Жаңалықтар

Жаңалықтар


17.01.2011 ҚазҰУ-дың спорт саласы клубтық жүйеге көшпек

Салауатты өмір салтын насихаттау үшін әр студент пен әр оқытушы спортпен шұғылдануды саналы түрде жүзеге асыру керек. Оған университеттің дене шынықтыру және спорт кафедрасын клубтық пішінде дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бүгінгі өткен Ректорат мәжілісі осындай ұйғарымды мақұлдады.

Қазақстан ЖОО білім беру саласына кредиттік жүйе енгізілгелі бері дене шынықтыру пәні студенттердің білім дәрежесін нақтылайтын межеден түсіп қалып, оның беделіне әжептәуір нұқсан келіп отыр. Бұл олқылықтың орнын толтыруды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алғашқы болып қолға алды. Бұған университет жетекшілігінің шетелдік іс-тәжірибені жан-жақты зерттегені себеп болды. Жаңа жоба бойынша, әр студент пен әр оқытушы спортпен шұғылдануды саналы түрде жүзеге асыру керек. Бұл университеттің дене шынықтыру және спорт кафедрасын клубтық пішінде дамыту арқылы жүзеге асырылмақ. Осы орайда, дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі А.И.Арещенко университеттің спорттық қызметін клубтық түрде дамыту тұжырымдамасының жобасын ректорат мәжілісі мүшелеріне таныстырды.


17.01.2011 Ректораттың әр мәжілісі тың бастамаға негіз

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кезекті Ректорат мәжілісі өтті. Әр мәжілісте өзекті сауалдарды талқылауға алып, әр істен нәтиже шығаруды діттейтін университеттің оқытушы-профессорлар құрамы бұл жолы да ғылым және білім кеңістігінің айтулы мәселелеріне көңіл бөлді.

Атап айтар болсақ, мәжілісте Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының директоры А.Қ.Бисенбаев институттың жұмысы жөнінде баяндама жасаса, Ғылыми-зерттеу институтының тыныс-тіршілігіне төрағалық жасаған Ж.Ә.Әбілов жұмысты жандандыра түсу үшін арнайы ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, университеттің спорт саласын жандандыруды талқылаған ректорат мүшелері биылғы жылы жүзеге асырылатын шаралар тізбегін сын тезінен өткізді.


15.01.2011 ҚазҰУ түлектері мен студенттерінің дәстүрлі жолдастық кездесуі өтті

15 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың туылған күніне арналған унииверситет түлектері мен студенттерінің дәстүрлі жолдастық кездесуі өтті. Кездесуге еліміздің көптеген танымал спортшылары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.


14.01.2011 ҚазҰУ-ға «Аl Hilal» Ислам банкінің өкілдері келіп қайтты

14 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінде исламдық қаржыландыру жөнінде оқытушылар мен студенттерге арналған семинар өтті. Семинарды дүние жүзіне танымал исламдық қаржыландыру мәселелері жөніндегі маманы, Бахрейн Әмірлігі, Пәкістан, Малайзия, Кувейт және басқа да елдердің ислам банктері мен мекемелерінен құрылған шариғат кеңесінің мүшесі Шейх Эсам М. Исхак жүргізді.


11.01.2011 ҚазҰУ – Ұлттық зерттеу университетіне айналады

Ұлттық зерттеу университеті дегеніміз не, оған лайық болу үшін не істеу керек? Осы өзекті сауалға 11 қаңтар күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен "Зерттеу университетінің білім беру қызметі" атты ғылыми конференцияда шетелдік және отандық ғалымдар жан-жақты жауап іздеді. Қазірде әлемдік топ-университеттер қатарына енуге бірден бір айқын жол – жоғары оқу орнын ұлттық зерттеу университетіне айналдыру болып табылады. Осы бағытты ұстанған отандық ғалымдар аталған конференцияда қазақстандық білім және ғылым кеңістігінің әлемдік университеттер рейтингісінен лайықты орын алуы үшін қандай нақты жоспарларды жүзеге асыру қажеттігін ортаға салды.


11.01.2011 ҚазҰУ түлектері мен студенттері құрама командаларының дәстүрлі жолдастық кездесуі өтеді

2011 жылдың 15 қаңтарындаҚазҰУ спорткешенінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері мен студенттері құрама командаларының арасында мини-футболдан, волейболдан, бадминтоннан, үстел теннисінен, шахматтан дәстүрлі жолдастық кездесуі өтеді. Бұл турнир 15 қаңтар - Қазақстан ЖОО арасындағы рейтингісі жоғары жетекшіуниверситет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың туған күніне арнайы ұйымдастырылып отыр. Жарысқа университет түлектері шақырылады.


11.01.2011 ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында халықаралық Жәутіков оқушылар олимпиадасы өтеді

2011 жылы 14 қаңтарда сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында физика, математика, информатика бойынша халықаралық О.Жәутіков оқушылар олимпиадасысалтанатты түрде ашылады. Оған көптеген шетелдік оқушылар қатысады деп күтілуде.

Физика, математика, информатика пәндерінен өтетін Халықаралық Жәутіков оқушылар олимпиадасынәл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелікорталығыжәне О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебібірлесіп ұйымдастырып отыр.


10.01.2011 Жаңа жылдағы бірінші жиналыс

Жаңа Күнтізбелік 2011 жылдың 10 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы Ректорат мәжілісі болып өтті. Онда біраз маңызды мәселелер қаралды.

Жаңа жылдағы алғашқы Ректорат мәжілісінде қаралған негізгі тақырыптардың бірі «Академиялық үдеріс: бірінші семестр қорытындылары» болды. Бұл туралы баяндама жасаған Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Гүлнәр Балақаева қысқы сессияның жаңа форматта өтуі өз нәтижесін бергенін атап айтты. Биылғы сессиядағы студенттердің үлгерімі 88,8% көрсеткішпен жоғары бағаланды. Факультеттердегі емтиханды ұйымдастыру жұмыстары қанағаттанарлық, студенттердің емтиханға дайындықтары жақсы. Сондай-ақ, мәжілісте «Универ» жүйесіндегі магистранттар мен докторанттарға арналған оқыту моделі, жаңа мамандықтарға енгізілген өзгерістер, қашықтықтан оқыту және әр мамандық бойынша оларға қажетті әдебиеттер мәселелері жан-жақты қарастырылды.


06.01.2011 Куратор-эдвайзер тәжірибесін толықтырған семинар

Классикалық үлгідегі университеттен Ұлттық зерттеу университетіне айналу барысында тәрбие жұмыстарын да нығырлап, жандандыру керек. Осы орайда білім ордасында маманданып жатқан студенттің тәрбие саласына бірден бір жауапты тұлға – куратор-эдвайзер екендігін ескерген ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департаменті 5-6 қаңтар аралығында философия және саясаттану факультетінде университеттің куратор-эдвайзерларына арнап семинар өткізді.

Семинарда Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Шолпан Ерболқызы Ұлттық зерттеу университеті құрылымындағы тәрбие жұмыстарының үлгісі тақырыбында баяндама жасады. Елбасының қазақстандық бірнеше жоғары оқу орындарының әлемдік топ университеттер қатарына енуіне орай айтқан нақты тапсырмасын жүзеге асыру үшін ұлттық зерттеу университетіне айналу тиімді болмағын назарда ұстаған проректор Шолпан Жаманбалаева өз баяндамасын студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында ескерілетін негізгі талаптарға арнады. “Оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары кәсіби-еңбектік тұрғыдан тәрбиелеу, азаматтық-құқықтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу бағыттарын қамту керек”, - дей келе, қара шаңырақтың куратор-эдвайзерларын: “Тәрбие жұмыстары студентті тұлға ретінде қалыптастырып, оның әлеуметтік және мәдени әлеуетін арттыруға ықпал ету қажет”, - деген ұйғарымға шақырды.


05.01.2011 ҚазҰУ-да куратор-эдвайзерларға арналған семинар өтті

5-6 қаңтарда ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының басты бағыттары тақырыбында куратор-эдвайзерларға арналған семинар-тренинг өтті.

Семинарға Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ш.Е.Жаманбалаева, Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департаменттің директоры Г.Ә.Сәрсенбекова, декандардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және факультеттегі аға куратор-эдвайзерлар қатысты.