- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
01.11.2010 Жастар. Мәдениет. Дін
5 қазан мен 18 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қ. әкімшілігінің өкілдерімен кездесті.
01.11.2010 Тәуелсіз елдің дипломаттарын даярлаған орда
Еліміздің халықаралық қатынастар саласындағы мамандарына әлемдік баға берілді. Мұхит асқан құттықтау хаттар мен ізгі лебіздер, тәуелсіз еліміздің сыртқы саясатына қолпаштау мен отандық ғалымдарымыздың біліктілігіне деген үздік бағалардың толастамаған сәтіне 29 қазанда ҚазҰУ қалашығындағы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің 15 жылдығына арналған мерекелік кеш барысында куә болдық.
Мерейтойға ҚР СІМ, ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері, АҚШ, Германия, Франция, ҚХР, Жапония және басқа да мемлекеттер елшілігінің өкілдері қатысты. Атап өтер болсақ, ҚР СІМ Төтенше және Өкілетті елшісі Әуезхан Мақтайұлы Қырбасов, АҚШ-тың Алматыдағы БАС консулы Майкл Сноуден, Қазақстандағы Польша Елшілігінің екінші хатшысы Михала Чаброс және Нью-Мексико университетінің профессоры Грегри Глиссен бастаған бірнеше шетелдік профессорлар әріптестерін қуаныштарымен құттықтай келіпті. Сондай-ақ, аталған өкілдерден бөлек тағы да АҚШ, Еуропа, Орта Азия елдерінен біршама құттықтау хаттар келіпті. Әлемнен келген үшбу хаттармен факультет профессоры Фатима Көкеева таныстырып өтті.
Еліміздің сыртқы-ішкі саясатына жетекші мамандар даярлап отырған факультет ұстаздарының еңбегі өлшеусіз. Осы орайда 15 жылдық мерекелерімен арнайы құттықтай келген университет басшылығы ұстаздар еңбегін ұлықтады. Академик, ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов атынан құттықтау сөз алған университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов:
- 15 жыл ішінде халықаралық қатынастар факультеті 2500-ден аста түлекті қанаттандырып үлгерді. Бұл факультеттен даярланған жоғары қабілетті мамандар елді дүние жүзіне танытып жүр. Алдағы еңбектеріңізге де табыс тілеймін,- деп атап өтті. Одан кейін К.К.Қожахмет, Е.Қ.Байзақова, Г.С.Сүлейменова, Н.К.Шәкіров (декан), Ғ.К.Мақашева, С.Ж.Айдарбекова, Ә.М.Төлеген, Ф.Т.Көкеева, М.Ш.Гүбайдулина сияқты факультеттің профессор-ғалымдарын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білікті ғылыми мамандарды дайындау ісіндегі ұзақ жылғы адал еңбегі, халықаралық қатынастар факультетіне шынайы берілген белсенді қызметі үшін ҚазҰУ ректоры Ғ.Қ.Мұтановтың «Алғыс хатымен» марапаттады.
30.10.2010 Әлем спортшыларын дайындаған Спорт клубы – 60 жаста
30 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Спорт клубының 60 жылдығына арналған спорттық мерекенің салтанатты ашылуы болды. Осы мерекеде сонымен қатар ҚаЗҰУ ректоры кубогына арналған факультетаралық Спартакиада тұсауын кесті. Олимпиада ойындарына чемпиондар даярлаған ордаға ардагер спорт майталмандары және Бокстан еңбегі сіңген спорт шебері, Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ибраимов, 2008 жылы Қытайда өткен Олимпиада ойындарында дзюдо күресінен күміс алқа иегері Асхат Житкеев бастаған бірнеше спортшы түлектермен қатар университет басшылығы қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт клубы 1934 жылы ҚазҰУ құрылған сәттен университет ұжымының өміріне нық енді. 1948 жылы дене шынықтыру мен спорт кафедрасы ұйымдастырылды, ал 1950 жылы Қазақстаның жоғары оқу орындарындары арасында алғашқы спорттық клубы құрылды. Сол жылы 150 студент пен университет қызметкерлері Іле Алатауындағы Комсомол шыңын бағындырып, 1951 жылы шыңдардың біріне КазГУ деп университеттің атын берді.
Мереке барысында ҚазҰУ ректорының атынан сөз алған университеттің бірінші проекторы Мақтағали Бектемесов:
- Республикамыздағы жоғары оқу орындары ішінде алғашқы болып ашылған спорт клубы 60 жасқа үлкен дәрежемен жетіп отыр. Оған дәлел ретінде баскетболдан еңбегі сіңген спорт шебері, екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері Надежда Ольхова, бокстан еңбегі сіңген спорт шебері, Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ибраимов, Қытайда өткен Олимпиада ойындарында дзюдо күресінен күміс алқа иеленген Асхат Житкеев, тағы басқа түлектерімізбен ерекше мақтана аламыз. Бұл Сорт клубта халықаралық деңгейдегі бапкерлер жұмыс істеп жатыр. Алда талай жаңа белестерге, биіктерге жете беріңіздер,- деген лебізімен бөлісті.
29.10.2010 Аккредитация сәтті өтті
Отандық жоғары мектеп халықаралық білім кеңістігінде белсенді түрде әрі айқын мақсатпен интерграция үрдісін жүргізіп келеді. Бұл бағытта Қазақстан жоғары білімінің алдындағы стратегиялық сұрақтардың бірі халықаралық білім бағдарламасы аккредитациясынан өту, дипломның нақты мүмкіндігіне жету және ЖОО түлектерінің мабильді кәсібилігін арттыру болып табылады.
Жақында ASIIN (Германия) халықаралық аккредитациялау агенттігінде бакалавр, магистартура сатысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті он білім бағдарламасы негізінде аккредитациялау жұмысын сәтті аяқтады. Аккредитациядан өткен бағдарлама жаратылыстану ғылымдары негізінде «Биология», «География», «Математика», «Физика», «Химия» саласын қамтиды.
Халықаралық аккредитацияға дайындық әрі өткізу жұмыстары бойынша ҚазҰУ-дың рейтинг және аккретидация бөлімі жоғарыда аталған мамандықтарға орай факультеттермен талдау жұмыстарын жүргізді. Талдау нәтижесі ASIIN агентствасына жіберілді. Онда бағдарлама мақсаты, мамандықтар сипаты, қажеттілік, оқу үдерісіндегі академиялық саясат, сапаны бақылау механизмі, білім сапасын қадағалау жолы, университеттің және сәйкес факультеттердің материалдық-қаржылық ресурстары, т.б. жағдайлар қарастырылған. Сонымен қатар есепте оқытылатын пәндердің сипаттамасы және оқытушылар анкетасы ұсынылды.
Өткен жылы білім беру бағдарламалары аудитін өткізу үшін және аккретидация жұмыстары бойынша ASIIN агентствасы ҚазҰУ-ға келген болатын.
Білім бағдарламаларының аккредитациядан өткендігі және 2015 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі жарамды мерзімде екендігі туралы 2010 жылдың 1 қазанында ASIIN агентствасы аккредитациялық сарапшылары хатшылық комитетінің шешімінен белгілі болды.
29.10.2010 «Әл-Фараби 2011» олимпиадасының дайындық кезеңі
2011 жылдың 19 қазанынан бастап «Әл-Фараби 2011» Олимпиадасының дайындық кезеңі басталды. Олимпиаданы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті өткізеді.
«Әл-Фараби» Олимпиадасының негізгі ерекшелігі мұнда 14 жалпы білім беретін пән бойынша Қазақстанның барлық аймақтарынан үиіткерлер қатысады.
ҚазҰУ сайтында Олимпиада қатысушыларына тіркеу жүргізіледі. Олимпиадаға жалпы білім беретін мекемелердің 11 сынып оқушылары қатыса алады. Барлық факультеттерге «Әл-Фараби 2011» Олимпиадасының дайындық кезеңіне белсене қатысуларыңызды сұраймыз.
28.10.2010 Испаниямен әріптестік шекара кеңеюде
27 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен «Universidad.es» корының президенті Моника Маргарит және оның сауда-экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі Диего Молерес Олливьердің қатысумен әріптестік кездесу өтті.
Қонақтар қордың мақсат-міндеттерімен таныстырды әрі Испанияның білім жүйесіндегі қордың рөлін және испандық университердің тыныс-тіршілігіне тигізер үлесін атап өтті.
ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтанов шетелдік меймандармен екіжақты университеттер арасындағы әріптестіктің бағыт-бағдарын талқылап, студенттерді алмасып оқыту, оқытушылар тәжірибесімен бөлісу саласындағы атқарылар шараға тоқталып, Болон жүйесіндегі жетістіктермен бөлісті.
Диего Молерес Олливьер университет басшылығына Қазақстан Республикасындағы Испания Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберт Антон Кортес мырзаның сәлем хатын жеткізді. Қонақтар ҚазҰУ-да мықты мамандар даярланатынын және ҚазҰУ Қазақстандағы ең үздік университет болып табылатындығынан хабардар екендігін айтты. Ендеше бұл сапарға Моника Маргарит ханымның келуі де осындай беделдердің күші екендігі белгілі.
Өз кезегінде Моника Маргарит ханым ҚазҰУ ректорын басшылыққа келген жаңа міндетімен құттықтап өтті.
– Испан университеттерінің шетелде жетілдіру үшін осыдан екі жыл бұрын бұл қор құрылған еді. Біз СІМ, ҚР Білім және ғылым министрлігімен тығыз әріптестік байланыстамыз. Барлық испаниялық университеттер біздің қордың еншісінде. Біздің бағдарламамыз, сіздердің, университеттеріңіздің басшысы испаниялық жоғары оқу орындарымен қарым-қатынаста болуын көздейді. Біздің білім жүйесімен толық танысу үшін, сіздерді Испанияға шақырамыз, - дейді қор президенті.
– Дәл қазіргі уақытта кең ауқымда Болон жүйесі жүріп жатыр. Бұл жүйе білім бағдарламасын жетілдіріп, студенттер мен оқытушылардің мобильділігін арттырады. Бізде ғылым саласындағы жобалар негізінде студенттерді алмастырып оқыту мүмкіндігі бар. Қазір Қазақ ұлттық университеті ұлттық зерттеу университетіне айналу жолында. Сондықтан біздің алдымызда университетімізді модернизациялау міндеті тұр. Осы сұрақтар төңірегінде Испаниядағы жетекші университеттердің тәжірибесі бізді қызықтырады, – деді ҚазҰУ ректоры.
28.10.2010 «Бағалы қағаздарды алу және іске асыру механизмдері» семинары
Мансап Секторы және ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің компаниясының Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығы (АӨҚО) 29 қазанда «Бағалы қағаздарды алу және іске асыру механизмдері» атты семинарын өткізеді. Еліміздің қаржы саласындағы жетекші сарапшылары Алматы қаласының өңірлік қаржылық орталығының қызметімен таныстырып, бағалы қағаздар нарығы мен қаржылық қызметтер нарығы, капиталды тарату тәсілдері және оны қор нарығы арқылы отандық компаниялармен инвестициялау жөнінде толық ақпарат береді.
28.10.2010 Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің 15 жылдығына орай мерекелік кеш өтеді
2010 жылдың 29 жұлдызында сағат 17.00-де Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің 15 жылдығына орай мерекелік кеш өтеді. Мерейтойға ҚР СІМ, ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері, АҚШ, Германия, Франция, ҚХР, Жапония және басқа да мемлекеттердің елшілігі өкілдері қатысады.
Халықаралық қатынастар факультеті 1995 жылы Қазақсатн Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өтініші негізінде құрылды. Факультет халықаралық қатынас, халықаралық құқық, аймақтану, әлемдік экономика салалары бойынша жоғарғы білікті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. Құрылған күннен бастап халықаралық қатынастар факультеті Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыста. Атақты қазақстандық дипломат Қ.К.Тоқаев факультеттің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Еліміздің әйгілі дипломаттары (А.Х. Арыстанбекова, Қ. И. Исагалиев және тағы басқалар) студенттермен өздерінің бай тәжірибелерімен бөліседі.
Факультеттің жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақтар жүргізеді.
ХҚФ Қазақстандағы халықаралық қатынастар саласындағы мамандар дайындауда сөзсіз көшбасшы, ҚазҰУ факультеттері арасындағы шет елдік басылымдар санын, халықаралық конференцияларға қатысуды, тағылымдама санын, бөлінген шет елдік гранттар, бірлескен жобалар санын куәландыратын халықаралық ынтымақтастық саласындағы бірден бір факультет болып табылады. Факультеттің 8 оқытушысы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Үздік оқытушы» грантының иегерілері.
ХҚФ шет елдік мемлекеттердің өкілдіктері және елшіліктерімен – АҚШ, еуропалық мемлекеттер, Азия мемлекеттері, халықаралық ұйымдар – БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, АӨСШК, ШЫҰ және т.б. Факультетте елшіліктердің өкілдерінің қатысуымен үнемі республикадағы жалғыз «Елшілік сағаты» өтіп тұрады.
Студенттер, магистранттар және докторанттар елшіліктер мен ДААД, Фулбрайт, Маски, Француз альянсы сынды шет елдік қорлардың білім беру бағдарламаларына белсене қатысады. 100-ден астам студент президенттік стипендиясының иегерлері. Үздік студенттер мен оқытушылар «Болашақ» бағдарламасы арқылы шет елдік ЖОО-да дәріс алған және қазіргі таңда да дәріс алуда.
Факультетте төмендегідей 3 ақпараттық-сараптау және ресурстық орталық жұмыс жасайды: Еуропалық ақпараттық орталық, американдық және демократиялық зерттеу ресурстық орталығы, НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталық, француз тілі кабинеті.
27.10.2010 Ұлттық және мемлекеттік бірегейліктің тұп қазығы
26 қазанда ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен профессор Б. Құдайбергеновтың 65 жылдығына және дінтанулық білім берудің 10 жылдығына арналған «Жаңа діни ағымдар, қазіргі Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Шараның негізгі мақсаты қазіргі Қазақстан қоғамының рухани әлеуметтік дамуындағы жаңа діни ағымдардың рөлін, олардың ұлттық және мемлекеттік бірегейлікке ықпал ету деңгейін анықтау болып табылады.
Сонымен бірге халықаралық жиында «Қазақстандағы жаңа діни қозғалыстар: мәні мен мәселелері», «Жаңа діни ағымдардың таралуының әлеуметтік-саяси және этнопсихологиялық факторлары», «Жаңа діни ағымдар және олардың ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері» тақырыптарында баяндамалар оқылып, аталмыш тақырыптар жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, дінтану ғылымына үлес қосқан ғалым Б.Қ.Құдайбергеновтың өмірбаяны мен оның атқарған ерен еңбектері жайында баяндалып, еліміздегі дінтану ғылымымен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі де назарға алынды. Осы орайда философия және саясаттану факультетіндегі ғылым философиясы және дінтану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Нағима Байтенова: «Еліміздегі жаңа діни ағымдардың қалыптасуы мен даму жолдарын, ілімдік және ғұрыптық ерекшеліктерін талдау арқылы, олардың қоғамдық санаға, ұлттық және мемлекеттік бірегейлікке ықпал-әсерлерін айқындау қажет»,- дейді.
25.10.2010 «Тәржіманға» қош келдің, жас аудармашы!
Қазан айының 21 жұлдызы филология факультетінің «Аударма ісі» мамандығы үшін ерекше күн ретінде есте қалды. Себебі, бұл 1 курс студенттері «Тәржіман» жас аудармашылар клубына мүшелікке қабылданды. Аударма әлеміне енді ғана қадам басқан 1 курс пен тәжірибесі мол жоғары курс студенттерінің басын біріктіретін бұл клубтың жетекшісі-әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасының доценті Мұсалы Ләйла.