Жаңалықтар

Жаңалықтар


18-қар-10 Заңгерлер бас қосты

10 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің ұйымдастыруымен «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін жүзеге асыруға байланысты құқық қорғау органдары мен сот қызметін оңтайландыру мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


17-қар-10 Ректорлар ЖОО-дағы жемқорлық мәселелерін талқылайды

18-қарашада сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қ. жоо ректорлары жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын талқылайтын болады. ЖОО ректорлары жұмыс барысындағы бас қосуда Қазақстан білім беру ісіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес мәселелері тиянақты түрде қарастырылып, ЖОО арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылады.


17-қар-10 Мұнай кен орны өңдеу саласындағы бастаушы компания халықаралық еңбек нарығына мамандар дайындайды

Мансап секторы және АДЖИП ККО компаниясының субмердігерлігі Сайпем С.п.А компаниясы палубалы офицер, кемелік механик мамандықтар бойынша оқыту мақсатымен түлектер арасында іріктеу жасайды. Кандидаттардың оқуы Оманның Халықаралық Теңіз Колледжінде 5 жыл аралығында өтеді. Оманның Халықаралық Теңіз Колледжі студенттерді халықаралық деңгей жобаларында жұмыс істеуге дайындайды. Осы мақсатпен математика және ағылшын тілінің жақсы, білімді барлық факультет студенттері қарастырылады. Кандидаттарға келесі жағдай қарастырылады: стипендия, баспана, тамақтану, жол жүру, визаны дайындау. Оқу аяқталысымен Сайпем компаниясы олармен 5 жылға еңбек келісім-шартына отырады. 19 қарашада Saipem компаниясының презентациясы және кандидаттар арасында ағылшын тілінде математикадан тестілеу өтеді.


17-қар-10 Өнерлі студенттер байқауы

17 қарашада философия және саясаттану факультетінде жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 70 жылдығына орай «050103 - педагогика және психология», «5В0050103 - педагогика және психология», «5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтардан құралған топтар арасында «Өнерлі студенттер байқауы» өнер сайысы өтуде.

Іс-шараның басты мақсаты студенттерді шығармашылық іс-әрекетке қатыстыра отырып, қоғамдық белсенділікті және екпінді дамыту, университеттің тәрбиелік іс-шараларына қатысатын талантты жастарды қолдау.

Сайыс талаптары бойынша әр топ өзін таныстырып, ән, би, күй орындау, мәнерлеп қара өлең оқу өнерлерімен барша қауымды тәнті етпек.


15-қар-10 «Қылмыстық саясатты ізгіліктендіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет аясында заңнаманы жетілдіру» конференциясы

18 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық құқық және криминология кафедрасы «Қылмыстық саясатты ізгіліктендіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет аясында заңнаманы жетілдіру» атты жоғары оқу орындарының арасында студенттік конференциясын өткізеді.


15-қар-10 «БІЗ» театрының жаңа маусымы

18 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Халықаралық студенттер күніне орай, «Біз» студенттер театры «Ол көктем оралмайды» атты спектаклімен жаңа маусым тұсаукесерін ашады.

Спектакль Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында сағат 19.00-де басталады. Келем деушілерге есік ашық.


15-қар-10 ҚазҰУ студенттері «Ана тілі» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды

Қазақстан РеспубликасыБілім жәнеғылым министрлігі және «Қазақ газеттері» ЖШС-ның ұйымдастыруымен жас ұрпақтың ортасында ұлттық тілімізді және мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау мақсатында 2010 жылғы 11-13 қараша аралығында Көкшетау қаласында Республикалық «Ана тілі» аруы» және «Ана тілі» сұлтаны» байқауы өтті.


13-қар-10 Тәрбие жұмысын жетілдіру жөніндегі семинарлар

2010 жылдың қыркүйек айының аяғы мен қараша айының басында бекітілген кесте бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің факультеттерінде университеттің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің ұйымдастыруымен университет кафедраларында және оқытушылардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі семинарлар өтті. Семинар факультет декандары, деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, эдвайзерлер, оқытушылар және жоғарыдағы аталған департамент қызметкерлері қатысуымен өтті.

Семинар факультет кафедраларының және оқытушылардың жаңа 2010-2011 оқу жылдарына арналған тәрбие жұмысын жоспарлауда қандай мәселелерге көңіл бөлу керектігі және жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктерін талқыға салуды мақсат тұтты. Сонымен қатар, университетте жұмыс жасап жатқан әртүрлі студенттік ұйымдар, үйірмелер және басқа да ұйымдардың факультеттерде, кафедраларда тәрбие жұмысын жүзеге асыруда алатын орны және бұл ұйымдармен кафедра оқытушыларының байланысын, қарым-қатынасын күшейту көзделген.


13-қар-10 Ірі қаржыгерлер ҚазҰУ-да қонақта

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың қасиетті қара шаңырақты еліміздің ең ірі ғылыми зерттеу орталықтарының ордасына айналдыру мақсатындағы іргелі идеясына орай, 12 қарашада университетте ҚР Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Аркен Арыстанов, осы агенттік аппаратының жетекшісі Нұржан Қабиев және «АӨҚО академиясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Ольга Кузнецова қонақта болды. Кездесуге университет жетекшілігі және экономика, заң факультетінің басшылары мен оқытушылары қатысты.

Бас қосуды ашқан ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы бүгінгі таңда университет алдында тұрған мақсат-міндеттерді саралап, оның Қазақстан қаржы саласын дамытуда білікті маман даярлау бағытында жасап отырған жұмыстарына тоқталды. «Сондықтан, мұндай отырыстардың ірі ғылыми зерттеу орталықтары ордасына айналу мақсатында біздің оқытушыларымыз бен студенттеріміз үшін берер тағлымы мол» деді ректор.


12-қар-10 Global Intern Халықаралық байқауы

Мансап Секторы және Education First компаниясы 18 қарашада Global Intern халықаралық байқауының презентациясын өткізеді. Байқауда 50-ден астам мемлекеттердің студенттері қатысады, байқаудың нәтижесі бойынша жеңімпаздар 3 айдын аралығында таңдаған үш мемлекеттерінде тәжірибе өту мүмкіндігін алады. Презентация шеңберінде мансаптық даму сұрақтарына арналған бірегей семинары өтеді: түйіні дұрыс құру, жұмыс іздеген кезінде назарға қандай шарттар алу және т.б. Семинарды Андерс Бауэр мырза өткізеді - Стокгольм Экономика мектебінің түлегі, Гарвард университетіндегі магистранттарға арналған бағдарламаның қатысушысы.