Жаңалықтар

Жаңалықтар


25.10.2010 Арулар байқауы мәресіне жетіп, «Ана тілі» аруы» анықталды

24 қазанда ҚазҰУ қалашығындағы Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Ана тілі» аруы» байқауы қортындыланды. Университеттің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен өтіп отырған байқауға ЛОРЕАЛЬ МЕЙБЕЛАЙН НЬЮ-ЙОРК компаниясы, «БАЙ ТЕРЕК» фото салоны, «ЕРКЕ НҰР» сән салоны және «АРЛАН» дзюдо клубы, Ғ.Мүсірепов атындағы жас өспірімдер және балалар театры т.б. мекемелер демеушілік жасаған.

Жалпы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ана тілі» аруы» байқауына іріктеу кезеңі өз жұмысын 21 қыркүйектен бастап кеткен болатын. ҚазҰУ-да білім алып жатқан мыңдаған аруларымыздың арасынан 700-ге жуық қыздарымыз іріктеу кезеңіне қатысты. Солардың 50-і 2-ші турға сүрінбей өтсе, ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен жүзеге асып отырған «Ана тілі» аруының» ақтық сайысына 14 арумыз бақ сынауға келді.

Бұл ақтық сайысқа дейін аруларымыз бірнеше асулардан асып, талай сын сағаттарда сыналған болатын. Мәселен, «Ана тілі» аруы» байқауының алғашқы кезеңі «Ұлттық тағамдар жәрмеңкесіне» арналған болатын. «Ұлттық тағамдар жәрмеңкесінен» түскен қаржыны арулар қайырымды іске жұмсап, №1 балалар үйіне барып қайтты.

Бұдан кейін аруларымызды рухани демалыс орны Ғ.Мүсірепов атындағы жас өспірімдер мен балалар театры «Тұншыққан сезім» атты спектаклмен қарсы алды. Байқау барысында арулармен бірге өткен белестерді Студенттер сарайына жиналған көрермендер бейне көріністен тамашалады.

Сайыстың алғашқы сәтінде «Ерке нұр» сән үйінің киім үлгісімен сахна төріне шыққан аруларымыз Қыз Жібек пен Баянды, Еңлік пен Ақжұністі елестеткендей болды. Ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдар аруларымызды хор қызындай үкілей түскен. Көздің жауын алған сұлулық «Пай-пай, қазақтың арулары-ай» дегізеді.

Бойжеткендермен ере шыққан бозбалалар ерте заманның сал-серілерін көз алдыға келтіріп, сыңғырлай шыққан күлкі мен дамбыра асынған жарасымды жастар сахнаға көрік берді. Қыздарымыздың байқаудың таныстыру кезеңін қыз-жігіт айтысымен ұластырып, жөн сұрасуы өтті сәтті шықты.

Таныстырудан белгілі болғандай ақтық сынға журналистика факультетінің 1 курс студенті Ирина Тен, журналистика факультетінің 3 курс студенті Елдана Рахимова, физика факультетінің 1 курс студенті Әсем Шойбекова, география факультетінің 2 курс студенті Арай Тоян, химия факультетінің 1 курс студенті Меруерт Жақсығали, шығыстану факультетінің 2 курс студенті Толқын Мырзакимова, филология факультетінің 1 курс студенті Әйгерім Әшірәлі, экономика және бизнес факультетінің 1 курс студенті Арайлым Нұрханова, заң факультетінің 3 курс студенті Ардақ Алтынбекова, биология факультетінің 1 курс магистранты Меруерт Донбаева, философия және саясаттану факультетінің 3 курс студенті Меруерт Шабден, механика және математика факультетінің 1 курс студенті Ақмарал Тубетова, халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенті Іңкәр Аманкелді, тарих факультетінің 2 курс студенті Әйгерім Баянова сияқты аруларымыз келген екен. Осылайша таныстыру сәті де өтті.

Ендігі кезек ана тілдің керемет көркемдік ерекшелігін көрсететін поэзиялық композиция жасау бөліміне жетті.


25.10.2010 «ЖАҢА ДІНИ АҒЫМДАР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БІРЕГЕЙЛІГІН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ Алматы, Қазақстан, 2010 жыл, 26 қазан.

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 2010 жылдың 26 қазанында философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Құдайбергеновтың 65 жылдығына және дінтанулық білім берудің 10 жылдығына арналған «Жаңа діни ағымдар және қазіргі Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Қазіргі Қазақстан қоғамының рухани әлеуметтік дамуындағы жаңа діни ағымдардың рөлін, олардың ұлттық және мемлекеттік бірегейлікке ықпал ету деңгейін анықтау. Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың қалыптасуы мен даму жолдарын, ілімдік және ғұрыптық ерекшеліктерін талдау арқылы, олардың қоғамдық санаға, ұлттық және мемлекеттік бірегейлікке ықпал-әсерлерін айқындау.

КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ:

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Ø Б.Қ.Құдайбергенов және қазіргі қазақстан қоғамының рухани-діни ізденістері
  • Ø Қазақстандағы жаңа діни қозғалыстар: мәні мен мәселелері
  • Ø Жаңа діни ағымдардың таралыуының әлеуметтік–саяси және этнопсихологиялық факторлары
  • Ø Жаңа діни ағымдар және олардың ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері

22.10.2010 Ғылым мен инновация арасындағы көпір

22 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Болашақтың ғылымы» атты халықаралық ғылым және білім конгресі өтті. Конгресті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов алғы сөзімен бастап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқыды. Және конгресс қатысушыларына сәтті нәтиже мен жеміс тіледі.

Конгреске Еуразиялық Одақтың Қазақстандағы басшысы, елші Норберт Жюстен, Сенатор, Қаржы Комиссиясының вице-президенті, Франция Республикасы Президентінің Франция мен Орталық Азия арасындағы саяси және экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі арнайы өкілі Эмери де Монтескью Ферензака, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов және қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары, Ұлттық Ғылым академияларының президенттері, Еуразиялық университеттер қауымдастығына мүше басқа да оқу орындары мен ТМД мемлекеттерінің белгілі ғалымдары қатысты.

Университеттердің Еуразиялық қауымдастығы аясында өткен конгресте жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту, инновациялық серпілісті қамтамасыз ету, интеграциялық үдерістегі интеллектуалдық элитаның қызметін біріктіру, нық экономикалық өсуді қамтамасыз етуге арналған ғылым және білім бағдарламалары мен технологияларын жетілдіру мәселелері қарастырылды.


22.10.2010 Участникам Международного научно-образовательного конгресса «Наука будущего»

АСТАНА, АҚОРДА22/10/2010

Нурсултан Назарбаев

Участникам Международного

научно-образовательного конгресса

«Наука будущего»

Дорогие друзья!

Сердечно приветствую вас на Международном научно-образовательном конгрессе «Наука будущего», который проводится по инициативе Евразийской ассоциации университетов.

В условиях посткризисного развития на первый план выходит способность ведущих образовательных и исследовательских центров быть эффективным ядром национальных и инновационных систем. Возрастает значимость широкого международного сотрудничества, обмена достижениями и передовыми технологиями.

Казахстан, последовательно продвигая идеи Евразийской интеграции, был и остается активным сторонником формирования единого интеллектуального пространства, тесного взаимодействия ученых разных стран.

Убежден, что проведение Международного научно-образовательного конгресса, на котором представлены академические круги и научно-исследовательские центры 25-ти стран Европы, Азии и Америки, станет важным шагом в достижении этих целей.

Желаю участникам форума плодотворных дискуссий и продуктивных решений, направленных на укрепление партнерства, повышение роли науки и образования в инновационном развитии наших стран.


21.10.2010 “ҚазҰУ түлегі қарашаңырақтың ғылыми кітапханасына” акциясы басталды

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “ҚазҰУ түлегі қарашаңырақтың ғылыми кітапханасына” акциясы басталды.

Осы шара аясында түлектер өз авторлығындағы немесе жеке кітап қорынан кітаптарын университет кітапханасы қорына ұсына алады. Кітаптар механика- математика факультетінің ғимаратында және университет кітапханасының абоненттік бөлімшесінде қабылданады.

Акция ұйымдастырушылары ұсынылатын кітаптардың тізімін жасап, тапсырушы өзінің мекен-жайын, аты-жөнін, факультетті аяқтаған жылын және байланыс телефондарын толық көрсетуді өтінеді. Акцияның бірінші бөлімінің қортындысы 2010 жылдың 19 қарашасында өтеді. Оны Университеттің Түлектер қауымдастығы қадағалайды.


20.10.2010 «Ана тілі» аруы-2010» байқауының финалдық шоу-кеші жақындап келеді

Қыркүйектің 21-і басталған бұл сайыстың кастингісі барша ҚазҰУ қыздарын елең еткізбей қоймады. Ажарына көркі сай сұлу да сымбатты, өнерлі де парасатты жүзден астам арулар келіп бағын сынады. Іріктеудің екінші кезеңіне өз өнерін үздік көрсеткен 40 қыз қатысып, олардың 20-сы ғана байқауымыздың келесі кезеңіне жолдама алды.

«Ана тілі» аруы» байқауының бұл кезеңі «Ұлттық тағамдар жәрмеңкесіне» арналды. Төрешілеріміз қыздарымыздың он саусақтарынан бал тамған өнерлерімен қоса, тағамның дайындалу жолдарын дұрыс таныстыру және тағамдарын барынша жоғары бағамен сату қабілетін де байқай алды. Барлық факультеттің өкілі қатысқан «Ұлттық тағамдар жәрмеңкесінен» түскен қаржыны арулар қайырымды іске жұмсап, №1 балалар үйіне барып қайтты.

Бұдан кейін рухани демалыс орны Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры аруларды «Тұншыққан сезім» атты спектаклімен қарсы алды.


20.10.2010 "Болашақтың ғылымы" атты Халықаралық ғылым және білім конгресі

2010 жылдың 22-23 қазан күндері аралығындаАлматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Болашақтың ғылымы» атты Халықаралық ғылым және білім конгресі өтеді.

Конгрестің үлкен ауқымда өтуіне Еуразиялық университеттер ассоциациясының президенті В.А. Садовничи мен ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов бастама жасады, Қазақстан Республикасының Президенті қолдау көрсетті.

Конгресс баяндамашылары: Еуразиялық Одақтың Қазақстандағы басшысы, елші Норбер Жустен, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, РҒА академигі В.А.Садовничий, ҚР Білім және ғылым министрі ҚР ҰҒА академигі Б.Т.Жұмағұлов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.

Конгресс Университеттердің Еуразиялық қауымдастығы аясында өтеді.

Конгрестің мақсаты – жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту, инновациялық серпілісті қамтамасыз ету, интеграциялық үдерістегі интеллектуалдық элитаның қызметін біріктіру, еуразиялық консолидация шеңберіндегі азаматтардың жағдайын жақсарту мен нық экономикалық өсуді қамтамасыз етуге арналған ғылыми және білім бағдарламалары мен технологияларын дамыту, жетілдіру мәселелерін қарастыру болып табылады.

Конгресс жұмысына 65 жоғары оқу орындарының ректорлары, 7 Ұлттық Ғылым академияларының президенттері, университеттердің Еуразиялық университеттер ассоциациясына мүшелер, шетел және ТМД мемлекеттерінің белгілі ғалымдары мен мамандары қатысады.


18.10.2010 Әл-Фараби атындығы ҚазҰУ-дың көшбасшылық лекциялары

ҚазҰУ-дың барлық факультеттерінде Қазақстан Республикасы ғылым және саяси элитасының, қазақстандық бизнес-бірлестігі белгілі өкілдерінің көшбасшылық дәрістері өтеді. Дәрістер қазіргі замандағы ғылым және қызметтің әр түрлі саласындағы тақырыптарға, кәсіптік саладағы нақты тәжірибеге, көшбасшылықтың дамуына орай жана көзқарастарға арналады.

Қазан айында – Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы, ҚР парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есім, Бас консул, Алматыдағы Корея Республикасы өкілдігінің басшысы Ши Хён Ын, «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамының президенті Айтбаев Өмірзақ Айтбайұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС редакторлар кеңесінің төрағасы, Бас директор Жұмабек Кенжалин, Фридриха Эберт атындағы халықаралық қорының координаторы Вульф Лапинс, Красноярск Университетінің ректоры Дроздов Николай Иванович, ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Рогов Юрий Иванович сияқты мамандардың дәрістері өтеді.


18.10.2010 Ректор тарих факультетінің ұжымымен кездесті
15.10.2010 ҚазҰУ-дың «Үздік жатақханасы» анықталды

15 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Үздік жатақхана» фестивалі қорытындыланып, «Үздік жатақхана» анықталды. Аталмыш байқау ҚазҰУ мен «Нұр Отан» ХДП ұйымдастыруы негізінде жүзеге асты.

Студенттің оқу үдерісінен кейінгі уақыт бөлігі екінші үйі –жатақханада өтетіндігін ескерсек мұндай байқау өте маңызды болып табылады. Себебі үздіктер бәсекелесетін жерде сапа да болмақ. Осы орайда «Үздік жатақхана» фестивалі «Үздік қабат», «Үздік бөлме», «Үздік староста», «Үздік студенттер кеңесі» және «Үздік жатақхана меңгерушісі» сияқты кезеңдерді қамтыған. Студенттік өмірдің үздіктері атану үшін ҚазҰУ қалашығының 13 жатақханасы өзара жеңісті бәсекеге түсті. «Үздік бөлме» номинациясында 1540 бөлме бақ сынасса, «Үздік староста» сайысына 77 староста сайысқа түсіп, 77 қабаттың «Үздік қабаты» анықталды. Сонымен қатар «Үздік жатақхана меңгерушісі», «Үздік студенттер кеңесінің төрайымы» да осы фестиваль аясында нақтыланды. Арнайы аталымдар бойынша талапқа сай келген үміткерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.