Жаңалықтар

Жаңалықтар


04.09.2010 2010-2014 жылға арналған Бағдарлама

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласының жоғары оқу орындарының ректорлары, ҒЗИ директорлары, ғылыми орталықтар мен мекеме жетекшілерінің қатысуымен 2010-2014 жылғы ғылым, инновация және технологиялық модернизацияны дамыту бағдарламасы талқыланған болатын.


02.09.2010 Политбюро, Қытай Комунистиік партиясы Орталық комитетінің секретариаты, ҚКП ОК Насихат бөлімінің министрі Лю Юньшан мырза бастаған Қытай Коммунистік партиясы делегациясының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапары

3 қыркүйек, 2010 ж. сағат 17.00 Алматыға Политбюро, Қытай Комунистік партиясы Орталық комитетінің секретариаты, ҚКП ОК насихат бөлімінің министрі Лю Юьншан мырза бастаған Қытай делегациясы келеді. Сапардың мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының әріптестік байланысын одан әрі дамытып, “Нұр Отан” ХДП мен Қытай Комунистік партиясы арасындағы әріптестік Меморандумын нығайту.

Бағдарлама бойынша 23 адамнан құралған қытайлық делегация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келеді. Мұнда делегация жетекшісі Лю Юньшан мен ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов арнайы кездесіп, экономика және әлеуметтік сала негізінде екі жақты әріптестік пен байланыс мәселелерін қарастырады. Қонақтардың келуі делегация мүшелері мен университет ұжымының, сонымен қатар “Нұр Отан” Халықтық-Демократиялық партиясы мүшелерімен кездесуге жалғасады.


02.09.2010 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Шаяхметова Үміт Болатханқызы экономика және бизнес Жоғарғы мектебінде көшбасшылық лекция оқыды

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Болатханқызы Шаяхметованың көшбасшылық лекциясымен еліміздегі ең мәртебелі факультеттердің бірі – ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғарғы мектебінің жаңа оқу жылы басталды. Университетте оқу жылын мемелекетте және шет елде кәсіби шеберлігімен танылған тұлғалардың лекциясыменбастау жылдан-жылға дәстүрге айналып барады.

Лекция негіздік білімге, басқарма қызметіне, кәсіпшілік сферадағы тәжірибеге, бүгінгі қоғамда көшбасшылықты дамыту жөніндегі жаңа көзқарасқа арналған. Атақты лектор студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, болашақта көшбасшы болуға көмектесетін арнайы ұсыныстары мен көшбасшының бойында болатын қасиеттерді дамытуға атсалысатын ақыл-кеңестерін берді.

Білімді студенттердің аудиториясы, мықты оқытушы-профессорлық ұжымы, экономика және бизнес Жоғарғы мектебінің жоспарларының көлемділігі Үміт Болатханқызына өте үлкен әсер қалдырды. Студенттер қөшбасшылық лекцияға, еліміздің басты бизнесвуменнан кәсіпшілік туралы тыңдау жаңа мүмкіншілігіне разы болды. Лектор ҚазҰУ-мен мықты серіктік қарым-қатынастың одан әрідамуына үміт білдірді.


01.09.2010 Үздік университет ректоры “элиталы гвардияға” дәріс оқыды

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім күні ректор, академик Бақытжан Жұмағұловтың “Университет әлемдік инновациялық үдерісте” атты бас дәрісімен басталды. Студенттер сарайына жиналған 2 мың тыңдарманға қазақстандық жоғары оқу орындары жетекші университетінің ректоры, академик Бақытжан Жұмағұлов дәріс оқыды. Бас дәрісті бакалавр, магистрант, PhD докторлары мен оқытушы-профессорлар құрамы, 750-ден астам «Алтын белгі» иегері, 150-ден астам халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары, 1000-ға жуық мемлекеттік және 90 ректорлық грант иегері тыңдады.

Ректордың айтуынша, университетке биыл қабылданған студенттер мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар шыққандар. Себебі жоғары да атап өткеніміздей, бұл жылы университетке қабылданған студенттердің басымы “Алтын белгі” және республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарынан құралған. Осы орайда Бақытжан Тұрсынұлы бірінші курс студенттерін “элиталы гвардия” деп атады. Енді ғана ҚазҰУ студенті атанып, зор мақтанышқа ие болған жастардың студенттік алғашқы оқу жылын өзінің дәрісімен бастаған ректор: “ҚазҰУ студенттері білім туын шайқалтпай биік көтеріп келеді. Біздің студенттер бәсекеге төтеп берер жастар. Құрметті элиталы гвардия, сіздерге білім кеңістігінде сәт сапар тілеймін. Бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей – ҚазҰУ түлектері қазақстандық элита тобын қалыптастырушы инттеллигент өкілдері. Ендеше алдыңғы буын жолын жалғап, зиялы қауымды қалыптастыратын буын сіздер боласыздар. Қазақстанды 2030-ға жеткізетін, сол дамыған қоғамды бәсекеге қабілетті ететін де сіздер”, - деп жастарға Мағжанша сенім артты.


31.08.2010 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде ҚР Конституциясының 15 жылдық мерейтойына арналған «Ата заң және бүгінгі Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде ҚР Конституциясының 15 жылдық мерейтойына арналған «Ата заң және бүгінгі Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті. Философия және саясаттану факультетінің деканы ф.ғ.д., профессор Ақтолқын Құлсариева алғы сөз алып, қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа негізгі Ата Заңы бойынша, азаматтардың өз құқықтарын жүзеге асыру үшін және қоғамды әрі қарай демократияландыруға жаңа сапалы құқықтық кеңістік қалыптасты. Бүгінде 15 жылды еңсеріп отырған ата заң еліміздің өркендеуі мен қауіпсіздігінің артуына кепіл болып отыр.

Осы орайда саясаттану кафедрасының меңгерушісі с.ғ.д., профессор Ләйлә Мұрзалықызы: “ҚР егемендік жариялаған жылдардан бастап өзінің ресми саяси бағыты ретінде демократия мен құқықтық мемлекет және нарықтық экономика құруға бағытталған қоғамдық және мемлекеттік қатынастарды реформалауды таңдады. Осы уақыттан бастап елде кеңестік саяси жүйеден жаңа мемлекеттілікке өту бағыттары анықталды. Оның негізі ретінде демократиялық қағидалар басшылыққа алынды. Қазіргі таңда отандық сарапшылар «Қазақстандық феномен» туралы айтуда. Оның мәні қазақстандық саяси даму үлгісі, ал мазмұны Қазақстанның саяси тарихи факторлары. Олар елдің тұтастығының кепілі мен саяси реформалардың сәттілігі болып табылатын мемлекеттің унитарлық сипаты; халықшаруашылық кешенінің әлеуметтік-экономикалық модернизациясы және Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы; саяси тұрақтылық және этникааралық келісім; ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы мәселелеріне объективті және уақытылы жауап беру; көпвекторлы сыртқы саясат және Қазақстанның жаңа геосаяси шынайылығы мен халықаралық аренада дербес субъект ретінде құрылуы” – , деген пікір айтты.


28.08.2010 Оқу жылы қазақстандық және отандық көшбасшы кәсіпкерлік қоғамдастығының дәрісімен басталады

2010 жылдың 1 қыркүйегі. Еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биылғы оқу жылы көшбасшылық дәрістерімен басталады. Оқу жылын мемелекетте және шет елде кәсіби шеберлігімен танылған тұлғалардың дәріс оқуы жылдан-жылға дәстүрге айналып барады.


27.08.2010 Ректор гранты табыс етілді

26 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректор грантының иегерлері анықталды. Биыл ректор грантының иегері былтырғыдан қарағанда бес есе артып, 90 балаға ҚазҰУ ректорының гранты табыс етілді.


25.08.2010 Конституция – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі

24 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы, мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедралары бірлесе отырып «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл: теория мен тәжірибенің мәселелері» атты тақырыпта алқалы жиын өткізді. Алқалы отырысты ҚазҰУ-дың Даму және құқықтық мәселелері жөніндегі проректоры Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы басқарды. Жиында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми академиясының академигі, з.ғ.д.., профессор С.С.Сартаев, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми академиясының академигі, з.ғ.д.., профессор С.Н.Сабикенов бастаған отандық жетекші заңгерлер мен саясаткерлер ата заң төңірегінде пікір алмасып, ой бөлісті.


24.08.2010 ҚазҰУ-ға Бейрут университетінің өкілдері келді

24 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне американдық Бейрут университетінің өкілдері келді. Олардың қатарында Бейрут университетінің сыртқы аймақтық бағдарламалар бойынша вице-президенті Хасан Диаб пен оның көмекшісі Джордж Фараг және медицина факультетінің деканы Гассан Химаде бар. Шетелдік әріптестерді ҚазҰУ-дың Оқу жұмысы жөніндегі проректоры Орынханов Мұрат Кәдесұлы қарсы алды.


23.08.2010 Заманауи зертханалар әлемдік маман қалыптастырады

23 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінде заманауи үлгідегі 15 шақты оқу зертханасының тұсауы кесілді.

2010 жылы «ҚазҰУ-дың Үздік факультеті» байқауында жеңімпаз атанған химия факультеті 2010-2011 оқу жылын да толағай жетістікпен бастады.

Аталмыш факультет мемлекеттік білім гранты негізінде оқуға қабылдаған 405 білімгердің 36-сы «Алтын белгі» иегері. Сонымен қатар факультет кейбір мамандықтар бойынша жалпы мемлекеттік тапсырыстың 50 пайызын иеленді.

Былтыр ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев химия факультетінің жаңа оқу ғимаратының тұсауын кескен болатын. Ал бұл жылғы жаңа оқу үдерісінде химия факультеті соңғы үлгіде жабдықталған заманауи 20 шақты ғылыми-оқу зертхананың ашылуына куә болды.

Осы орайда университет ректоры, академик Бақытжан Тұрсынұлы:

- «Химиялық зерттеулер үшін қолайлы болып табылатын жаңа құралдармен жабдықталған бұл факультет жаңа мыңжылдықта бәсекеге қабілетті маман-кадрлар дайындап шығатынына сенімдіміз. Заманауи үлгідегі зертханалар мен аудиториялар Интеллектуалды ұлтты дайындауға да өз үлесін қосады деп ойлаймын. Біздің еліміздің әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін біз мықты мамандар дайындауымыз керек. Ендеше бүгін химия факультетінде ашылып отырған зертханалар химия саласының мықты ғалымдары мен мамандарын дайындауға себеп болады», деген пікірін ортаға салды.