- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
17.02.2011 ЖОО проректорлары тәрбие мәселесін талқы етті
«Тәрбие басы – тал бесік» деген атам қазақ мақалдап. Болашақ ұрпақтың өнегелі болуы жастайынан берген тәрбиеге байланысты. Сондықтан қоғамда ұстаз бен бала тәрбиесіне ерекше мән бөлінген. Осы тақырыпта 16 ақпан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен ЖОО тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлардың кездесуі өтті.
17.02.2011 Халықаралық қатынастар факультетінде АҚШ елшісінің орынбасарымен кездесу өтті
2011 жылдың 16 ақпанында ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде АҚШ елшісінің орынбасары Памела Спратленмен кездесу өтті. Кездесуге факультеттің американист-студенттер ассоциациясы мен М.И.Р НАТО студенттер ассоциациясының мүшелері қатысты.
16.02.2011 Әлеуметтік жаңару сатылары тәрбиеден басталу керек
16 ақпанда Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында “Қазіргі заман жастарына рухани-адамгершілік және партиоттық тәрбие беру: тәжірибе, мазмұн, даму болашағы” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімшілігі, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен бұл рухани жиын Елбасының биылғы Жолдауында көрсетілген әлеуметтік жаңғыру бастамасын жетілдіріп, интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы білім және ғылым саласын дамытуды алға қойды.
16.02.2011 М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының қытай тіліндегі аудармасының таныстырылымы
2011 жылдың 15 ақпаны күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ректоры аппаратының жетекшісі Жүсіпов Қайрат Зияұлы халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттерін қазақтың танымал жазушысы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының қытай тіліндегі аудармасымен таныстырды. Тәржімә қытайлық аудармашылар Ха-Бай мен Гао Сун-Фань тарапынан орындалып, көркем безендірілген қалың мұқабалы кітап түрінде Бейжіңде Қазақстанның танымал мемелкеттік қайраткері, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Кәрібжанов Жәнібек Сәлімұлының көмегімен басылып шыққан екен. Таныстырылым мемлекеттік және ресми тілдерде өткізілді.
15.02.2011 Әлеуметтік жаңғыру қадамдары
Кеше әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректорат мәжілісі өтті. Ректор Ғалымқайыр Мұтанов мырза кіріспе сөзінде Елбасының Жолдауы мен «Нұр Отан» ХДП 13-съезінде қарастырылған негізгі мәселелерді қамтыды. «Қазақстан-2020» стратегиялық жоспары негізінде халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында «Халықтық IPO» бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды.
15.02.2011 ҚазҰУ-да республикалық конференция өтеді
16 ақпан күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының әкімшілігі, Алматы қалалық ардагерлер кеңесіжәне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен «Қазіргі заман жастарына рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру: тәжірибе, мазмұн, даму болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.Шара Елбасының биылғы Жолдауында көрсетілген интеллектуалды ұлт қалыптастыруда білім және ғылым саласын дамыту жолдарын талқылауға арналып отыр.
15.02.2011 Үздік оқытушыларды құттықтаймыз
“Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2010” байқауында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 31 оқытушысы мемлекеттік грантқа ие болды. Көшбасшы қара шаңырақта ұрпақ әлеуетін дамыту үшін асіздердің янбай атқарып жүрген ұстаздық еңбектеріңіз орасан зор. Осы орайда жеңімпаз иелеріне ҚазҰУ-дың барша оқытушы-профессорлар құрамы еңбектеріңізге шығармышылық табыс, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейді!!!
“Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2010” мемлекеттік грантын жеңіп алған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларының тізімі:
15.02.2011 Жылдың үздік оқытушылары анықталды
Халық даналығы “Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы” немесе “Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға” дейді. Бұл бірегей ой иірімдері адам өміріндегі ұстаз рөлінің маңыздылығын айшықтап, ұлтты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегінің зор екендігін танытады. Өрелі мақсатта ұстаздарымызды ұлықтау үшін еліміздегі жоғары оқу орындарының үздік оқытушысын анықтау байқауы дәстүрге айналып отыр. Осы орайда өткенжылғы үздік оқытушылар анықталып, ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жақында “Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы - 2010” мемлекеттік грантын жеңімпаздарға табыс етті. Нәтижесінде “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” мемлекеттік грантын еліміздің 42 жоғары оқу орынының 200 оқытушысы иеленді. Байқау жеңімаздарын құттықтауда белгілі болғандай, “Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы – 2010” мемлекеттік грантын жеңіп алғандардың басым көпшілігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары. Яғни, 2010 жылдың үздіктері қатарын ҚазҰУ-дың 31 оқытушысы толықтырды. Бұл жеңіс қарашаңырақтың білім және ғылым саласындағы көшбасшы университет екендігін тағы бір анықтап берді.
14.02.2011 "ӘЛ-ФАРАБИ - 2011" ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛМАҚ
Жақын күндері ҚР білім және ғылым Министрлігі менәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірігіп өткізетін «әл-Фараби Олимпиадасы» атты жылдық мега-жоба басталады. Жобаның мақсаты - сапалы жоғары білімнің әр қазақстандық оқушыға қолжетімділігін арттыру болып табылады. Оның барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан дарынды жастарына қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында пәндер бойынша олимпиада өткізеді.
14.02.2011 Біз рак ауруын бірге жеңеміз!
18 ақпан күні сағ. 16.00-те әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Сұңқар» студенттік кәсіподағы мен «Көмек» студенттер ұйымының ұйымдастыруымен «Біз рак ауруын бірге жеңеміз» атты дөңгелек үстел өтеді.