- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
15.09.2010 ҚР Қорғаныс министрі ҚазҰУ-дың әскери кафедрасын көруге келеді
17 қыркүйек, сағат 11.30. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков келеді. Қорғаныс министрі сапардың басым уақытын запастағы әскери қызметкерлерді дайындайтын заманауи ірі орталық болып табылатын ҚазҰУ-дың әскери кафедрасына арнайды. Сапар барысында Ә.Жақсыбеков әскери кафедраның тыныс-тіршілігімен, оның техникалық жабдықтарымен және оқу-әдістемелік құралдарымен, әскери мамандарды дайындау барысындағы сапа мен деңгейін бақылайтын болады.
14.09.2010 2010-2014 жылдарға арналған технологиялық модернизация және инновациялық даму бағдарламасы талқыланды
14 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2010-2014 жылдарға арналған технологиялық модернизация және инновациялық даму бағдарламасы талқыланды. Кезектен тыс өткен бұл жиында ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов, ҚР ЖОО қауымдастығының президенті Рахман Алшанов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, «Дасу» АҚ вице-президенті Қағазбек Еренчинов, Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Мәкен және тағы да басқа бірнеше ғалымдар бас қосты.
10.09.2010 «Мұнайгаз кешенінің ғылыми-техникалық дамуы» атты VІІІ Халықаралық ғылыми Надыров оқулары
Халықаралық ғылыми Надиров оқулары ғылыми жұмыстар мен инженерлік шығармашылықты және оқу үдерістерін заманауи жетелдіру мақсатында 2001 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бұл шара Атырау, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда және Оралда ұйымдастырылады. Сондай-ақ Қазақстанның жетекші университеттері мен жоғары оқу орындарынан басқа шетелде де аталмыш шара орын алады. 2006 жылы Надиров оқулары маңызды қоғамдық құбылыс ретінде Ресей ғылым академиясының Сібір бөліміндегі (Томас қаласы) Мұнай-газ институтында өткізілді. Жарқын әрі өзекті жағдайға орай аталмыш университеттегі үлкен дәрістік аудиториялар бүгінде Надиров есімімен аталады.
09.09.2010 Польшадағы Адам Мицкевич университетінің Білім және халықаралық ынтымақтастық жұмысы бойынша проректоры Яцек Виткость бастаған делегация ҚазҰУ-ға келді
9 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Польшадағы алдыңғы қатарлы білім ордасы Адам Мицкевич университетінің білім және халықаралық ынтымақтастық жұмысы бойынша проректоры Яцек Виткость, Қазақстандағы Польша Республикасының елшісі, Шығыстану Институының профессоры Марк Гавецкий, Адам Мицкевич университетіндегі азиятану кафедрасының профессоры Хенрык Янковский және Алматыдағы Польша Республикасы Бас консульствасының вице-консулы Юстина Афек арнайы сапармен келді.
08.09.2010 ШЫҰУ – білімдегі ұтқыр байланыс кепілі
8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстандағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және ТМД елдерінің желілік университетін құрайтын жоғары оқу орындары басшыларының кезекті мәжілісі өтті. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орын алған бұл мәжіліс осымен екінші рет өткізіліп отыр. Астанада өткен алғашқы бас қосуда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстандағы ШЫҰ және ТМД Желілік университетін құрайтын ЖОО басшыларының есебі тыңдалып, 2010 жылы пилоттық жобаларды іске асыру, ШЫҰ және ТМД-ның Желілік университетінде оқу гранттарын бөлу мәселелері талқыланған болатын.
07.09.2010 «KAZENERGY» ҚазҰУ студенттерін шақырады
«KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ жəне энергетика кешені ұйымдары Қауымдастығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерін PETROBILIM халықаралық байқауына қатысуға шақырады.
«KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ жəне энергетика кешені ұйымдары Қауымдастығы қазан айының 5-6 жұлдызында Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайында «Еуразияның энергетикалық картасы: тәуекел және тың мүмкіндіктер» атты KAZENERGY 5-ші Еуразиялық Форумын өткізеді. Форум шеңберінде Қазақстанда алғашқы рет PETROBILIMтм халықаралық байқауы өтеді – мұнай саласындағы білімді тәжірибеде қолдану байқауына Қазақстан, Норвегия, Ресей, Ұлыбритания елдерінің жоғарғы мектеп өкілдерінен құралған 125 команда қатысады. Байқауға: экономика, қаржы, менеджмент, юриспруденция, ақпараттық жүйелер және т.б. мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер қатыса алады.
07.09.2010 ҚазҰУ ғалымдарының қатысуымен ЮНЕСКО- ның 2010 жылғы халықаралық семинары өтті
ЮНЕСКО Ассамблеясы 2010 жылды “Бүкіл әлемдік биологиялық алуан түрлілікті сақтау” жылы деп жариялады.
Осы шешімге сәйкес 2010 жылдың мамыр айында Алматы қаласында Орта Азия елдерінің ЮНЕСКО кластерлық бюросы “Биосфералық қорлардың номинациясы және транс шекаралық биосфералық аймақтарды ұйымдастыру туралы”семинар тренингті өткізді. Семинарды қолдаушылар “Адам және биосфера” бағдарламасының секретариаты және ПРООН-ның ГЭФ проектісі.
06.09.2010 Құрметті талапкерлер!
Үшінші республикалық «Әл-Фараби» олимпиадасына қатысуға тіркеу басталды. Олимпиадаға тіркелу міндетті болып табылады.
06.09.2010 Огайо университетінің профессоры Дэвид Моулд жас журналистерге дәріс оқиды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде 6-10 қыркүйек аралығында Огайо университетінің профессоры Дэвид Моулдтың басшылығымен жас оқытушыларға, магистранттар мен PhD докторанттарға, аудандық журналистерге арналған «Ақпарат жинау, репортаж дайындау және мақала жазу» тақырыбында дәріс өтеді. Дэвид Моулд – журналистерге арналған UNESCO-ның «Журналистика бойынша оқу бағдарламасының моделі» атты оқу құралын құрастырушылардың бірі.
06.09.2010 Қытай Коммунистік партиясы ОК хатшылығы, ҚКП ОК Насихат бөлімінің министрі Лю Юньшанның ҚазҰУ-ға сапары
3 қыркүйекте Политбюро, Қытай Комунистік партиясы Орталық комитетінің секретариаты, ҚКП ОК насихат бөлімінің министрі Лю Юьншан мырза бастаған Қытай делегациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келді. Сапар барысында қытайлық өкілдерге ҚазҰУ-дың тыныс-тіршілігінен ақпарат беріп, ҚХР университеттері арасында орналасқан тығыз әріптестік жайында мәлім еткен ректор Бақытжан Жұмағұлов: «ҚазҰУ-да мың шақты Қытай азаматы білім алады. Біздің университет алдағы уақытта бұл елімен ғылыми-зерттеу бағытындағы әріптестікті нығайта түседі», - деген пікірін жеткізді. Сонымен қатар ҚКП ОК насихат бөлімінің министрі Лю Юьншан мырзаға «Бәйтерек» сыйлығын ұсынып, иығына шапан жапты.