Жаңалықтар

Жаңалықтар


23.02.2011 М. Барманқұлов оқулары аясында дөңгелек үстел өтеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде 2011 жыл 25 ақпан сағат 10.00-де 230-аудиторияда белгілі ғалым, педагог, жазушы, журналист, Қазақстандағы телевизия және радиожурналистика негізін салушы М. Барманқұлов оқулары аясында халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

Дәстүрлі «Барманқұлов оқулары» аясында «Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: ұлттық және жаһандық мәселелері, таяу болашағы» атты дөңгелек үстел телевизиялық және радиожурналистика кафедрасы мен М.Барманқұлов атындағы ҚазҰУ телерадио кешені бірлесіп өткізеді.

Дөңгелек үстел барысында талқыланатын негізгі тақырыптар:

  1. Ақпараттық қоғам жағдайында электронды БАҚ-тың дамуы;
  2. Ақпараттық қоғамдағы жаңа БАҚ-тың дамуы;
  3. Қазақстандағы телекоммуникациялық индсутрияның дамуы: мобильдік телефония, Интернет-пайдалану, коммуникациялық желілер және қызметтер;
  4. Қазақстанның 2015 жылға сандық хабар тарату форматына көшуі;
  5. Қазақтілді Интернет-басылымдардың дамуы;
  6. Дәстүрлі және жаңа медиа: жаһандану үдерісіндегі өзара әрекеттесу жолдары;
  7. Сандық дәуірдегі электрондық журналист мамандарын даярлаудағы жаңа үндеулер мен жаңа талаптар;
  8. Электронды БАҚ-тың жастардың рухани-мәдени өміріне ықпалы;
  9. ҚР-дағы ақпараттық қоғамның дамуы: проблемасы және таяу болашағы;
  10. «Ақпараттық қоғам» немесе «Білім қоғамы».

Дәстүрлі М. Барманқұлов оқулары аясында өтетін «Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: ұлттық және жаһандық мәселелері, таяу болашағы» атты дөңгелек үстелге бұқаралық коммуникация саласын зерттеуші ғалымдар, қазақстандық электронды БАҚ өкілдері, бұқаралық коммуникация саласының танымал зерттеушілері қатысады. Дөңгелек үстел жұмысы барысында Оклахома университетінің ғалымдарымен (АҚШ) өтетін онлайн-сұхбат өтеді деп күтілуде.


23.02.2011 ҚазҰУ мен ШЫҰ әріптестігі нығая түспек

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Иманалиев Мұратбек Сансызбайұлымен арнайы кездесу өткізіп, өзара әріптестікті нығайту жолындағы әңгіме өрбіді.

ҚазҰУ Ректоры өз кезегінде ШЫҰ өкілдеріне қарашаңырақтың ұлттық университетке айналу жолындағы бағыттарымен таныстыра отырып, ҚазҰУ әлемдік топ университеттер қатарына енуді мақсат ететіндігін айтты. Сонымен бірге, бұл мақсатта механика және математика, физика факультеттері сияқты білім ордаларының заманауи жабдықталуына көңіл аударылып отырғандығын жеткізді. Осы кезекте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Мұратбек Сансызбайұлы Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауына тоқталып, ҚазҰУ-дың ШЫҰ әріптестігі негізінде атқарып жатқан жұмыстарын үздік бағалайтындығын айтты.


23.02.2011 100 жылдық мерейтойға арналған Х.Н.Бекхожин туралы кітаптың тұсаукесері өтеді

100 жылдық мерейтойға арналған Х.Н.Бекхожин туралы кітаптың тұсаукесері өтеді

24 ақпан, сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистиа факультетінде (230 аудитория) Қазақстан ұлттық журналистикасы ғылымы мен білімінің негізін салушы Қайыржан Нұрғожаұлы Бекхожиннің 100 жылдық мерейтойына арналған Х.Н.Бекхожин туралы кітаптың тұсаукесері өтеді.

Тұсаукесер Қазақстан журналистер Академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті және Бұқаралық коммуникацияның тарихы мен теориясы кафедрасының ұйтқы болуымен жүзеге асады.

Х.Н.Бекхожин туралы кітап университет басшылығымен бекітілген «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шығып отырған екінші басылым болып табылады.

Х.Н.Бекхожин (1910-1979 ) – еліміздің журналистика ғылымы мен білімінің ірге тасын қалаушы, Қазақстан журналистерінің бірі. Ол 1929-39 жылдары «Кеңес туы» және «Колхоз» (Павлодар), «Екпінді» (Семей) аймақтық басылымдарында журналистік қызмет атқарды. 1942 жылы ҚазҰУ-дің журналистика бөлімін тәмамдады. 1943 жылдан бастап Отан соғысы аяқталғанға дейін Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газетінде редактор болып еңбек етті. 1945 жылдан өмірінің соңғы сәттеріне дейін ҚазҰУ-дің большевиктік баспасөз теориясы мен тәжірибесі кафедрасында аға оқытушы, осы жылдың 1-маусымынан факультет деканы, 1948-1976 жылдар аралығында журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі және профессоры болды.

Қ.Н.Бекхожин – Ұлттық баспасөзіміздің тарихы бойынша тұңғыш кандидаттық және докторлық диссертациялар жазды. Докторлық диссертациясын 1964 жылы жарық көрген «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» атты монографиясы бойынша даярлап, ғылыми баяндама түрінде қорғады.


23.02.2011 «Сұңқар» кубогына арналған пікір-сайыс турнирі өтті

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына орай 2011 жылдың 15 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Сұңқар» кубогына арналған пікір-сайыс турнирі өтті. Турнирде әлеуметтік проблемалар қозғалып, жас дебатерлар оларды шешудің өзіндік жолдарын ұсынып, өз ұстанымдарын қорғап жатты.


22.02.2011 Атқарылған ғылыми қызметтер – ҚазҰУ-ды ұлттық зерттеу университетіне жақындатты

Кешеәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңес мәжілісі өтті. Онда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2010 жылғы ғылыми-зерттеу қызметінің қорытындылары және зерттеу университетіндегі ғылыми-инновациялық құрамның артуы туралы Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Т.С.Рамазановтың және комиссия төрағасы Г.А.Мунның ақпарлары тыңдалды.

Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Т.С.Рамазановтың есебінен белгілі болғандай, 2010 жылда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары 76 халықаралық жобаның жүзеге асуына қатысты. Шет елде өтілімге барған университет қызметкерлері санының өсу үрдісі байқалуда. Ғылыми зерттеу жұмыстары 13 факультетте, 9 ғылыми-зерттеу институттарында, физика-химиялық талдау және зерттеу әдістері орталығында, ғылыми-технологиялық паркте, ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертханада, 24 ғылыми орталықтарда сондай-ақ ұйымдармен кәсіпорындармен іргелі, қолданбалы, қатерлік, салалық, шаруашылық келісімшарт жұмыстарының ғылыми жоба бағдарламалары аясында жүргізілуде. Сондай-ақ, есеп беру жылында жарияланған монографиялар, оқулықтар, оқу-құралдарының саны өскен. Баспадан шығарылған әдістемелік құралдардың саны да едәуір артқан. Сонымен бірге университеттің зияткерлік әлеуетін көтерудің бірден-бір мақсаты – рейтингісі жоғары басылымдарда ғалымдардың еңбектерінің жариялануы екендігін ескерсек бұл сала бойынша да жоғары импакт–факторлы журналарда жарияланған басылымдар саны өткен жылғымен салыстырғанда ұлғайған. Ғылым кеңістігін жетілдіруде атқарылған ьірнеше игі істерді таразылай келе, ҚазҰУ-дың ғылыми зерттеу қызметінің дами түскендігін тілге тиек еткен проректор университет қызметінің 2011 жылғы негізгі бағыты ұлттық зерттеу университеті дәрежесін алуға бағытталған стратегиялық мақсатқа қол жеткізу екендігін баяндады.


21.02.2011 «Көмек» ұйымының қызметімен таныстық

18 ақпан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Сұңқар» студенттік кәсіподағы мен «Көмек» студенттер ұйымының ұйымдастыруымен Химия факультетінің Малахит залында «Біз рак ауруын бірге жеңеміз» атты дөңгелек үстел өтті.


21.02.2011 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бiлiм жүйесiнде жақсы дәстүрлер жасау» және «Өз қызметiнiң үздік презентациясы» халықаралық дипломдарымен марапатталды

14-19 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҚР Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен өткен «XXI ғасырдың білім және ғылымы-2011» VIII Халықаралық көрмеге қатысты.

Көрменің мақсаты бiлiм сатысының барлық деңгейінде жетістікке жету, мазмұнды табыстарды дамыту, заманау технологияларды үйрету, жаңа оқу бағдарламалары мен кейінгі ұрпақтың оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң демонстрациясы, өз бiлiмдерiн тәжірибелік қолдануда жаңадан көрiнген мамандарға көмек көрсету.


18.02.2011 «Бекмаханов» кітабының тұсауы кесілді

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде Медеу Сәрсекенің авторлығымен «Бекмаханов» кітабының тұсауы кесілді. Кітап қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Бұл бастаманы ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев қолдаған болатын.

Шараға ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Медеу Сәрсеке, марқұмның жұбайы Халима Бекмаханова, факультет профессорлары мен студенттері қатысты. Ғалымның еңбегін Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Талас Омарбеков пен т.ғ.д., доцент Берекет Кәрібаев таныстырып өтті.


18.02.2011 «Green Wаy» экологиялық қозғалысына сұраныс артып отыр

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің «Green Wаy» экологиялық қозғалысы «ЭКОЧАШКА» атты экология тақырыбындағы кинолар фестивалін ұйымдастырушыларының бірі болып отыр. Аталған іс-шара Алматы қаласында 2011 жылдың 24-27 ақпан күндері өтеді.

«ЭКОЧАШКА» қазақстандық көрермендерді экология тақырыбындағы шет елдік фильмдермен таныстыратын жалғыз фестиваль. Бұл фильмдердің басты ұстанымы «өмір экологиясы» тақырыбы. Фестиваль барысында көрермен назарына ұсынылатын барлық фильмдер Қазақстанда тұңғыш рет экранға шықпақ.


17.02.2011 Спорт жарысы – апта сайын

Ақпан айынының 13-ші жұлдызында ҚазҰУ қалашығының директоры А. Сейтжановтың ұйымдастыруымен жатақханалық ерлер арасында волейболдан жарыс өткізілді. 14 команда қатысқан бұл ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Сонымен қатар, студенттердің демалыс күнде бір мезгіл сергуіне ықпалын тигізді. Жеңіс бар жерде жеңіліс бар дегендей, I орын – № 14 жатақхана механика-математика және физика, II орын - № 8 жатақхана тарих, III орынды - № 4 жатақхана география факультеті иеленді.