ұрпаққа үлгі ету аға буын алдындағы үлкен борыш. Осы орайда отандық білім және ғылым кеңістігінің көшбасшысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қазақстан ұлттық журналистикасы ғылымы мен білімінің негізін салушы Қайыржан Нұрғожаұлы Бекхожиннің 100 жылдық мерейтойына арналған «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген кітаптың тұсаукесері өтті.

Игі бастамаға мұрындық болып отырған ҚазҰУ ректоры алғысөзде: «Осы университеттегі журналистика факультетінің іргесін қалаушылардың бірі, белгілі журналист, публицист Қайыржан Бекхожиннің 100 жылдығына арналған кездесуге жиналып отырмыз. Қарашаңырақ ҚазҰУ-де үлкен бастама қолға алынды. Ұлттық университетте қызмет атқарған азаматтар бір төбе. Біз сол зиялыларымыздың еңбектерін насихаттасақ, бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болады», - дей келе публицистің ұстаздық тәрбиесін, жақсылығын көрген қауымға бұл отырыс алда болашақ мамандарды даярлауда тың серпілістерге бағыт берсін деген тілегін жеткізді.

Көсемсөзшінің көрегендігін саралай келген ардагер-ұстаздар Тұрсынбек Кәкішев, Әбілфайыз Ыдырысов және бүгінде қазақ баспасөзінің өрісін дамытып отырған Жұмабек Кенжалин, Жұмабай Шаштайұлы, Ұлықбек Есдәулет, Бекжан Әшірбаев, Санат Ибраим сияқты апталдай журналист өкілдері кезек-кезегімен сөз алып Қайыржан Бекхожиннің адамдық болмысын аша түсті.


24.02.2011 Біз Корея жайында не білеміз?

ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті корейтану кафедрасында 2011 жылдың 23 ақпанында «Біз Корея жайында не білеміз?» атты интеллектуалды ойыны өтті. Мұндай ойындарды өткізудің мақсаты Қазақстанда Кореяның танымал болуы, корей тілін оқытуды жоғарылату, Қазақстанда корей ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатуға орай өткізіліп отыр. Арнайы келіп қатысқан қонақтар Қазақстандағы корей Ассоциациясы – президент Ким Роман Ухенович, Алматы қалалық корей білім беру орталығы –директор Кан Сонг Чоль. КИСИ ҚР президенті тұсындағы – Бас маман т.ғ.д. проф. Ким Герман Николаевич.


24.02.2011 Халықаралық қатынастар факультетінде «Ашық есік күні» өтті

2011 жылдың 17 ақпанында халықаралық қатынастар факультеті «Ашық есік күнін» өткізді. Оған Алматы қаласы мен Алматы облысының 25 мектебінен 120 жоғарғы сынып оқушылары қатысты.