Жаңалықтар

Жаңалықтар


08.02.2011 ҚазҰУ-дың докторанты Валенсия политехникалық университетінде (Испания) диссертация қорғап шықты

Жақында Валенсия политехникалық университетінде (ВПУ, Испания) ҚазҰУ-дың түлегі Әбдіәділ Асқарұлы «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Докторлық жұмыс жоғары бағаланды. Аталмыш еңбекке Ю.В. Архипов және И.М. Ткаченко-Гурский сынды профессорлар жетекшілік етті. Диссертацияны қорғау 2009 жылғы қос дипломды PhD бағдарламасы аясында ҚазҰУ және ВПУ арасындағы қол қойылғанкелісім шарт негізінде жүзеге асқандығын айта кету керек.


04.02.2011 Экономикалық зерттеу орталығының ашылуы болды

2011 жылдың 1-ші ақпанында Экономика және бизнес жоғарғы мектебінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми Кеңесі университеттің стратегиялық трансформациялық зерттеуі үшін құрған Экономикалық зерттеу орталығының (ЭЗО) ашылуы өтті. ЭЗО қызметінің мақсаты – ғылыми-зерттеу құрылымының функционалды тұрақты дамуы, студенттер мен ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін коммерциалауда тиімді қолдану.


03.02.2011 Анталияда қолданбалы физика және материалтану саласындағы жетістіктер конгресі өтеді

Ұйымдастыру комитетінің төрағалары проф., доктор М. Хасан Аслан, проф., доктор Мехмет Озер, проф., доктор А.Йавуза Орал, доктор Хикмет Чаглар сіздерді «Қолданбалы физика және материалтану саласындағы жетістіктер конгресіне» қатысуға шақырады, ол 2011 жылдың 12-15 мамыр аралығында Анталияда (Түркия) өтеді. Конгресс 2011 жылы ғалымдар мен инженерлерге маңызы бар форумға айналмақ, олар ең соңғы инновациялар мен жаңа технологияларды қолданбалы физика және материалтану саласы бойынша талқыламақ.


02.02.2011 Тәрбие бір ізділенсе, білім де терең болады

Маман алдымен адами болмысты игеруі керек. Ол дегеніміз жоғары әлеуетті инттелектуалды ұлт болудың алғы шарты. Кезінде ұлт көсемдерінің көксеген арманы да осы идеяны ұран етті. Бүгінде Елбасының қоғам алдына қойып отырған нақты талаптарының бірі де – Интеллектуалды ұлт қалыптастыру. Осы орайда ұрпақ әлеуетін дамытуда қоғамның негізгі күші жоғары оқу орындары екендігін басты назарға алған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы университетте гуманитарлы блок жасап, кеңес құруды қолға алу керек деген ұстаныммен қарашаңырақтың ақсақалдар алқасы және факультет декандарының басын қосып, гуманитарлы салаға арналған арнайы отырыс өткізді.


01.02.2011 Қазұулықтар Елбасы жолдауын қызу қолдады

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауы 31 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ректорат мәжілісіндекеңінен талқыланды. Философия және саясаттану факультетінің деканы Ақтолқын Құлсариева жолдауға байланысты арнайы баяндама жасады. Мәжіліс барысында ректорат мүшелері өз ой-пікірлерін ортаға салып, кезекті Елбасыжолдауы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына тың серпін беретіндігіне тоқталды.


01.02.2011 VII қысқы Азия ойындарына арналған студенттер арасында жарыс өтті

Қаңтар айының 30-жұлдызы күні дүбірлі VII қысқы Азия ойындарын насихаттау және студенттердің уақытын тиімді әрі салауатты өткізу мақсатында ҚазҰУ қалашығының директоры Әбдіқаһар Сейтжановтың ұйымдастыруымен жатақханалар арасында қыздар волейболдан, ал ұлдарға шағын футболдан жарыс өткізілді. Барлығы волейболдан 10 команда, футболдан 14 команда қатысты.


31.01.2011 Жұмыс берушілердің Foundation – Онлайн курстары

Құрметті ҚазҰУ түлегі, студенті! ҚазҰУ Жұмыс берушілерінің - Foundation - Онлайн курстар жаңа жобасы басталады. Online K-Foundation жоба арқылы үш ай аралығында ірі халықаралық компания жұмысына дайындық жүргізіледі. Қажеттілік – Интернет желісіне шығу мүмкіндігі.

«K-Foundation» Бағдарламасы келесі блоктардан тұрады:

  • · МСФО-ға кіріспе, батыс есебі және қазақстандық салық салу негіздері;
  • · қаражаттық талдау және бірлескен қаржы;
  • · іскер ағылшын тілі;
  • · іскер хат, презентация өткізу дағдылары, уақытпен басқару, іскер дресс-код және т.б.;

Online K-Foundation-ға қатысу тегін.

Оқыту Интернет желісінде ғашықтан өтеді.

Бағдарлама үш айға созылады. Сіздерге уақытыңызды жүйелі қолдану мақсатымен оқытылатын курстардың күнтізбелік жоспары ұсынылады.


29.01.2011 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ РОӘК секциясының кезекті мәжілісін өткізді

28 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның жоғары оқу орындары проректорларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары секциясының кезекті мәжілісі өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Мұтанов Ғалымкайыр Мұтанұлы басқарып отырған РОӘК секциясы қазіргі таңда еліміздің басты 22 жоғары оқу орынын біріктіріп, республикамыздың 117 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарына жетекшілік етеді.

Мәжіліс барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М. Бүркітбаев «Классикалық университеттің зерттеу университетіне айналуы» атты тақырыпта баяндама жасады.


28.01.2011 Елбасы жолдауы ҚазҰУ ұжымының назарында

“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылы халыққа үндеген кезекті жолдауы. Қазақстан Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде болашаққа деген асуларды ел бірлігінің жарасымымен, халықтың татулығымен бірге бағындырып келеді. Осы орайда, кезекті жолдаудың мұндай атауды иеленуінің де үлкен мәні бар. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының негізгі басымдылығы ортақ мүдде, бірлік, татулық, бейбітшілікке үндейді.

Жыл сайын әр жолдау Қазақстанның болашағы мен айқын мақсатына жарқын бағыт беріп, атқарылған істерді таразыға алады. Биылғы жолдауда президент тілге тиек еткендей, еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді. Сонымен қатар, ел басшысы өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейгендігін, осы жылдары 750 жаңа мектеп салынғандығын, сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекеме, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылғандығын айтты. Бұл көрсеткіштер, әрине Елбасының білім және ғылым, ағартушылық салаларына үлкен мән беретіндігінің үлесі. Сонымен қатар, халық денсаулығы әрқашан жолдау тақырыбында өзектілікке ие болуы тұрғындардың қуанышын жасырмайды. Мәселен, жолдауда айтылғандай тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды. Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатының жақсарып, өмір жасының ұзаруына үлес қосып отыр. Бұл жолдауда белгілі болғандай экономикалық модернизация, әлеуметтік модернизация, білім, денсаулық сақтау, тілді дамыту, жұмыспен қамтудың жаңа тұжырымдамасы және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, кірісті ұлғайту сияқты салаларда жетілдірілген жұмыстар бастау алатындығы халық игілігі үшін үлкен құндылық.


28.01.2011 Айқын бағдарлама

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгінгі Жолдауында осыған дейін, яғни республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жылдығының қарсаңында қол жеткен жетістіктер баяндалып, елімізді одан әрі өркендетудің, қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын көтерудің нақты шаралары белгіленді. Елбасы сөз басында 1997 жылғы алғашқы халыққа жолдауында: «Болашақта біздің ұрпақ бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елге айналады» деген сөзін еске түсіріп бұл жағдайға 2030 жылы емес бір мүшел жаста жеткенімізді атап өтті. Жолдауда елбасы өзі айтқандай жуырда Астанада 56 елдің басшылары бас қосқан саммит оған айшықты дәлел бола алады. ЕҚЫҰ төрағалық ету әрине бұл оңай шаруа емес, біздің ел бұған қол жеткізді. Аталған шаруаны елімізге тапсыру себебі еліміздің беделінің биік екендігі және оны басқарған елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық деңгейде көрегенді саясаткер екендігін көрсетеді. Өткен кезеңдерде тарыдай шашылған қандастарымызды отанына жинаған әлемдегі үш елдің бірі біздің еліміз екендігін жолдауда ашық айтты. Әрине өзге елде жүрген қандастарымыз өз еліне тәуелсіздік жылдары аяқ басып өз баспаналарын отанында тіккеніне қуанышты. Бұл да тәуелсіздіктің және еліміздің дамып, алдыңғы қатарлы елдердің қатарында көрінгендігінің көрінісі. Тәуелсіздік жылдары елімізге 800 мыңнан астам отандастарымыз оралды, сөйтіп халқымыздың санын өсіруге өз септігін тигізді, олардың саны қазіргі уақытта 1 миллионнан асты.