Жаңалықтар

Жаңалықтар


03.12.2010 ҚазҰУ-дің Францияның Lille 1 университетімен PhD докторантура бойынша ортақ жобалары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін Франциямен білім саласында бұрыннан бері қалыптасқан тұрақты серіктестік қарым-қатынастар байланыстырады. Университеттің Халықаралық ынтымақтастық департаменті тарапынан Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен оқушыларына арналған ақпараттық күндер, түрлі кездесулер және презентациялардың үнемі өткізіліп тұруы жақсы дәстүрге айналды.


03.12.2010 ҚазҰУ-да ғылыми байқау өтті

Жақында ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасына 70 жыл толды. Айтулы мерекеге орай студенттер арасында ғылыми байқау ұйымдастырылды. Аталмыш байқауда университеттегі механика және математика, философия және саясаттану факультетінің студенттері ғылыми эссе жазу, педагогикалық ертегі құрастыру сайысы бойынша жарысқа түсті. Студенттердің ғылым саласындағы қызығушылығын оятып, шығармашылық ізденісін арттыратын бұл байқау, сондай-ақ білімгерлердің ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамытуды мақсат етті. Сонымен қатар, жиын студенттердің өндірістік тәжірибе жұмыстарын жақсартып, осы салада жастар әлеуетін жетілдіруді негізге алды.


02.12.2010 ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары ҚазҰУ-да дәріс оқиды

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттар қауымдастығының төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек ҚазҰУ ұжымымен кездеседі.

2010 жылдың 6 желтоқсаны, сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттар қауымдастығының төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігіжетекшісінің орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлымен кездесу өтеді. Кездесуді ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтанов ашады.Онда «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттар қауымдастығының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіжетекшісінің орынбасары Бауыржан Байбек Қыдырғалиұлы “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасы” актілік дәрісін оқиды.


01.12.2010 Астана саммиті – ҚазҰУ назарында

1 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде Бекмаханов оқу залында ҚР Парламенті халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, мәжіліс депутаты, с.ғ.д., профессор Камал Назымұлы Бұрханов факультет ұжымы мен студенттер қауымына «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Астанада өтетін саммиттің қорытындысы» тақырыбында дәріс оқыды.


01.12.2010 Тарихы тереңде жатқан Түркі жазуының мерекесі

2 желтоқсанда сағат 13.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркі жазуы мейрамы» өтеді.

Әрбір халықтың рухани байлығы – ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын мұра. Кез келген халықтың өзіне тән тарихы, әрбір дәуірге лайық мәдени мұрасы, асыл өнері бар. Соның бірі түркі халықтарына ортақ мұра – көне түркі жазба ескерткіштері. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркі сына жазуымен тас бетін өз тарихымен айшықтаған. Көнеден келе жатқан жәдігерлердің ішкі мазмұны мен сырын ұғыну, оның қазақ халқы үшін қаншалықты құнды екенін анықтау – болашақ ұрпаққа парыз. Осы аса құнды мақсат филологияфакультетінде дәстүрлі түрде өткізілетін «Түркі жазуы мейрамы» атты шарада барынша жүзеге асып келеді. Биыл да сол үрдіс жалғасын тауып, аталған шара факультеттің қазақ филологиясы және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары 2 курс студенттерінің қатысуымен жүзеге аспақ.


30.11.2010 «Премиум кадрлерінің бөлімі» журналы

ҚазҰУ-дың Мансап секторы және Жұмыс берушілер кеңесінің компаниялары университет студенттеріне «Премиум кадрлерінің бөлімі» журналының көшірмесін ұсынады.


30.11.2010 ҚазМұнайГаз бен ҚазҰУ-дың серіктестігі

ҚазҰУ Жұмыс берушілер кеңесінің мүшесі ҚазМұнайГаз жұмысқа орналастыру мақсатында заң және халықаралық қатынастар факультеттерінің 4- курс, магистратураның 1, 2-курс студенттерін іріктейтін болады. Оған қалалық және республикалық университеттік олимпиадаларға, саяси және заң ғылымдар байқауларына, әр-түрлі интеллектуалды және пікірсайыс форумдарына қатысқан; құқықтық ғылым саласында эссе, баяндама және зерттеу жұмыстары жарияланған, ағылшын тілін жетік меңгерген студенттер қатыса алады.


30.11.2010 HSBC Банкі ҚазҰУ-дың үздік түлектерін жұмысқа шақырады

HSBS Банкі ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебі, халықаралық қатынастар және механика-математика факультеттерінің 4 курс студенттерін, магистратураның 1, 2 курс студенттерін жұмысқа шақырады.


30.11.2010 Күн тәртібінде электронды кітапхананы құру мәселесі

29 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңес залында ректорат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде ҚазҰУ ғылыми кітапханасының даму стратегиясы талқыланды. Осы жөнінде ғылыми кітапхананың директоры Гүлжан Мұсағалиева баяндама жасап, алда тұрған жоспарларды ортаға салды.


29.11.2010 Білім. Ғылым. Өндіріс

Алматы қаласы өнеркәсіп және кәсіпкерлер басқармасының қолдауымен 2010 жылдың 25 қарашасында сағат 11-00-де әл-Фараби жанындағы Қолданбалы лингвистика және мәдениаралық байланыстар орталығында TEMPUS PERSEUS бағдарламасы аясында «Білім-Ғылым-Өндіріс» Дөңгелек үстелі өтті. Онда университеттің ғалымдары, қазақстандық және шетелдік өнеркәсіп орындары мен қоғамдық ұйымдарының Kookmin Bankтың, POSCO, LG, ҒЗИ –дың өкілдері және оқытушылар қатысты.

Бұл өткізілген шараның негізгі мақсаты ЖОО-ны сапалы білім беруге, корпоративті байланыстар орнатуға, университеттің ішкі және сыртқы макроэкономикалық ортадағы болып жатқан негізгі өзгерістерге, бизнес сұраныстарына тез бейімделуге және бәсекелестіктік дәрежесін арттыруға ынталандыру болды.

Үйлестіруші Бимағамбетова Ж.Т. TEMPUS PERSEUS «Білім-Ғылым-Өндіріс» аптасының негізгі мақсаттары мен міндеттері, REDIC ашылуы туралы және жобаның болашақтағы жоспарлары жөнінде ақпарат берді.

Дөңгелек үстел барысында ғылым мен өндіріс арасында ашық диалог болды. Университет пен өндірістік құрылымдардың өзара қарым қатынасы моделін құру мәселесән талқылағанда тамақ және жеңіл өнеркәсіптегі тауар өндірушілер Ассоциациасының бас директоры Безрукова Нина Семёновна университетпен бірігіп жасайтын шаралар жәнінде нақты ұсыныстар білдірді.

Kookmin Bank өкілі Ханг Сан Донның білімдегі халықаралық серіктестік мәселесі халықаралық үлгідегі сертификат беретін қаржылық технология бойынша кадрларды қайта дайындаумен айналысатын біріккен ғылыми-зерттеу Орталығын құруда бәрінің қызығушылығын тудырды.