Жаңалықтар

Жаңалықтар


21-там-10 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі агенттік делегациясы келді (TIKA)

19 тамызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі агенттік делегациясы келді. (TIKA). Ынтымақтастық және дамыту жөніндегі Түркиялық ірі Басқарманың әлемнің 20 елінде бөлімшелері бар. Олар Африка, Азия, Еуропа елдерінде жұмыс істейді.

Делегацияны Қазақстандағы TIKA жетекшісі, бағдарлама үйлестірушісі Омер Коджаман, Бас басқарманың минералды ресурстарды зерттеу және іздеу жұмыстары бойынша жетекшісі Мехмет Узер және оны орынбасары Джошар Юсуф Зия, сонымен бірге аталмыш басқарманың жетекші инженері Сумер Энгин Онджу басқарды.


18-там-10 18 тамыз – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Бақытжан Жұмағұловтың туған күні.

Құрметті Бақытжан Тұрсынұлы!

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Сізді шын жүректен туған күніңізбен құттықтайды!!!

Сіздің жетекшілігіңізбен соңғы аз ғана уақытта университет түбегейлі өзгеріп жаңа белеске көтерілді. Университет сенімді түрде жалпыұлттық, институтаралық және тәуелсіз рейтингтердің көшін бастап келеді.


14-там-10 ҚазҰУ-да оқуға жаңа мүмкіншілік

Биыл ҚазҰУ-дың студенттері мен талапкерлері Мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша Қаржы орталығы ұсынған білім беру несиелерімен пайдалана алады.

Қаржы орталығының бөлімшелер желісі арқылы кез-келген студент, талапкер республиканың барлық аймақтарында білім беру несиесін ала алады. Ұзақ мерзімді несиені түгелдей оқу мерзімінде оқу үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» немесе БҰТ-та 50 балдан кем емес көрсеткішке қол жеткізген талапкерлер, күндізгі бөлімде ақылы түрде білім алып жатқан студенттер мен магистранттар пайдалана алады.


13-там-10 ҚазҰУ Корея Республикасының жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік байланыста

13 тамыз 2010 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Кореяның Мокпо ұлттық университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында аталмыш университеттің электро энергия факультетінің профессоры Ли Джин, Пак Су Ен; IT технология және электроника факультетінің деканы Со Сун Юль, электоро энергия факультетінің профессоры Ким Чанг сан, электро энергия факультетінің деканы Шин Хен-ын, Алматыдағы Корея Республикасы Елшілігінің жетекшісі, Бас Консул, елшіліктегі экономикалық департаменттің директоры Джун Ен-куон бар.

Мокпо ұлттық университеті 1946 жылы құрылған. Университетте 6 факультет бар, бұл факультеттерде 9000-нан аса бакалавр білімгері мен 785 магистрант білім алуда. Сонымен қатар, Макпо ұлттық университеті 13 шетелдік жоғары оқу орынымен әріптестік байланыс орнатып, студенттерді алмасып оқыту бағдарламасын жүзеге асырады. Шетелдік студенттер құжаттарын бакалавр жүйесіне, магистр академиялық дәрежесіне немесе кәріс тілін оқу курстарына тапсыра алады. 1946 жылдың қазан айында Мокпо педагогикалық метебі ашылды. Соңғы бірнеше жылдар ішінде бұл мектеп Мокпо педагогикалық институты деңгейіне дейін көтерілді.


11-там-10 ҚазҰУ – мемлекеттік оқу гранты бойынша да көшбасшы!

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 3200 білім гранты иегерін, оның ішінде 700-ге жуық «Алтын белгі» және 150-ден жоғары халықаралық олимпиада жеңімпаздарын оқуға қабылдап, бұл жылы да қабылдау науқанының көшбасшысы танылды. Қазақстандық жоғары оқу орандары тарихында бұрын сонды мұндай жетістік кездеспеген...


5-там-10 Оқу жылы қазақстандық және халықаралық бизнес-қоғамдастық көшбасшыларының дәрісімен басталады

Еліміздегі жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу жылы 1 қыркүйекте – қазақстандық және халықаралық бизнес-қоғамдастықтың жетекші көшбасшыларының дәрісімен басталады, деп хабарлайды Мансап Секторы. Бұл айтулы дәріс көшбасшылыққа жету, басқару, көшбасшылық келбеті сияқты түрлі тақырыптармен ерекшеленбек.


4-там-10 ҚазҰУ-ға іс-сапармен Малайзия технологиялық университетінің делегациясы келді

2010 ж. 28 шілдеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға іс-сапармен Малайзия технологиялық университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында халықаралық байланыс және академиялық сұрақтар бойынша проректордың орынбасары профессор, д-р Мохд Азрая Касим; академиялық маркетинг жөніндегі директор орынбасары доцент, д-р Нордин Яхайя болды. ҚазҰУ тарапынан оқу жөніндегі проректор Орынханов М., халықаралық ынтымақтастық департаментінің директор қ.а. Болатхан М., биология факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ережепов А. қатысты.


4-там-10 ҚазҰУ студенттерінің қатарына қосылуға дайындық

ҚазҰУ студенттерінің қатарына қосылуға дайындық тамыздың 10-20 күндері аралығында өтеді. ҚазҰУ студенттерінің қатарына ену бойынша бұйрыққа алғашқы болып «Алтын белгі» иелері, «Әл-Фараби», халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары кіреді.


3-там-10 ҚазҰУ-дың студенттері Грецияда да дипломдарды иеленуде.

Өткен демалыста Кипарисияда (Греция) университеттердің волонтерлары арасында жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық турнир өтті. Турнирдың димпломын экономика және бизнес факультетінің 4 курс студенті Ермұрат Жамалбаев жеңіп алды.


3-там-10 Халықаралық салық салу саласында жұмыс істеу үшін ҚазҰУ-дың ең үздік түлектері керек.

Халықаралық салық салу саласында жұмыс істеу үшін ҚазҰУ-дың ең үздік түлектері керек. Бұл туралы KPMG компаниясының HR–маманы Дариға Кенбаева экономика және бизнес факультеті деканының орынбасарымен кездесу барысында хабарлады.