Жаңалықтар

Жаңалықтар


12-қар-10 ҚазҰУ жастары ҰОС батырларын еске алу шарасы

15 қарашада сағат 14.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайы университеттің әскери кафедрасымен бірлесе отырып Алматы қаласы әкімшілігі жастарды патриоттыққа тәрбиелеу жөніндегі Комиссияның қолдауымен «Сіздердің ерліктеріңіз халық жадында мәңгілік сақталады» атты іс-шарасын өткізеді. ҰОС ардагері, панфиловшы-жауынгер, Алматы қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, полковник Г.М. Визиряко қатысады.


12-қар-10 Ректор филология факультетінің ұжымымен кездесті

11 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры болып тағайындалған Ғалымқайыр Мұтанов университет қызметкерлерімен танысуын жалғастырды. Осы жолы филология факультетінің оқытушы-профессорларымен әңгімелесіп, сауалдарына жауап берді.


12-қар-10 17-қараша – Халықаралық студенттер күні қарсаңында бірінші курс студенттері арасында қазанның 4-нен бастап 1 ай көлемінде өткен «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалінің марапаттау салтанаты өткізілмек

Білім мен ғылымның қарашаңырағы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерге шынайы өнер арқылы тәрбие беруді негізге айналдырған. Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің ұйымдастыруымен университет көлемінде бірінші курс студенттері арасында «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалі өткізілуде. Фестивальдің бірінші кезеңі 1400-ден аса бірінші курс студенттерінің қатысуымен факультеттер деңгейінде өткізіліп, қазіргі таңда екінші кезеңге жолдама алған 500-ге жуық студент бақтарын сынауда. Фестивальдің марапаттау рәсімі мен гала-концерті Студенттер сарайының үлкен сахнасында 17-қараша күні өткізілгелі отыр.


12-қар-10 Сұлулар мен сұлтандар Көкшетауда бақ сынамақ

Кеше 2010 жылдың 11-қарашасында Көкшетау қаласында Республикалық «Ана тілі аруы» және «Ана тілі сұлтаны» байқауы басталды. Байқауға Республикамыздың 37 жоғары оқу орындарынан келген үміткерлер қатысуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің намысын қорғайтын филология факультетінің 1-курс студенті Әшірәлі Әйгерім мен химия факультетінің 3-курс студенті Бұрханбеков Қайратқа және байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз.


12-қар-10 Алматы қалалық ақындар айтысы өтті

Тәуелсіздік мерекесінің алдында өткізіліп жатқан ауқымды шаралардың бірі – «Алматы - Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі» атты қалалық ақындар айтысы болды. Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің қызметкері Рүстем Қайыртайұлы айтыстың бас жүлдесін иемденді. Аймақтық сыннан суырылып шыққандар Елордада бақ сынамақ. Алматы қаласының намысын ҚазҰУ түлегі, студенттер клубының қызметкері Рүстем Қайыртайұлы қорғайтын болды. Рүстемге алдағы ақтық сайыста «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп Абай ақын айтқандай, жеңіспен оралады деп сенеміз.


11-қар-10 Туризмдегі стратегиялық жоспарлау тренингі

Алматы областық әкімшілігі Текелі қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туризм кафедрасымен біріге отырып, Орталық Азия Университеті кәсіби және үздіксіз білім беру Мектебі базасында туризмдегі стратегиялық жоспарлау бойынша аудандық/қалалық спорт бөлімі қызметкерлері үшін тренинг жүргізілген. Туризмді, дене тәрбиесі мен спортты басқару, сонымен қатар, Іле-Алатауы және Жоңғар-Алатауы ұлттық саябақтарының, балалар мен жасөспірімдер туризмі мен экскурсияның облыстық орталығының, қоғамдық туристік ұйымдардың аудандық құрылымдарының 20-дан астам қатысушылары 3 күн бойы Туризм және Спорт Министрлігімен, туризм және статистиканың облыстық бөлімшелерінің, ҚазҰУ туризм кафедрасының өкілдерімен кездесті. Бағдарлама өзіне дәрістер мен семинарларды, іскерлік ойын, презентация, пікір-таластарды енгізіп, зерттелетін терриориялардағы туризмнің дамуының концепцияларын құрған қатысушылардың қорытындысымен өз жұмысын аяқтады.


11-қар-10 «Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі»

Еуропалық Ақпараттық Орталық, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы 10 қарашада «Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ғылыми форум «2010: Қазақстан – ЕҚЫҰ Төрағасы» атты үш жылдық жобаны жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды және ҚР Президенті Әкімшілігінің бағдарламасына енгізілген.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы А.Кельчевский мырза, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы КСЗИ, Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Философия және саясаттану институты басшылығы, қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар, ҚР-да тіркелген дипломатиялық миссиялардың, бейүкіметтік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ғалымдардың баяндамалары, сарапшылардың пікірлері Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалығын қорытындылауда және алдағы болатын Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті бойынша ұсыныстар жасауда маңызды болмақ.


10-қар-10 ҚазҰУ-ға Түркия университеттерінің делегациясы іс-сапармен келді.

10 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Сулеймен Демирел университетінің (Түркия Республикасы) ректоры, профессор Месут Ақгүлдің басшылық етуімен түрік делегациясы сапармен келді. Делегация құрамында - профессор Шериф Али Текалан, Фатих университетінің ректоры, профессор Фарух Шен – «Түрік-неміс» қоғамдық қорының президенті, Сулеймен Демирел университетінің профессоры – Мұрат Қарагөз (Түркия), Асқар Жұмаділдаев (Қазақстан), сонымен қатар, Сүлеймен Демирел университетінің проректоры, профессор Дандай Искхакоглы, Йылмаз Матылмаш – Сүлеймен Демирел университетінің бас кеңесшісі және доктор Мұхтархан Оразбай – Сүлеймен Демирел университеті ректорының кеңесшісі. Делегацияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанов қабылдады.

Сүлеймен Демирел университеті Түркияның Испарта қаласында орналасқан қоғамдық университеті болып табылады. Университет негізі 1992 жылы қаланған. Студенттердің жалпы саны - 39000. Университет Түркияда көлемі бойынша төртінші орын алатын жоғары білім беру мекемесі болып табылады. Ауыл шаруашылығы, инженерия, медицина және бизнес салаларындағы өзінің зерттеу бағдарламаларымен танымал. Сондай-ақ, Еуразиялық университеттер қауымдастығы мен Еуропа Кеңесі оқу бағдарламаларының (Erasmus Mundus, Tempus және т.б.) мүшесі болып табылады.


9-қар-10 Ойға жүйрік, сөзге шешендер додасы

7 қараша күні ҚазҰУ-дың «Алтын сапа» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен факультетаралық «Әл-фараби» кубогының пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге барлығы 17 команда қатысты.


9-қар-10 ҚазҰУ-да «Күзгі бал-2010» байқауы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінде «Алтын күз» атты мерекелік байқауы өтті. Шараны биология факультетінің Студенттер маслихаты ұйымдастырды.