- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің белсенді жастары жаз айларында да өз белсенділіктерін танытуда. Оған жастардың 2010 оқу жылының талапкерлерін қабылдау комиссиясындағы жұмыстары дәлел болмақ.

ҚазҰУ-дың территориясында Жастар интернет орталығы қызмет етіп жатыр.

1 маусым мен 1 шілде аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 40-тан астам студенті ҚР Парламент мәжілісінің аппаратында тәжірибеден өтіп қайтты. Студенттерге ҚР Парламентінде тәжірибеден өту мүмкіндігін Қазақстандық университеттердің арасында алғаш болып ҚазҰУ қолға алып отыр. “Көшбасшы мектебі” аясында студенттер Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі сияқты бірнеше үкіметтік мекемелерде тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады.
21.07.2010 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ШЫҰ-ның басты университеті: қазіргі жағдайы және болашағы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ШЫҰУ негізінде экология, нанотехнология, аймақтану сияқты үш бағыт бойынша басты университет болып таңдалып алынды. Қазақстан Республикасындағы экология бағытында білім беру бағдарламасы бойынша ҚазҰУ үйлестіруші жоғары оқу орны болып табылады.

20 шілдеде VII жыл сайынғы Жазғы мектеп Америкалық және демократиялық ресурстық орталығы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы НАТО туралы ресурстық және ақпараттық орталық пен Нью-Мексико (АҚШ) университетінің ұйымдастырып, ҚР-дағы АҚШ елшілігі мен Қоғамдық дипломатиялық департаменттің (Брюссель, Бельгия) қолдауымен «АҚШ, НАТО және Орта Азия елдерімен аймақтық қауіпсіз» тақырыбында өз жұмысын бастады.

18 шілдеде ГФР канцлерінің Қазақстанға арнайы іс-сапары аясында Астанада бизнес-форум өтті. Форумға Қазақстан мен Германиядан 300-ден астам компаниялар мен ұйымдар қатысты.

19 шілдеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен кешенді тестілеуге 756 талапкер қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт аренасында университет беделін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, университеттегі студент қауымы арасында футбол ойынын дамыту мақсатында ҚазҰУ қалашығында жаңа футбол алаңының құрылыс жұмыстарын бастап кетті.

Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Студенттік құрылыс жасақтарының арасында футболдан дәстүрлі жарыс өтті.
19.07.2010 Талапкерлер ҚазҰУ-да кешенді тестілеуден өтуде
Талапкерлер ҚазҰУ-да кешенді тестілеуден өтуде