Жаңалықтар

Жаңалықтар


08.12.2010 Мультимемлекеттік TARGET жобасының презентациясы өтеді

13 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде химия факультетінің Малахит залында қазақстандық оқу – орындарының студенттері, магистранттары докторанттары, оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған Европалық комиссияның “Эрасмус Мундус” бағдарламасы аясындағы мультимемлекеттік TARGET жобасының презентациясы өткізіледі. Аталмыш жобаның негізгі мақсаты Орталық Азия елдерінің жоғары білімі мен экономикалық дамуына қолдау көрсету және де өмірлік стандарттардың өсуіне жанама ықпал ету болып табылады.


08.12.2010 Конфуций Институтында кезекті қытай тілінен тест өткізілді

2010 жылғы 5 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институтында кезекті қытай тілі (HSK) және қытай тілі оқытушыларын сертификациялаудан өткізу бойынша тест өткізілді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институты 2008 жылдан бастап қытай тілі бойынша HSK тестісін өткізетін ресми орталық болып табылады.


07.12.2010 Басты мақсат – ҚазҰУ-ды ғылыми-зерттеу университетіне айналдыру

6 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кезекті Ректорат мәжілісі өтті. Үздік университеттің оқытушы-профессорлар құрамы жиналғанотырыста Қазақстан-үнді ақпараттық технологиялар орталығының жұмысын жақсарту, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың орталықтарын қайта ұйымдастыру және университеттің жаңа еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құру, сондай-ақ магистратурада жаңа мамандықтарды ашу сияқты тағы да басқа бірнеше айтулы мәселелер назарға алынды.


07.12.2010 ҚазҰУ-да магистратура бойынша жаңа мамандықтар ашылмақ

Кеше ҚазҰУ-да өткен Ректорат мәжілісінде алдағы оқу жылында магистратура бойынша жаңа мамандықтар ашу туралы ұсыныстар қаралды. Бұл туралы университеттің Оқу жұмысы жөніндегі проректоры Мұрат Орынхановтың магистратурада жаңа мамандықтарды ашу туралы жасаған баяндамасынан белгілі болды.


07.12.2010 ҚазҰУ-да еншілес мемлекеттік жаңа кәсіпорындар ашылады

Әр жұмыс күнін тың идеямен бастайтын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы бұл аптаның бірінші күнін тағы да біршама тыңғылықты бастамаларға арнады. Кеше университеттің оқытушы-профессорлары бас қосқан Ректорат мәжілісінде ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың орталықтарын қайта ұйымдастыру және университеттің жаңа еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құру жөнінде ақпарат жасады.


07.12.2010 Қазақстан-үнді ақпараттық технологиялар орталығының жұмысы жанданатын болды

Қазақстан-үнді ақпараттық технологиялар орталығының жұмысын жандандыруды ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыла көтеру керек. Мұндай тұжырым 6 желтоқсан күні университетте өткен Ректорат мәжілісінде айтылды.


06.12.2010 Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары ҚазҰУ-да болды

6 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндеҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттар қауымдастығының төрағасы Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбекпен кездесу өтті. Бас қосуды ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов сөз сөйлеп ашты.Онда «ҚР Мемлекеттік Хаттамасы» кітабының авторы Бауыржан Байбек студенттерге осы шығармасына сәйкес актілік дәрісін оқыды.


03.12.2010 Химия ғылымының майталманы студенттерге дәріс оқыды

3 желтоқсанда химия факультетінде х.ғ.д., профессор, Минералды ресурстар халықаралық академиясының академигі, ”Ғылым” аталымы бойынша “Платиналы Тарлан” тәуелсіз сыйлығының лауреаты Хабибулла Құсайынұлы Оспанов студенттерге “Физикалық және химиялық үдерістерді басқару теориясы және оны ғылым және техника саласында қолдану” тақырыбында дәріс оқыды.


03.12.2010 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Заң клиникасы өз жұмысын жалғастыруда

3 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің Заң клиникасы қызмет көрсете бастады. Студенттер сенатының бұл жобасы Елбасы Жолдауындағы әлеуметтік бағыттардағы міндеттемелерді жүзеге асыру мақсатында құрылып отыр. Осыдан екі жыл бұрын өз жұмысын бастаған бұл клиника, ҚазҰУ басшылығын және студенттерді салтанатты түрде жұмыс барысымен таныстырды. Басшылықтан бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаев, тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева, заң факультетінің деканы Дәулет Байдельдинов, декан орынбасарлары мен оқытушы-профессорлары да келді.


03.12.2010 Лидерлік лекция өтті

2 желтоқсан күні ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында сыртқы саясаты» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қонағы – саясаттанушы, сенатор, с.ғ.д., профессор Камал Бұрханов.

Бұл кездесуге факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер мен магистранттар, докторанттар да атсалысты. Саясаттану кафедрасының меңгерушісі Ләйлә Иватова кездесу басталысымен, бұл дөңгелек үстел Камал Бұрхановтың лидерлік лекциясы ретінде өткізейік деген ұсынысын айтты. Айтылғандай, барлығының да белсенді қатысуымен лекцияға ден қоя тыңдалды.