Жаңалықтар

Жаңалықтар


2-там-10 «Мен – ҚазҰУ-дың түлегімін!» фотобайқауы мәресіне жетті.

«Мен – ҚазҰУ-дың түлегімін!» фотобайқауы қортындыланды. Фото байқаудың жұмысы қайталанбас ерекшелік, эксклюзив, күрделілік, ойдың аяқталуы бойынша бағаланды. Кәсіпқой карьера бойынша автордың әуесқой қолтаңбасы ескерілді. Байқау жұмыстары 2010 жылы шілденің 9-21 күндері аралығында сұрыпталды. Байқауға қатысу үшін 200 мәлімдеме қабылданған. Мәлімдемелерге мансап секторы төрағалық жасап, жеңімпаздарды анықтады.


31-шіл-10 ҚазҰУ үздіктердің үздігі!

ҚазҰУ жоғары білім сапасы бәсекесінде алдына жан салмайтын көшбасшы екендігін Сапалы біліммен қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттіктің Қазақстандағы жоғары оқу орындарының 2010 жылғы рейтингтік көрсеткішін анықтау барысында тағы бір мәрте дәлелдеп берді.


30-шіл-10 PhD докторанттары өз жұмыстарының тезистерін шетелдік университеттерге ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ноттингем Университеттінің екі жақтық қарым-қатынас шеңберінде ҚазҰУ-дың PhD докторанты М.А.Қаратаев Ноттингем Университетінің экологиялық басқарма Орталығында өз жұмысының тезистарын ұсынды.

Зерттеу Рудно-Алтайлық табиғи-шаруашылық жүйесінің қалыптылық дамуының интегралдық бағалауға арналған. Бағалау әдістемесі аумақтың өнеркәсіптік, инвенстициялық, демографиялық потенциалдарын және т.б. қоршаған орта қалыпын сипаттайтын 16 негіздік индикаторлардан тұрады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалауда адам дамуының индекстік көрсеткішіне ерекше назар бөлінеді.


29-шіл-10 ҚазҰУ студенттері 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарына волонтер сертификатын иеленді

Қысқы Азия ойындары Ұйымдастыру комитетінің ұйғарымымен ҚазҰУ-дың ең үздік әрі ең белсенді студенттері 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының волонтерлары болып таңдалды. Бұл жастардың барлығы ағылшын тілін жетік білу, шетелдік қонақтармен тез тіл табысу, сонымен бірге кез келген жұмысты өз бетінше орындап, тың идея ұсыну сияқты волонтерларға қойылатын барлық талаптарға сай келеді.


28-шіл-10 Болашаққа инвестициялар

ҚазҰУ-дың Жұмыс берушілер Кеңесінің бастамасы бойынша білім беру бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аталмыш бағдарлама бойынша грант және стипендия жобалары іске асырылып, экономика және бизнес, биология, химия, механика-математика, заң, халықаралық қатынастар факультеттердің 100-ден аса студенті гранттың иегері болды. Грантты «ҚазМұңайГаз» ҰҚ, «АқтөбеМұңай» АҚ, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» Консорциумы, «Халлибертон» АҚ, «ТенгизШеврОил» АҚ, «Қазатомпром» ҰҚ, «Аджип ККО» АҚ, «KazEnergy», «Казцинк» АҚ, «Халық банк» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Қытай сауда банкі» АҚ және т. б. компаниялар ұсынды.


26-шіл-10 ҚазҰУ-да Британ университеті түлектерінің клубы ашылды

ҚазҰУ жанындағы Британ университеті түлектерінің клубы- коммерциялық емес ұйым болып есептеледі және Ұлыбритания елшілігі мен Британ кеңесі қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Қазіргі уақытта клубта 800 –ге жуық клуб мүшелері бар, олар «Болашақ», Еуропалық кәсіпкерлер ассосациясының түлектерімен жұмыс жасайды.


26-шіл-10 Құжат қабылдау жұмысы қызып тұр!

Мектептегі соңғы қоңырау соғылды, емтихандар аяқталды, мектеп бітіру кеші де көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Жадыраған жаз мен мұндалап тұрғанымен 2010 жылғы түлектер үшін демалыстың ауылы алыста, себебі олар үлкен өмірге қадам аттағалы тұрған – жас талапкерлер. Олар үшін дәл қазір ішер асын жерге қояр үлкен сұрақ –болашақ мамандығы мен жоғары оқу орнын қателеспей таңдау.

23 шілдеден бастап еліміздегі жоғары оқу орындарында, соның ішінде ҚазҰУ-да мемлекеттік білім грантын жеңіп алу үшін құжаттар қабылдана бастады. Осы орайда қабылдау жұмыстары қалай өтуде деген қызығушылықпен біздің университеттегі құжаттарды қабылдау комиссиясына ат басын бұрдық.


23-шіл-10 Жұмыс берушілер ҚазҰУ-дың мамандарды дайындау сапасын жоғары бағалайды

Ұлттық аккредатциялау орталығы Қазақстан Республикаксы жоғары оқу орындарының бакалавр білім сатысында маман дайындау рейтингісінің жалпыұлттық қортындысын жариялады. Нәтижесінде алға шыққан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 29 білім бағдарламасы талаптары бойынша көшбасшы танылып, бірінші орынды иеленді.


23-шіл-10 ҚазҰУ-дың Сұлулық ханшайымы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аруы – Альмира Тұрсынбаева ең беделді университетаралық «Студенттік ару 2010» және «Miss University 2010» атты сұлулық және батыл ару байқауында жеңіске жетіп, Алматы қаласының, тіпті Қазақстанның ең ару қыздары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқитындығын тағы бір дәлелдеп, Алматы қаласы студенттерін өз сұлулығына тамсандырып қайтты.


22-шіл-10 ҚазҰУ-да «Жастар тәжірибесі» жобасы қарқынды жүріп жатыр

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Мансап секторы «Жастар тәжірибесі» атты жобаны жүзеге асыруда. Жоба шарты бойынша жоғарғы оқу орын түлектері кез-келген ұйымдарда өз тәжірибесін жетілдіре алады. Тәжірибе жинақтаушыны мемлекет 100% жалақымен қамтамасыз етеді. Ал жұмыс беруші, өз тарапынан тәжірибе өтушіге қосымша жалақы төлейді. Студентті міндеттер ауқымымен таныстырып, болашақта қызмет бабыноңай меңгеруге өзсептігін тигізеді.